Кондиционерлеу отопление, вентиляция и кондиционирование воздуха



Pdf көрінісі
бет20/82
Дата06.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79864
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82
ҚР ҚН 4.02-01-2011* 
18 
сағат ішінде есіктер арқылы өтетін адамдардың санына байланысты; 
в) жобалауға арналған тапсырма бойынша; 
г) дымқыл режимдегі үй-жайлардың сыртқы есіктері, қақпалары және ойықтары 
жанында; 
д) негізделген кезде – ауаның бір үй-жайдан екінші үй-жайға өтуін болдырмау үшін 
өндірістік үй-жайлардың және ішкі қабырғалардағы ойықтардың жанында; 
е) жобалауға арналған тапсырма бойынша немесе арнайы технологиялық талаптар 
бойынша кондициялай отырып, үй-жайлардың қақпалары, есіктері және ойықтары 
жанында көзделуі керек. 
Мерзімдік әрекеттің аулық және ауа-жылу бүркеулері ауасының және жылуының 
шығыны ғимараттардың ауа және жылу баланстарында ескерілмеуі керек. 
7.1.13 Кесуші ауа бүркеулері зиянды заттардың таралуын болдырмау үшін: 
- зиянды заттардың бөлінуімен сүйемелденетін ашық технологиялық процестер 
кезінде және жасыру құрылғыларының немесе жергілікті сору желдеткіштері мүмкін 
болмаған жағдайда тұрақты жұмыс орындарында; 
- зиянды заттар бөлінетін үй-жайлары арасында көзделуі керек. 
7.1.14 Газды ауа жылытқыштары жобалауға арналған тапсырма бойынша қоғамдық 
мақсаттағы ғимараттардың үй-жайларындағы (балалар мекемелері мен емдеу 
мақсатындағы үй-жайлардан басқа), сондай-ақ 6.4.12 және 6.5.1.10 сәйкес жану өнімдерін 
жойған жағдайда өндірістік мақсаттағы үй-жайлардағы (А, Б, В1 және В2 және А, Б, В1 
және В2 санаттарындағы қоймалардан басқа) ауа жылытуы немесе сорып желдету 
жүйелерінде қолдануға рұқсат етіледі. 
7.2 Жүйелер 
7.2.1 Ауа жылытуымен біріктірілген ауа жылытуы жүйелері және сырттан сору 
желдету жүйелері үшін: 
- ауа жылытқыштары үшін резервтік айналмалы сорғы және желдеткіштер (немесе 
желдеткіштер үшін электр қозғалтқыштары); 
- екіден кем емес жылыту агрегаттары (немесе екі жүйе) керек. Екі агрегаттың 
біріндегі (жүйедегі) желдеткіш қатардан шыққан кезде нормаланғаннан төмен жөндеу 
жұмыстары жүргізілген кезеңде үй-жайдағы ауа температурасының төмендеуіне рұқсат 
етіледі, бірақ жұмыс уақытындағы ауа температурасының рұқсат етілгенінен төмен 
болмауы қажет. 
7.2.2 Табиғи желдетуі жоқ және адамдардың үнемі келетін өндірістік, әкімшілік-
тұрмыстық және қоғамдық үй-жайлары үшін ауа баптау және жалпы алмастыру жүйелері 
сырттан сору және сорып тарату үшін немесе талап етілетін ауа алмасудың әр қайсысы 
50% кем емес ауаны шығындай отырып, екі сырттан сору және екі сыртқа тарату 
құрылғыларынан кем емес резервтік желдеткіштермен (немесе желдеткіштердің 
резервтік электр қозғалтқыштарымен) көзделуі керек. 
Резервтік желдеткіштері бар (немесе желдеткіштер үшін резервтік электр 
қозғалтқыштары бар) бір сырттан сору және бір сорып шығару құрылғысына рұқсат 
етіледі. 
Өрт-жарылу және өрт қауіпсіздігінің бірдей санатындағы шектес үй-жайлары бар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет