Көне қыпшақ даласында дүниеге келген еңбектердің елтанымдық мәні



Дата28.04.2023
өлшемі48,45 Kb.
#88115

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МӨЖ


Тақырып: Көне қыпшақ даласында дүниеге келген еңбектердің елтанымдық мәні.
Пәні: Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Мамандық: 7М01701- қазақ тілі мен әдебиеті (1-курс)
Магистрант: Құдайберген Гүләйім Даурбекқызы
Оқытушы: Қосымова Гүлбану Сейілбекқызы
(ф.ғ.д., профессор)
АЛМАТЫ, 2023
Қыпшақ тілдерін, оның ішінде қазақ тілінің тағдырын сөз еткенде орта ғасырларда, дәлірек айтсақ, Алтын орда дәуірінде, ХІV ғасырда дүниеге келген жазба ескерткіштер тіліне жүгінеміз. 
Атап айтсақ, олар Құтыптың «Хұсрау мен Шырын», Сеиф Сарайидің «Гүлистан би-түрки», Хорезмидің «Мұхаббат – наме», Махмуд бин-Алидің «Нахдж әл-Фарадис» атты шығармалары. Отандық түркітануда ортағасырлық жазба ескерткіштерді зерттеу ісі Э.Наджип, Э.Фазылов, А.Боровков, А.Щербак, Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықұлы, Ә.Керімов, А.Ибатов cияқты ғалымдардың есімімен тығыз байланысты. Жалпы, ғылымда қалыптасқан көзқарас бойынша, ХІІІ-ХІV ғасырларда Алтын орда мен Мысыр жерінде пайда болған ескерткіштер екі түрлі аралас тілдің бірінде: не қыпшақ-оғыз аралас тілінде, не оғыз-қыпшақ аралас тілінде жазылған (Наджип, Щербак, Баскаков). Дегенмен, қыпшақ-оғыз элементтері аралас келгенмен бір-бірінен алшақ кетпей, бір әдеби дәстүрге бағынған. А.Зайончковскийдің «ХІІІ-ХV вв. сложился единый тюркский литературный или письменный язык», – деген пікіріне сүйене отырып, аталмыш жазба ескерткіштер ортақ, бірегей түркі тілінде жазылған деп айтуға әбден болады. ХІ ғасырдан бастап ХV ғасырларға дейін туыстас тілдердің бәріне ортақ, әр түрлі ру, тайпалардың бәріне түсінікті орта түркі тілі болғаны анық. Ә.Құрышжанов пен Ә.Ибатов «Орта түркі әдеби тілі өз заманында тек қана Орта Азия емес, қазіргі Қазақстан жерінің барлық түкпірі мен солтүстік аймақтағы түркі халықтарын түгел, Еуропа жеріндегі «Дешті қыпшақ» пен Қырым халықтары, тіпті сонау жер ортасы – Мысыр мен Шамды жайлаған мәмлүк қыпшақтарына тән жазба ескерткіштердің бәрін қамтитын, солардың бәріне ортақ әдеби тіл болған», – деп тұжырымдады. Осы орта түркі тілінің сол орта ғасырлардың өзінде-ақ екі үлкен тармағы, қыпшақ және оғыз варианты өзіндік белгілерімен даралана бастаған еді. Тіл тарихы халық тарихымен тығыз сабақтас, экстралингвистикалық жағдайларға тәуелді.
Қазақ тілінің материалдық мәдениет лексикасы қалыптасуының бір арнасы Алтын орда дәуірі мұралары. Осы жазба ескерткіштердің тілінен байқағанымыз, ата-бабаларымыздың баққан малын (ат, бағлан, йылқы, оғлақ, сығыр, тева, қысрақ, қозы, қой) біз де бағып жүрміз. Ал таққан әшекейін (асырға, йүзук) тағып, ыдыс-аяқтарын (айақ, ызыш, бычақ, чанақ, чөмчә, қазған, қашуқ), үй-іші мүліктерін (ачғуч, бешик, йастуқ, йоғурған, кийиз, килим, сипурткә) тұтынып, киген киімдерін (тон, чапан, кәмәр, құр, кафтан, көнләк, бөрк, башпақ) киіп жүрміз. Киім тігілетін материалдарын да (бөз, йүң, чөбрәк, қайыш, атлас, йибек, көн, мамұқ, тәри), еңбек құралдарын да (балта, бурғу, ырғақ, көрүк, тарғақ//тырнауыш, арава, йиб, тузақ, чәләк, қазуқ, қоңырағу) қолданып, ішкен-жеген тамағын да (аш, ет, бал, йоғұрт, сарқут, туз, ун, қаймақ, сүт) ішіп жүрміз. Бұның өзі этномәдени сабақтастықты көрсетеді.
Қорыта айтқанда, осындай тарихи, тілдік және әдеби деректерге сүйене отырып, Алтын орданың бүгінгі басты мұрагері – қазақ ұлты, Қазақстан Республикасы деп тұжырымдауымызға толық негіз бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет