Кондиционерлеу отопление, вентиляция и кондиционирование воздуха



Pdf көрінісі
бет9/82
Дата06.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79864
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
ҚР ҚН 4.02-01-2011* 

температурасын қамтамасыз ететін пеш. 
3.47 Транзиттік ауа өткізгіш: Оның қызмет көрсететін үй-жайының немесе үй-
жайлардың топтары шегінде салынатын ауа өткізгіштің учаскесі. 
3.48 Энергетикалық сипаттама (ғимараттың немесе құрылыстың): Ғимараттар 
мен құрылыстарды сипаттайтын, оны жылыту, не суыту үшін энергия тұтынуды 
анықтайтын немесе оған әсер ететін көрсеткіш немесе көрсеткіштердің тобы. 
4 ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 
4.1 Функционалдық талаптардың мақсаты
Осы құрылыс нормаларының функционалдық талаптарының мақсаты үнемділік пен 
төзімділік аспектілерін, адамның өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға зиян 
келтіретін тиімсіз қатерлерді болдырмауды ескере отырып, қауіпсіздік, сенімділік, 
пайдалану жарамдылығы талаптарына жауап беретін ғимараттардың үй-жайларының 
ауасын ішкі жылумен жабыдықтау, жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерін жобалау, 
салу және пайдалану болып табылады. 
4.2 Функционалдық талаптардың міндеттері 
4.2.1 Осы құрылыс нормалары: 
- өндірістің, адамның және қоғамның қазіргі қажеттіліктеріне жауап беретін тұрғын, 
қоғамдық, азаматтық және өндірістік ғимараттарды құрудан; 
- адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігін
қатердің рұқсат берілетін зиянды және қауіпті факторларының алдын алуды қамтамасыз 
етуден; 
- электр қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін, жарылыс қауіпсіздігін, шу және дірілден 
қорғауды, механикалық қауіпсіздігін, лас заттардың әсер етуінен қорғауды, әр түрлі 
сәулелендіру әсерінен қорғауды қамтамасыз етуден; 
- ғимараттардың энергетикалық тиімділігін арттырудан және салу және пайдалану 
кезінде қайта жаңартылатын табиғи ресурстардың шығынын азайтудан тұратын
ғимараттардың ішкі жылумен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерін 
қолдану үшін қойылатын қажетті талаптарды белгілейді. 
4.2.2 Ішкі жылумен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерін «Еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Өрт 
қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне, «Өрт қауіпсіздігіне 
қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне, «Желдеткіш жүйелерінің 
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне, мемлекеттік бақылау 
органдарының нормативтік құжаттарына, сондай-ақ осы нормалардың талаптарына 
қайшы келмейтін жабдықтарды, арматуралар мен материалдарды дайындайтын 
кәсіпорындардың нұсқауларына сәйкес қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жобалау 
қажет. 
4.2.3
Ішкі жылумен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері жарамды 
жағдайда күтіп ұсталуы қажет. Жарамсыз болуының алдын алу және қызмет көрсету 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет