Кондиционерлеу отопление, вентиляция и кондиционирование воздуха



Pdf көрінісі
бет3/82
Дата06.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
ҚР ҚН 4.02-01-2011*
IV 
КІРІСПЕ 
Осы құрылыс нормалары негізгі ережелерді, сондай-ақ меншік формасына және 
ведомстволық тиістілігіне қарамастан экономиканың барлық саласындағы ғимараттар мен 
құрылыстардың жайларындағы жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерін жобалауға, 
салуға және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейді. 
«Ауаны жылыту, желдету және ауа баптау» ҚР ҚН құрылыстың қауіпсіздігін 
қамтамасыз етуге және ғимараттардағы микроклиматтық жағдайларды қамтамасыз етудің 
жаңа жүйелерін пайдалануға және қолданыстағыларды реконструкциялауға бағытталған. 
Осы құрылыс нормаларын жобаланып жатқан мекемелерге белгіленеді: 
- нормативтік талаптардың мақсаты; 
- функционалдық талаптар;
- жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар. 
Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасының нормативтік құжаты ретінде 
міндетті негізде қолданылу үшін қолданылысқа енгізіледі. 
 


ҚР ҚН 4.02-01-2011* 
Ресми басылым 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ 
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
АУАНЫ ЖЫЛЫТУ, ЖЕЛДЕТУ ЖӘНЕ КОНДИЦИОНЕРЛЕУ 
 
HEATING, VENTILATION AND AIR CONDITIONING 
 
Енгізілген күні - 2015-07-01 
 
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ 
Осы құрылыс нормалары ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігі мәселелері 
бойынша техникалық регламенттердің дәлелді базасының нормативтік құжаттарының бірі 
болып табылады және құрылыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың 
техникалық кедергілерін жоюға бағытталған. 
Осы құрылыс нормалары: 
- ғимараттардың жылыту, желдету және ауа баптау жүйелеріне қойылатын 
нормативтік талаптардың мақсаттарын белгілейді; 
- функционалдық талаптарды қалыптастырады
- ауаны ішкі жылумен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерінің 
жұмыс сипаттамаларының ең төмен деңгейін береді. 
Осы құрылыс нормалары: 
- жаңа құрылыс, реконструкция немесе күрделі жөндеу, сондай-ақ қайта қалпына 
келтіру аяқталғаннан кейін пайдалануға енгізілетін, меншік формасына және 
ведомстволық тиістілігіне қарамастан экономиканың барлық саласындағы ғимараттар мен 
құрылыстардың (бұдан әрі - ғимараттар) үй-жайларындағы жылыту, желдету және ауа 
баптау жүйелеріне; 
- ғимараттардың ішкі инженерлік жүйелерінің қондырғысы үшін қолданылатын 
бұйымдарға қолданылады. 
Осы нормалар: 
а) ҚР заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын уақытша 
құрылыстарға; 
б) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын жылыту, желдету және ауа 
баптау жүйелеріне; радиобелсенді заттармен, иондаушы сәуле көздерімен жұмыс істеу 
үшін тағайындалған құрылыстарға; жер асты тау жұмыстары объектілеріне және 
жарылғыш заттар өндірілетін, сақталатын немесе қолданылатын үй-жайларға; 
в) технологиялық процестерге және олардың тағайындалуына қатысы жоқ 
ғимараттар мен құрылыстардың технологиялық жабдықтарына; 
г) технологиялық және электротехникалық жабдықтар үшін арнайы жылытатын, 
суытатын және тозаңсыздандыратын қондырғыларға және құрылғыларға; технологиялық 
жабдықтардан және сорғы қондырғылардан аспирацияға, пневмокөлікке, шаң газды 
жоюға қолданылмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет