«Жазба
әдебиетте Абайдан соң аты аталатын – «Қазақ» газеті»
деген [3, 84]. «
Ахаң
ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік
ұраны – «Қырық мысал», «Маса»; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ
баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты,
біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Бірақ зорлықпен, күшпен
дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып,
оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын
адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы»
деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға
салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен,
заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген
ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты»
деп
жүрекжарды пікірін білдірген. Сәкен Сейфуллин де: «…
Өзге оқыған мырзалар
шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың
қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында
жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния
соттарына күш салып, тілмәш
245
болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына
жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін
бір басын бәйгеге тікті»
деп, қайсарлығын, парасаттылығын, халқының адал
перзенті екендігін айтқан [4].
Бүгінде ұлт ұстазы, ұлт көсеміне айналған
А
.Байтұрсынұлының атына қаншама әділ бағалы пікірлер жазылып та, айтылып
та келеді.
1895 жылдан бастап Ұлы ұлт ұстазымыз қазақ қоғамын сауаттандырудың
жан-жақты жолдарын қарастырумен болды. Ол тек мектеп ашумен, оқушыларды
оқытумен ғана шектелмеді. Себебі, мектепте санаулы ғана оқушылар білім
алатыны белгілі. Бұл жерде оқушылар ғана емес, жалпы қазақ қоғамына білім
беруді көздеді. Яғни, күнделікті өмірден, болып жатқан тарихи оқиғалардан,
тәлім-тәрбиесі бар аңыз-әңгімелерден, әдет-ғұрып, сал-дәстүр, әдеби, мәдени,
саяси жақтан сауат беруді газет арқылы қол жеткізетіндігін жақсы білді. Ақыры
білім бере жүріп, 1913 жылы «Қазақ» газетін баспадан шығаруға қол жеткізді.
Сөйтіп
ХХ-ғасырдың
басында
қазақ
тіліндегі
баспасөзді
қалыптастырушылардың бірі болды.
Енді «Қазақ» газетіне қатысты мәліметімізге көшелік. «Қазақ» газетін
жарық дүниеге әкелу онай болған жоқ. Оның да сол кезеңде өз қиындықтары
туындады. Негізі губернатор генерал-лейтенант Сухомлинов 1905 жылғы 9-
желтоқсанда Орынбор қаласында аптасына бір рет Ахмет Байтұрсынұлына
«Қазақ» газетін шығаруына бұйрық шығарып, рұхсат еткен. Алайда, әртүрлі
жағдайларға байланысты кешіктіріліп, газет 1913 жылы 2-ақпаннан бастап қана
іске асқан болатын. 1915-жылдан былай аптасына екі рет шығып отырылды.
Алғашында газеттің бірінші редакторы – А.Байтұрсынұлы болды. 1914 жылы
екінші редактор болып М.Дулатұлы тағайындалды. 1918 жылы редакторы болып
Жанұзақ Жәнібеков сайланды. Бұл газет Құсайынов, Кәрімов баспаханасында
басылып тұрған. Бастырушысы «Азамат» серіктігі. Рәміздік бейне ретінде қазақ
ұлты деген ұғымды білдіреді деп кигіз үйді алды және тиражы 3000, кейбір
деректерде 8000 деп беріледі [1, 446].
Аталмыш газеттің басты мақсаты, ол – үш ғасыр бойы Ресей империясының
боданында болған, ұлттық дүниетанымыздан ажыратылған, тек құлдық санада
өмір сүріп, алауыздық пен мансапқорлыққа, қай жағынан болмасын
сауатсыздыққа бағытталған бұғаулықтан босауды, жат-жұрттың қабағына қарап
телміруден, көрсоқырлықтан айықтыруды, көмескі қалған рухты оятып, ата-
баларымыздан мирас етілген салт-дәстүр мен әдеп- ғұрыптарымызды сақтауды,
ілім-біліммен қаруландыруды және тәуелсіз ел болуды көздеген еді. Қысқаша
айтқанда ұлттық идеяны насихаттау жолы, басты құралы болып табылатын
газет ұйымдастыру қажет болатын. Осы айтылған мәселелерді «Қазақ» газеті
ғұмыры қысқа болса да, ойдағыдай атқарды десе болады. «Қазақ» газеті Орынбор
қаласынан бес жыл (1913-1918) бойы 265 номері баспадан жарық көріп, қазақ
ұлтын бір аранға ұйыстыра білді. Қазақ тарихындағы ең алғашқы ұйым «Алаш»
партиясын ұйымдастыруға да газеттің рөлі зор болды. Тәуелсіз ел болуды аңсап,
«Алаш» автономиясын құрып, үкілеген армандарына қол жеткізуге де өз
септігін тигізді. Газеттің атын «Қазақ» деп атаулары осындай биік мұраттардан
туындаса керек.
246
Қоғамдық-саяси, әдеби «Қазақ» газетінің авторлары: Ахмет Байтұрсынов,
Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ғайнижамал Дулатова, Әлімхан
Ермеков, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Құдайберген Жұбанов, Мағжан
Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұстафа Шоқаев, Мұхаметжан Сералин,
Бекмұхамбет Серкебаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхаметжан Тынышбаев,
Ахмет Бірімжанов, Аққағаз Досжанова, Халел Досмұхаметов, Сәбит Дөнентаев,
Бірмұхамет Айбасов, Жүсіпбек Аймауытов, Жақып Ақбаев, Ишанғали Арабаев,
Мұхтар Әуезов, Гүләйім Байгурина, Сәдуақас Шорманов, Биахмет Сарсенов,
Мұстафа Оразаев, Жансұлтан Сейдалин, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Ғұмар
Қарашев, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Мүсілім Ермеков, Таһир Жомартбаев, Нәзипа
Құлжанова т.б. Бұл авторлардың әрқайсында бір немесе бірнеше бүркеншік
есімдері болды. Мысалы: Қыр баласы – Ә.Бөкейханов; Алашұлы Азамат, Арғын,
Мадияр, Мирякуб – М.Дулатов; Ауыл баласы, Қоңыр – М.Әуезов; Балапан,
Бимұхамет, Жәжеке – М.Жұмабаев; Быж, Жалшы, Қарабала, Малай – Б.Майлин;
Жанақ – Ж.Аймауытов, т.б. Сол сияқты жинақты құрастырушылар ашылмаған
бүркеншік есімдерді де бере кеткен.
Ү.Субханбердина, С.Дәуітов, Қ.Саховтар 1998 жылы «Қазақ» газеті
бетіндегі материалдарды жүйелеп, зерттеп, жинақтап құрастырып, «Қазақ
энциклопедиясы» баспасынан жинақ етіп шығарған. Құрастырушылар 1913-
1918 жылдардағы материалдарды жеке-жеке жылымен жинақтап берген.
«Қазақ» газетін шығарушылардың сөзімен айтқанда: «Газетіміздің көп
мақсатының бірі – басқадан да алып, өзімізде барын жинап, қазақ тілінің бетін
жөндеп, жолын ашпақ, сондықтан қазақтың мақалдары, тақпақ сөздері, басылған
өлеңдер, қиссалар бәрі де қабыл алынады. Басылмай қалған сөздер
қайтарылмайды» делінген [5]. «Қазақ» газетінің 1913 жылғы алғашқы бетінде
оқырмандарына мынадай үш шумақ өлең жолдарын арнаған:
Мінеки, қалың қазақ: қара, төре!
«Бұ кім» деп жатырқама түрін көре.
Жас «Қазақ!» жаңа талап, жарық ойлы,
Келіп тұр қол қусырып сәлем бере.
Алыстан іздеп келген бауырларың,
Халқының сырттан көріп ауырларын.
Жеңілту жайын соның кеңесуге,
Қазақтың бас қостырмақ қауымдарын.
Жылына бір-ақ тоқты сыбағасы,
Ол жейтін бір-біріңнен қонағасы.
Атында, затында да бөтендік жоқ,
Білгенге бұл да алаштың шын баласы.
Бұл өлең жолдарынан газеттің жалпы қазаққа, қоғамда болып жатқан
түйткіл мәселелерді кеңесе отырып, бір ортада ұйысып, газет арқылы
көпшіліктің талқысына салып, кемшіліктерді болдырмауға, білім, ғылым алып,
өркениетті ел болуға үндейді. Сонымен бірге сол кездің қиындығына қарамай,
қайткенде де газетті шығару үшін қаражаттың қажеттілігін, демеушілерге
мұхтаж екендігін де өлең арқылы жеткізеді. Бұл газетке Ахмет ишан Оразайұлы,
Хасен Ақайұлы, Байтенұлы Смайылдар т.б. демеушілік жасады.
247
Газеттің «Ішкі хабарларында» және «Отырықшы болатын қазақтарға кесіп
беретін жердің есебінде» қазақ жерінің мұжықтар мен жергілікті қазақтарға
қанша жердің бөлінуі және жер жалдау жөнінде ақпарат беріледі. Мәселен,
Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Тобыл, Томск губерниелер
мен обылыстарына қарасты елді-мекендер көрсетілген. Жер бөлісу, жер дауына
қатысты жауап хаттар, ақпараттар жиі беріліп отырылады. Назар қожа «Қытай
жеріндегі қазақтар» деп аталатын хабарламасында, Қытайдағы Құлжа өлкесінде
тұратын қазақтардың қысқаша тарихы мен оқу мәселесі жөнінде өтініштерін
жазған екен. Жалпы 1913-1918 жылдар аралығындағы материалдардан көбіне
көп «Қазақтың тарихы», «Қазақ жайы», «Қала болған қазақтар жайынан»,
«Қазақтан солдат ала ма», «Қазақтың бас ақыны», «Алаш азаматтарына»,
«Қазақ жастарына», «Қазақ санына қатысты статистика», «Соғыстағы қазақтар»,
«Жаңа бағынған қазақтар», «Көшпелі қазақтардың суды (соты)»,
«Қазақ жұртына», «Бөкей қазағы», «Қазақ съезі», «Қазақтан шыққан арамзалар»,
«Жасасын Алаш автономиясы», Алаштың азаматы, «Атылған қазақ» т.б. сынды
сол кезеңдегі қазақ ұлтына арналып жазылған біршама тарихи деректер мен
небір оқиғаларына қатысты мәліметтерді алуымызға болады. Одан кейін арнайы
Қара қыпшақ Қобыланды, Қалқаман-Мамыр, Балуан Қажымұқан, Ш.Уалихан,
Г.Потанин, А.Құнанбаев, Кәкітай, Ы.Алтынсарин, Шәкәрім, Хазірет сұлтан
А.Яссауи, Сұлтан Сәли, Жалаңаш баба, А.Курапаткин, В.Радлов, Ә.Диваев,
Барлыбек т.б. жеке тұлғаларға қатысты әңгімелері мен сипаттамаларын беріп
отырған. Келесі бір жиі ұшырасатын Семей, Қызылжар, Гурьев Баянауыл,
Петроград, Көкшетау, Атбасар, Шәуешек, Шымкент, Қостанай, Қызылжар,
Өскемен, Жетісу, Мәскеу, Павлодар, Орынбор, Торғай т.б. қала, уез,
облыстарында болып жатқан жаңалықтар мен түйткіл мәселелер, жауап хаттар
мен ашық хаттар жарияланған. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақша оқу
жайынан» атты мақаласында: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден
бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен
түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде оқуменен
түзеледі» деп жазған [6]. Автордың бұл ниетін газет бетіндегі «Мектептер ашу»,
«Өнегелі мұғалім»,
«Орысша оқушылар», «Мұқтаж оқушыларға жәрдем», «Оқушыларға жәрдем
жамиғаты», «Бастауыш мектеп», «Мектеп керектері», «Өнер мектебі», «Жаңа
кітаптар» т.б. деген тақырыптардан көруге болады. Дінге қатысты да
«Пайғамбар заманы», «Дін таласы», «Муфти сайлау», «Медресе», «Мұсылман
съезі» атты сыни пікірлер мен ұсыныстар орын алған. Газет беттерінен сайлау
мәселелеріне арналған «Дума», «Болыс сайлау», «Сайлау саясаты» жөнінде де
біршама ақпарат беріледі. Мәселен, Дума кеңесінде мынадай мәселелер
қаралады: соғыс барысы, қару-жарақ жайлы, табысына қарай салық салу,
мемлекеттік банкінің правосын арттыру, босқындарға жәрдем, 2-разряд
опалчиндерді соғысқа алу т.б. Сонымен қатар әртүрлі жанрда тәлім-тәрбиесі
бар әңгімелер және орыс жазушыларының шығармаларын (Л.Толстойдан,
М.Лермонтовтан, И.Кырыловтан, В.Короленкодан, А.Чеховтан т.б.) аударып
берген: «Жұмыртқадай бидай», «Хамелон», «От», «Ешкітау», «Барымта»,
«Наурыз», «Ұры тию», «Бас қосу туралы», «Керек сөз», «Сусағанның түсіне су
248
кіреді», «Он төрт тоғыз бола ма», «Ұлтшыл жігіт», «Мақалдар», «Бала тәрбиесі»
т.б. «Опат» деген айдармен Абай, Михаэлис т.б. тәрізді танымал адамдардың
дүниеден өткендері жайлы хабарлама ретінде шағын мәтінде беріп отырылады.
Жалпы жоғарыда аталып кеткен тақырыптардан басқа да мәселелерді газет
беттерінен көруге болады. «Қазақ» газетін зерттей келе тілші- ғалым Ғарифолла
Әнес былай дейді: «Біз алты жыл үзбей шығып тұрған газет материалдарының
автор-жазушыларын айқындап, мақалалардың әрқайсысына жіп тағып өз иесіне
қайтару ісін аяқтап келеміз. Есебімізше, газет көлемінің үштен біріне жуығы, яки
60 баспа табақтай көсемсөз үлгілері А.Байтұрсынұлының қаламына тиесілі
екендігі текстологиялық жолмен дәлелденіп отыр», – дейді. Келешекте
ғалымның текстологиялық жолмен жасаған тұжырымына байланысты
мақаламызды арнайтын боламыз. Бұл мақалада танымдық мақсатта ең негізгі
деген және бірнеше рет қайталанып берілген немесе сол кезеңдегі күнделікті
өмір сүру салтына қатысты жиі жарияланған түйткіл дүниелерінің тақырып-
атауларын бере кеткенді жөн көрдік. Келесі кезекте Ұлт ұстазымыздың
қаламынан туындаған әрбір жазба мұраларының мазмұны мен мақсатына,
саясаты мен тарихи маңыздылығына, тәрбиелік мәні мен жазу шеберлігіне
арнайы тоқталатын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |