ҚР ҚН 4.02-01-2011* 26
7.6 Апаттық желдету 7.6.1 Зиян немесе жанатын газдардың, булардың немесе аэрозольдердің көп
санының кенеттен түсуі мүмкін үй-жайлар үшін апаттық желдеткіш технологиялық және
желдеткіш жабдықтардың апат болу уақыты бойынша сәйкес келмеуін ескере отырып,
жобаның технологиялық бөлігінің талаптарына сәйкес көзделуі керек.
Апаттық желдету үшін ауа шығыны жобаның технологиялық бөлігінің деректері
бойынша қабылдануы керек.
7.6.2 Апаттық желдету А және Б санаттарындағы үй-жайларда механикалық іске
қосылатын болуы қажет.
7.6.3 Апаттық желдету В1-В4, Г және Д санаттарындағы үй-жайларында
механикалық іске қосылатын болуы қажет; жылдың жылы мерзімінде Б есептік
параметрлерінде ауаның талап етілетін есебін қамтамасыз ету жағдайларында табиғи іске
қосылатын болуы қажет.
7.6.4 Апаттық желдету үшін:
а) резервтік желдеткіштері бар жалпы алмасытырылып желдетудің негізгі жүйелері,
сондай-ақ апаттық желдету үшін қажетті ауа шығынын қамтамасыз ететін резервтік
желдеткіштері бар жергілікті сорғылардың жүйелері;
б) 7.6.4 а) көрсетілген жүйелер және ауаның жетіспейтін шығынына апаттық
желдеткіштердің қосымша жүйелері;
в) негізгі жүйелерді пайдалану мүмкін емес немесе мақсатқа сай болмаса апаттық
желдеткіш жүйелері ғана пайдаланылады.
7.6.5 Үй-жайға түсетін газдарды және буларды апаттық желдеткіш жүйелерімен
жою үшін сору құрылғыларын (торлар немесе келте құбырлар) мына аймақтарға
орналастыру қажет:
а) жұмыс – жұмыс аймағындағы тығыздық ауа тығыздығынан көп газдар мен
булардың түсуі кезінде;
б) жоғарғы – аз тығыздықтағы газдар мен булардың түсуі кезінде.
7.6.6 Апаттық желдеткішпен жойылатын ауа шығынын өтеу үшін:
а) ауаның қажетті шығынын қамтамасыз ететін резервтік желдеткіштері бар сорып
тарататын жалпы алмастыратын желдетудің жүйелерін;
б) 7.6.6 а) көрсетілген жүйелер және қосымша ауаның жетіспейтін шығынына
арнайы сорып тарататын желдетудің жүйелерін;
в) ауаның қажетті шығынына механикалық немесе табиғи іске қосылатын арнайы
сорып тарататын жүйелерін;
г) Автоматты ашылатын ойықтары арқылы ағынды ауалардың ағынын пайдалану
керек.