КөнеҮнді,Қытай,Грек мәдениеттерінің қалыптасу тарихы



бет3/5
Дата06.10.2023
өлшемі427,76 Kb.
#113050
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 тақырып Көне Шығы 3

Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері : 1) Ең басты ерекшелігі — саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Мемлекет басшысы көкің ұлы деп дәріптеліп, барлык билік соның қолында болды. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсұйектер: мемлекеттік шенеуніктер - чжухоу, беделді отбасылар — дафу және ши, ең төменде ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң тәртіпке, бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, «жоғары» мен « төменнің » арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды.

  • Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері : 1) Ең басты ерекшелігі — саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Мемлекет басшысы көкің ұлы деп дәріптеліп, барлык билік соның қолында болды. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсұйектер: мемлекеттік шенеуніктер - чжухоу, беделді отбасылар — дафу және ши, ең төменде ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң тәртіпке, бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, «жоғары» мен « төменнің » арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды.
  • 2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды : философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі — адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған, адам — қарапайым “микрокосм”, Табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған көрінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді. Яғни, адамның міндеті – осы жіптерді үзбей, жеке белсенділік корсетпей, өзінен жоғарыға, өзінен үлкенге қызмет етіп, табиғат пен өмір ағынына еріп, тыныш өмір сүру, өзінің адамгершілігін жетілдіру жолында тынымсыз еңбектену. Себебі, бұл өмірде ең маңызды нәрсе — жеке адам емес, ол өмір сүріп отырған қоғам, мемлекет, ал жетілген қоғам жетілген адамгершілікке ие адамдардан құрылмақ деп түсіндірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет