ҚР ҚН 4.02-01-2011* 5
кезінде (жабдықтан, құбырдан және күн радиациясынан жылудың түсуінің азаюы
бойынша технологиялық және құрылыс іс-шараларын жүзеге асырғаннан кейін) үй-
жайларға түсетін және одан шығатын жылу ағынының әр түрлілігі.
3.21 Жеке жылумен жабдықтау жүйесі: Қажетті жылу жүктемесі360 кВт көп емес
кездегі бір пәтерлі және бұғатталған тұрғын үйлердің, қойма, өндірістік үй-жайлардың
және ауылдық және қалалық елді мекендердің қоғамдық мақсаттағы үй-жайларының
жылумен жабдықтау жүйесі. 3.22 Коллектор: Қабаттардың екі немесе одан көп санынан ауа өткізгішке
қосылатын ауа өткізгіштің учаскесі.
3.23 Ауаны баптау: Адамдардың хал-жағдайы үшін жағымды, оңтайлы
метрологиялық жағдайларды қамтамасыз ету, технологиялық процесті жүргізу,
құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ауаның барлық немесе жеке
параметрлерін (температура, салыстырмалы ылғалдық, тазалық, қозғалыс пен сапа
жылдамдығы) жабық үй-жайларда автоматты ұстау.
3.24 Жергілікті сорғы:Жергілікті сорғылар жүйелерінің ауа өткізгіштеріне
қосылатын және әдетте, технологиялық жабдықтың құрамдас бөлігі болып табылатын
олардың пайда болу орындарындағы зиянды және жарылуға қауіпті газдарды, шаңдарды,
аэрозольдарды және буларды ұстайтын құрылғы (шатыр, борттық сорғы, сорғы шкаф,
ауаны қабылдау қабы және т.б.).
3.25 Үй-жайдағы адамдардың тұрақты келетін орны: Адамдардың үздіксіз 2
сағаттан аса уақыт болатын орны.
3.26 Үй-жайдың микроклиматы:Адам
ағзасына
әрекет
ететін
ауа
температурасының,
ылғалдылығының
және
қозғалыс
жылдамдылығының
үйлесімділігімен анықталатын ішкі үй-жай ортасының жағдайы.
3.27 Сенімділік (құрылыстағы): Ғимараттар немесе құрылыстардың, құрылыс
конструкцияларының немесе олардың бөліктерінің және ішкі инженерлік жүйелер
элементтерінің пайдалану кезіндегі есептік мерзімі ішіндегі талап етілетін функцияларды
орындау қабілеттілігі.
3.28 Тұрақты емес жұмыс орны: Адамдардың үздіксіз ауысымына 2 сағаттан кем
емес немесе жұмыс уақытының 50% кем емес жұмыс істеу орны.
3.29 Қызмет көрсететін аймақ (жұмыс аймағы): Адамдар үнемі келіп тұратын,
түрегеп немесе қозғалыста болатын биіктігі 2 м дейінгі үй-жайдағы және адамдар
отыратын биіктігі 1,5 м үй-жайдағы кеңістік.
3.30 Отқа төзімді ауа өткізгіш (коллектор, шахта): Отқа төзімділіктің
нормаланған шегі бар түтінге қарсы желдеткіштің сору және шығару өзегінің
конструкциясы.
3.31 Микроклиматтың оңтайлы параметрлері: Микроклимат көрсеткіштері
мәндерінің үйлесімі, ол адамға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде ағзаның қалыпты жылу
жағдайын және терморегулятор тетіктерінің минималды кернеуі кезінде үй-жайдағы 80 %
кем емес адамның қолайлы сезінуін қамтамасыз етеді.
3.32 Жылыту: Қолайлы жылу жағдайларымен немесе оларда болып жатқан
технологиялық процестердің талаптарымен анықталатын үй-жайлардағы берілген
деңгейдегі температураны жасанды ұстау.
3.33 Пәтерлер бойынша жылумен жабдықтау:Көп пәтерлі тұрғын ғимараттағы