Концерттік бағдарлама «Анаға алғыс. Ана – өмірдің гүлі» Мақсаты: Ана өмірдің гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Студенттердің «сыйластық»



Дата20.12.2023
өлшемі19,5 Kb.
#141356

Концерттік бағдарлама « Анаға алғыс.Ана – өмірдің гүлі»
Мақсаты
: Ана - өмірдің гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Студенттердің «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, жан-жағындағы адамдарына алғыс айта білуге үйрету.Студенттерді аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

1 - жүргізуші:Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Бүгінгі біздің « Анаға алғыс.Ана – өмірдің гүлі» атты концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер! Ризашылық күні адамдар бір-біріне қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі, бір-біріне алғысын айтады.
2 - жүргізуші:Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні. Құрметті ұстаздар, топ студенттерінің атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рахметімізді айтамыз. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.


1 - жүргізуші:«Ана» деген үш әріптен тұратын сөзде өмірдің қаншама асыл қазынасы жатқанын бірі білсе, бірі білмейді.Өмірге ақылдыны,ғалымды, дананы да әкелетін жалғыз ана.Ананың мейіріміндей мейірім, ананың жүрегіндей жүрек жоқ. «Ана –қайнар бұлақ» деген мақал ұлы «Ана» деген сөздің, мән-мағынасын ашып тұрған жоқ па?! Анаң болса асың да алдыңда, махаббат, мейірім, шапағат бесігі де сенде.


2 - жүргізуші: Ана деген-ол өлмейтін махаббат,
Ана деген-ол сөнбейтін шамшырақ,
Ана деген –екі қайтып тумайтын,
Бар әлемге жұлдыздай боп жарқырар-дей отыра.
Ана саған мың алғыс!-дегім келеді.


1-студент.Дильназ
Алғыс күні аталыпты 1-наурыз,
Парыз екен бəріне айту алғыс.
Өмір берген, жан берген, қуат берген,
Аллахыма айтамын мен шексіз алғыс!
Күндіз-түні еркелеткен күнім деп,
Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп.
Ақ жаулығы желбіреген апатай,
1000 алғысын айтады күнің кеп!
2-студент.Аружан
Ұстазым - сөзің асыл баға жетпес,
Əр сөзің мың жыл жүрсе дəмі кетпес.
Шəкіртін баласындай қадірлеген,
Ұстазым, 1000 алғыс та саған жетпес!
Дос дегенің- бауырың, ол сырласың,
Қиналғанда сырыңды айтар мұңдасың.
Шын достыққа тең келмейді ештеңе,
Алғыс айтып, достық жыры жырлансын!


3-студент.Динара
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.


4-студент.Нұрсәуле
Көз ілмей түн ұйқысын төрт бөлген,
Өзіңдей асыл жанды кім көрген.
Алғысым шексіз саған, жаным анам,
Əрқашан тілеуімді тілеп жүрген!
Қашанда қарыздармын, əке, саған,
Əрқашан мейіріміңді төктің маған.
Жүректің арнап ыстық махаббатын,
Əкетай, шексіз алғыс айттым саған!
1 - жүргізуші:
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.
Бүгінгі ризашылық күнін пайдаланып аналарымызға да басымызды иіп, рахметімізді айтамыз! Ән «Мама» (Аида, Назым)
2 - жүргізуші:
Ал сіз тағы кімге, не үшін рахмет айтар едіңіз? Тағы кім рахметке лайықты?
- Әрине әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамдық парызың жан-жағыңа жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып – алғыс айта білу. Сонымен, алғысқа лайықты кімдер?


1-студент:Бүгін бірі наурыздың,
Алғыс айтам бәріңе.
Жүректегі сөзіммен,
Үлкен кіші бәріне!
2-студент:Әкеме алғыс айтамын,
Қорған болғаны үшін!
Анама алғыс айтамын,
Өмір силағаны үшін!
3-студент:Әжеме алғыс айтамын,
Аялы алақаны үшін!
Атамызға мың алғыс
Саналы ұрпақ өсіргені үшін!
4-студент:Суға алғыс айтамын
Тіршілік көзі болғаны үшін!
Достарыма алғыс айтамын,
Қатемді кешіргені үшін!
5-студент:Балаларға мың алғыс,
Қуанышын арнайтын!
Ағайынға мың алғыс,
Жамандыққа бармайтын!
6-студент:Күнге алғыс айтамын
Жылуы мен шуағы үшін!
Жерге алғыс айтамын
Бар тіршілігі үшін!


2 - жүргізуші: Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған меңзейді. Ал,сіздер өз алғыстарыңызды кімдерге жолдар едіңіздер? Ән «Алғыс» (Әсел, Әлия,Нұрай, Аружан)


1 - жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! (Құттықтау открытка)


2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, бүгінгі кешіміздің қонағы болғандарыңыз үшін көп рахмет! Алғыс айту күні мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!
Ән-шашу, би



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет