ҚР ҚН 4.02-01-2011* 6
пәтерлерді жылыту, желдету және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылумен
қамтамасыз ету. Жүйе жылудың жеке көзінен – жылу генераторынан, су алатын
арматурасы бар ыстық сумен жабдықтау құбырларынан, жылыту құралдары бар жылыту
құбырларынан және желдеткіш жүйелерінің жылу алмасуларынан тұрады.
3.34 Тұрақты жұмыс орны:Адамдардың үздіксіз 2 сағаттан аса немесе жұмыс
уақытының 50% аса жұмыс істейтін орны. 3.35 Адамдардың жаппай келу үй-жайы: Адамдардың тұрақты немесе уақытша
келетін (апаттық жағдайлардан басқа), бірден аса адамға үй-жайдың 1 м
2
алаңы келетін
50 м
2
және одан көп алаңы бар үй-жай (залдар мен театрлардың фойесі, кинотеатрлар,
отырыс, жиналыс залдары, дәрісхана аудиториялары, мейрамханалар, вестибюлдар, касса
залдары, өндірістік және б.). 3.36 Табиғи желдеткіші жоқ үй-жай: Сыртқы қабырғалардағы ашылатын
терезелері немесе ойықтары жоқ үй-жай немесе үй-жайдың бес еседен асатын ішкі
қабырғаларынан қашықтықтықта орналасқан сыртқы қабырғалардағы ашылатын
терезелері (ойықтары) бар үй-жай.
3.37 Зиянды заттар бөлініп шықпайтын үй-жай: Жұмыс аймағының ауасындағы
ШРК асатын шоғырлануды болдырмайтын (ауысым ішінде) технологиялық және басқа
жабдықтан ауаға зиянды заттардың ішінара бөлініп шығатын үй-жайы.
3.38 Табиғи жарығы жоқ үй-жай: Сыртқы қоршауларында терезелері немесе
жарық ойықтары жоқ үй-жай.
3.39 Түтінге қарсы қорғаныс: Ғимараттар мен құрылыстардағы өрт кезінде
адамдарға зиян келтіретін әсерлерді болдырмау үшін жанатын өнімдердің таралуын
басқара отырып шектеуді немесе бұғаттауды көлемді-жоспарлау шешімдерінің
элементтерімен үйлестіре қамтамасыз ететін техникалық құралдардың кешені (түтінге
қарсы сору-шығару желдеткішінің автономды жүйелері, талап етілетін өрт-техникалық
сипаттамалары бар арнайы орындаудағы жабдық, автоматты және қашықтықтан басқару
құрылғысы).
3.40 Тікелей буландырып суыту: Ауаны судың рециркуляциясымен суыту.
3.41 Өңдеу: Жанатын материалдан жасалған ғимарат конструкциясымен оның
жанасуының орнына пеш қабырғаларын немесе түтін өзегін (құбыр) қалыңдату.
3.42 Ауаның қайта циркуляциясы:Үй-жайдың ауасын сыртқы ауаға араластыру
және осы қоспаны осы немесе басқа үй-жайға беру (тазалағаннан кейін немесе жылу
ылғалды өңдеуден кейін); қайта циркуляция бір үй-жай шегіндегі ауаны араластыру,
соның ішінде жылыту агрегаттарымен, желдеткіштік топсалармен, желдеткіш-
желпуіштермен және т.б. жылыту (суыту) болып табылмайды.
3.43 Құрама ауа өткізгіш:Бір қабатта салынған ауа өткізгіштерге бірігетін ауа
өткізгіштің учаскесі.
3.44 Жылу сорғысы: Төмен әлеуетті жылу энергиясы көзінен (төменгі
температурадағы) аса жоғары температурадағы тұтынушыға жылу энергиясын
тасымалдау үшін құрылғы.
3.45 Жылу генераторы (қазан): Жылу көзі, ол тұтынушыға бағытталған жылу
тасымалдағышты жылыту үшін отын жанған кезде бөлінетін немесе электр
энергиясының өзгеруі есебінен пайда болатын жылуды пайдаланады.
3.46 Қызулы пеш:Тәулігіне екі рет жаққан кезде үй-жайдағы нормаланған ауа