ҚР ҚН 4.02-01-2011* 8
мерзімінің ұзақтылығын қамтамасыз ету, оларды күтіп ұстауға жауапты тұлғалардың
жұмысында ең бастысы болуы қажет.
5 ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 5.1 Ауаны ішкі жылумен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері
ғимараттың өміршеңдік циклі кезеңінде мына талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі
қажет:
а) микроклиматтың нормаланатын параметрлері және тұрғын, қоғамдық
ғимараттардың және құрылыстардың және әкімшілік мақсаттағы қоғамдық
ғимараттардың (бұдан әрі – қоғамдық ғимараттар), сондай-ақ кәсіпорындардың
әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарының (бұдан әрі – әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардың)
үй-жайларындағы қызмет көрсетілетін аймақтарындағы ауадағы зиянды заттардың
шоғырлануы;
б) микроклиматтың нормаланатын параметрлері және өндірістік, зертханалық және
қойма (бұдан әрі - өндірістік) үй-жайларының жұмыс аймағындағы ауадағы зиянды
заттардың шоғырлануы;
в) жабдықтың және жылумен жабдықтау, жылыту жетдету және ауа баптау
жүйелерінің (бұдан әрі – жылыту-желдету жабдықтарының) жұмыс істеуі кезінде
ғимараттағы шу мен дірілдің нормаланған деңгейі. Осы жабдық орнатылған үй-
жайлардағы жұмыс істеу немесе сынап көру кезінде апаттық желдеткіш және түтінге
қарсы қорғаныс жүйелері үшін белгіленген нормаларға сәйкес шуға жол беріледі;
г) ауаның нормаланатын сапасы;
д) таза үй-жайлардағы ауаның нормаланған тазалығы;
е) желдеткіштен шығарылатын зиянды заттардан атмосфералық ауаны қорғау;
ж) ауаны жылумен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерінің
жөндеум жарамдылығы;
и) ауаны жылумен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерінің
жарылу, өрт қауіпсіздігі.
5.2 Жылыту-желдету жабдығының, ішкі жылытумен, суытумен жабдықтау
жүйелері құбырларының, ауа өткізгіштердің, түтін шығарғыштардың және түтін
құбырларының жылу оқшаулауын:
- күйіктердің алдын алу үшін;
- жол берілетіннен аздау жылу (суық) ысыраптарын қамтамасыз ету үшін
- ылғалдың конденсациясын жою үшін;
- жылытылмайтын үй-жайларда немесе жасанды суытылатын үй-жайларда
салынатын құбырлардағы жылу тасымалдағыштың қатуын болдырмау үшін қарастыру
қажет.
Газдардың, булардың, аэрозольдардың немесе шаңдардың жанып кету қаупін
тудыратын үй-жайларда орналасқан жылыту-желдету жабдығының, құбырлардың, ауа
өткізгіштердің, түтін шығарғыштардың және түтін құбырларының ыстық бетін, олардың
өзінен өзі жанып кету температурасынан төмен жылу оқшаулау конструкциясының беткі
жағындағы температураны қарай отырып оқшаулау қажет. Жылыту-желдету жабдығын,
құбырларды және ауа өткізгіштерді аталған үй-жайларға орналастыруғам болмайды, егер