Көнеден жеткен «СӨЗ» жайындағы баян рухани жаңғыру бағдарламасы: 100 кітап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»



бет2/5
Дата21.12.2023
өлшемі92,5 Kb.
#142037
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
КЕННИ

Ағылшын философы Энтони Кенни

Ағылшын оқымыстысы әрі философы Энтони Джон Патрик Кенни 1931 жылы 16 наурызда Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында дүниеге келген. Батыстың көптеген танымал философтары тәрізді бастапқы білімін Римдегі діни семинарияда алған Кенни, 1961 жылы Оксфорд университетінде философия докторы, 1980 жылы әдебиеттану докторы, ал 1987 жылы азаматтық құқық бойынша доктор академиялық дәрежесін алады. Еңбек жолында университет оқытушысы, кітапхана кураторлығы, философиялық қоғамдар мен ғылым академияларының мүшелігінен бастап, Британ академиясының және Корольдік философия институтының президенті, Оксфорд университетінің вице-канцлері лауазымды қызметтерін атқарады. Әр жылдары батыстың Бристоль (1982), Ливерпуль (1988), Глазго (1990), Тринити-колледжі, Дублин (1992), Халла (1993), Шеффилд (1995) және Уорик (1995) сияқты атақты оқу орындарының құрметті докторы, әлемнің Кембридж, Стэнфорд, Колумбия, Эдинбург сияқты алдыңғы қатарлы университеттерінің құрметті профессоры атанған оқымысты ғылым мен философияға сіңірген еңбегі үшін мемлекет және қоғам тарапынан да түрлі марапаттарға ие болған.


Энтони Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы» атты төрт томдық еңбегі 2004-2012 жылдары жазылған. Бұл кітапты жазу идеясына келсек, философиялық шығармашылығында Аристотель мен Акуинолық Томас, Рене Декарт пен Людвиг Витгенштейн философиясын, сондай-ақ сана философиясы мен дін философиясын қамтыған ауқымды зерттеулерімен ғылыми ортада танылған Энтони Кенниге Оксфорд университетінің баспасы тарапынан көне заманнан бастап қазірге дейінгі философия тарихын жазып шығуға қолқа салған ұсыныс түседі. Ондағы мақсат антика, орта ғасыр, қазіргі заман философиясының бастауы мен қазіргі заман философиясы дәуірлерін байланыстыратын тақырыптарды қамтып, оны бір ғана зерттеушінің көзқарасымен ұсынудың берері мол екенінде еді. Осылайша Энтони Кеннидің әлемнің ең атақты деген білім ордаларының оқу бағдарламаларына енген философия тарихына арналған туындысы жарыққа шығады.
Сэр Энтони Кэнни өз кітабында философияның пайда болуының қызықты тарихын және оның Ежелгі Жерорта теңізі аймағында өркен жаюын әңгімелейді. Бұл еңбектен біз Платон және оның үңгір туралы аңыз жайындағы әфсанасы, Аристотель этикасы, Августиннің «Құдай қаласы туралы» еңбегіндегі философиялық идеяларына, өмір бойы даналық ілімінің қыры мен сырын зерделеп келе жатқан, тіл білімі, жаратылыстану, экономика, құқық, саясат салалары бойынша да жан-жақты білімді, кәсіби маманның көзқарасы тұрғысынан жаңаша үңілеміз. Ол Аристотель жайлы жалпы ақпараттар берумен шектелмей, тереңдей түседі, оның ойларына сын айтады. Сократқа дейінгі кезеңнен Эпикурлік мектепке дейінгі түрлі философиялық мектептерді таныстырады. Логика мен ақыл-ойдың, физика туралы ежелгі идеялардың, метафизика мен этика, сондай-ақ жан мен Тәңір хақындағы ежелгі ойлардың өрбуін зерделейді. Ұғынықты тілмен, терең және байыпты жазылған еңбек бізге ұлы философтарды шынайы түсіну жолын нұсқайды. Кітаптағы қатаң ғылыми трактат тіліндегідей емес, көркем шығармашылыққа тән тақырып пен идеяның, мазмұн мен форманың бірлігі оқушыға дәуір тынысын сезініп, ұлы ойшылдарды толғандырған мәселелер мен философиялық сауалдардың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет