ҚР ҚН 4.02-01-2011* 20
а) тұрғын;
б) қоғамдық, әкімшлік-тұрмыстық және Д санаттағы өндірістік (кез келген
үйлесімде);
в) А немесе Б санаттарының біріндегі өндірістік үш қабаттан кем емес орналасқан
(бөлек немесе дәйекті орналасқан);
г) В1, В2, В3, В4, Г, Д санаттарының біріндегі өндірістік немесе В4 санатындағы
қоймалардың;
д) үш қабаттан көп емес орналасқан (бөлек немесе дәйекті орналасқан) А, Б, В1, В2
немесе В3 санаттарының біріндегі қоймалар және зат қоятын қоймалар;
е) кез келген үйлесімдегі А, Б, В1, В2 және В3 санаттарындағы өндірістік және кез
келген үйлесімдегі А, Б, В1, В2 және В3 санаттарындағы ауданы 1100 м
2
көп емес
қоймалар;
ж) В4 санатындағы қызмет көрсететін үй-жайлардың ауа өткізгіштеріндегі өртке
қарсы қалыпты ашық қақпаларын орнату жағдайларында В4, Г және Д санаттарындағы
өндірістік және В4 және Д санаттарындағы қоймалардың (кез келген үйлесімдегі)
7.2.8 Желдеткіштің бір жүйесіне үй-жайлардың негізгі тобын басқа топ үй-
жайларымен біріктіре отырып, бір өрт бөлігінің шегіндегі мына үй-жайлардың тобын
біріктіруге рұқсат етіледі:
а) тұрғын үйлерге – әкімшілік-тұрмыстық немесе қоғамдық (басқа нормативтік
құжаттардың талаптарын ескере отырып);
б) қоғамдық үй-жайға (адамдардың жаппай келу үй-жайынан басқа) – әкімшілік-
тұрмыстық, В4 және Г санаттарындағы өндірістік;
в) В4, Г және Д санаттарындағы өндірістікке - әкімшілік-тұрмыстық және қоғамдық
(адамдардың жаппай келу үй-жайынан басқа);
г) А, Б, В1, В2 немесе В3 санаттарының біріндегі өндірістікке – Г санатындағыдан
басқа немесе әкімшілік-тұрмыстық немесе қоғамдық (адамдардың жаппай келу үй-
жайынан басқа) кез келген санаттағы өндірістік (соның ішінде қоймалар мен зат қоятын
қоймалар).
а), б), в) немесе г) бойынша үй-жайлардың тобына басқа мақсаттағы үй-жайлардың
тобына қосылатын жинамалы ауа өткізгіште өртке қарсы қалыпты ашық қақпаны орнату
жағдайларында бір жүйеге біріктіруге рұқсат етіледі.
Үй-жайлардың негізгі тобына жалпы алаңы қосылатын үй-жайлардың жалпы
алаңынан көп үй-жайлардың тобы жатады.
7.2.9 Жалпы сырттан сору жүйелері В1-В4, Г, Д санаттарындағы 11 қабаттан кем
емес (техникалық және жертөлені қоса алғанда) орналасқан зертханалық үй-жайлардың
тобы және кез келген үйлесімдегі әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар үшін рұқсат етіледі;
зерттелетін заттардың жедел қорын сақтау үшін А санатындағы (әр аудан 36 м
2
көп емес)
екіден көп емес (әр түрлі қабаттардағы) қоймаларды оларға біріктіруге рұқсат етіледі.
Аталған үй-жайлардың тобы ауа өткізгіштердегі өртке қарсы қалыпты ашық қақпаларды
орнату жағдайларында бір жүйеге біріктіруге рұқсат етіледі, А санатындағы қызмет
көрсетілетін қоймалардың ауа өткізгішінде жарылыстан қорғау орындауындағы өртке
қарсы қалыпты ашық қақпалары орнатылуы қажет.
7.2.10 Зиян заттардың жергілікті сору жүйелері немесе жарылуға, өртке қауіпі
қоспаларды жалпы алмастырылатын желдеткіш жүйелерінен бөлек болуы керек.