243
қалыптастыруға басты рөл атқарады. Ал осы баспасөздің қазақ жерінде қазығын
қағуына бірден-бір себеп: ол қазақ халқының тарихында ұлы өзгерістер мен
қиын-қыстаулар алып келген ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің қоғамдық-саяси
оқиғалары ұлттық сананың өсуіне, қоғамдық ой-пікірінің әлеуметтік мәселелерге
батыл араласа бастауына ықпал жасады. Екіншіден, отырықшылық пен
көшпелілік, ел басқару ісіне араласу, жер және заң, ұлттық тәуелсіздік, дін, оқу-
ағарту секілді қажетті де күрделі мәселелерді жан-жақты көтеріп, халық мүддесі
тұрғысынан
шешуге
талпынды.
Үшіншіден,
Ресей
империясының
бодандығынан босап, тәуелсіз ел болуды аңсаған Алаш партиясы Алаш
автономиясын құру үшін де маңызы зор болды. Осының барлығы жинақтала
келіп, ғасыр басындағы қазақ баспасөзін туғызды. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхан,
М.Дулатов т.б. сынды қазақтың біртуар перзенттері баспасөздің сол кезеңде ең
басты, ең маңызды рөл атқаратындығын білді және газет ұйымдастыруды басты
назарларында ұстады. А.Байтұрсынов бұл жөнінде былай деген: «Әуелі газет –
халықтың көзі, құлағы һәм тілі... Екінші, газет – жұртқа қызмет ететін
нәрсе...Үшінші, газет – халыққа білім таратушы...Төртінші, газет –
халықтың
даушысы...» [1.10]. Шынар Тулегенова
«Қазақ» газетінің жинағына қатысты жазған мақаласында ХІХғ. аяғы мен ХХғ.
басындағы баспасөзді зерттеген қазақ ғалымдарының есімдерін атап, ғылыми
еңбектерінің маңызы зор екендігін, газет бетінде жарияланған әр алуан тарихи,
саяси-әлеуметтік, қоғамдық, мәдени, діни, білім, ғылым т.б. әдеби
материалдарын және мазмұнын, танымдық-тәрбиелік мәнінің құндылығын сөз
етеді. Сонымен қатар Серікбай Оспанұлы «Алтынсариннің айналасындағы
адамдар» атты зерттеу еңбегінде Ыбырай
Алтынсариннің ұлттық газет
шығаруды ойлап 1879 жылы жергілікті патша әкімшілік орындары алдына
ұсыныс хат жазғанынан дерек бергендігі жайлы және болашақ газеттің макетін
жасап, төрт бетін қазақ тілінде, төрт бетін орыс тілінде шығаруды, газетті
«Қазақ газеті» деп атауды ұсынғандығы жайлы жазған [2]. Егер осы мәліметке
сүйенер болсақ, онда газеттің атауын қойған тұңғыш педагог Ы.Алтынсарин
болып отыр. Бірақ, патша әкімшілігі бұл басылымды шығаруға рұқсат
бермегендіктен қол жеткізе алмады. Мұны іске асырған, Ы.Алтынсариннің
арманын орындаған А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары еді. Сөйтіп 1913
жылы 2-ақпанда дүниеге келген «Қазақ» газеті: Орта Азия халықтарының
тұңғыш газеті атанған (1870-1882жж. Ташкент) «Түркістан уалаяты» газеті,
орыс-қазақ тілдерінде (1888-1902жж. Омбы) «Дала уалаяты» газеті, (1911-
1915жж.Троицкі қ.), Тургайская газета (1895-1910жж. Орынбор), «Иртыш»,
«Голос степи» (1906ж. Омбы), «Ақмола» (1911-1916жж.), «Серке», «Айқап»
т.б. газет-жорналдардың
ізбасары болып, кең мазмұнда қызметін атқарды.
Жалпы «ХІХ ғ. аяғы мен ХХғ. басында қазақ тілінде 14-15 шақты газет-
журналдар шыққан» деген дерек бар [2]. Сонымен «Қазақ» газеті және оның
қалыптасуына мұрындық болған А.Байтұрсынұлы жайлы мәліметімізге
көшелік.
Қазақ халқының алтын әріппен жазылатын ұлы перзенттерінің бірегейі –
Ахмет Байтұрсынұлы жайлы қаншама зерттеулер мен пікір-негіздемелер
жазылып жатса да көптік етпейтіні сөзсіз. Бүгінде біздерге қалдырған асыл
244
мұралары арқылы ұлы да ұлт ұстазына айналған кемеңгер ойшыл, данагөй,
дарынды талант иесі,
рухы биік көсем, жаратылысы елден бөлек, ойы зерек,
ержүрек батыр, қайсар мінезді, ұлтын сүйген ұлы перзент ретінде бағаланып
отыр. Өзі өскен ортасының зұлымдығы мен өмірінің қыл үстіндегі тіршілігіне,
зорлық-зомбылығына, қиындығына қарамастан, қазақ ұлтына, жеріне, еліне,
тіліне, жазу мәдениетіне, білім мен ғылымына, келешегіне ұшан-теңіз қажырлы
еңбек етіп, есімін мәңгіге қалдырды. Балалық шағын қоспағанда 1895 жылдан
былай өмірінің соңына дейін 42 жыл қазақ ұлтына адал қызмет еткен ұлжанды,
дарын да дара тұлға дейміз. Оның саяси қызмет жолы 1905 жылы (Қарқаралы
петициясы: қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл
мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын.
Оқу ана тілінде
жүргізілсін. жер, қоныстану т.б.) басталып, 1909 жылы 1-шілдеде түрмеге
жабылса, 1910 жылы 19-ақпанда жер аударуға шешім қабылданып, осы жылдың
9-наурызынан Орынборда 1917 жылға дейін тұрақтайды. Бұл қалада 1913-1918
жылдары Алаштың ардақты перзенттері Ә.Бөкейхан, М.Дулатовтармен
(құрылтайшы құрамында болды) бірігіп, жалпыұлттық
«Қазақ» газетін шығарып тұруға бас-көз болады. Шындығында бұл газеттің
басқаларынан мазмұны жағынан да, қамтылу жағынан да өте жоғары бағаланып
отыр. Нақты айтқанда газетте халық мүддесіне байланысты саяси, әлеуметтік-
экономикалық мәселелерден басқа, рухани, тарихи, мәдени тақырыптарда
әртүрлі хабарлар мен ақпараттар жарияланып тұрды.
Жалпы А.Байтұрсынұлын қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының
алғаш негізін салушы, этномәдени өнертанушы, сазгер,
ғалым-педагог,
аудармашы, түркітанушы, прозаик, ақын-жазушы, публицист, ұлттық жазудың
реформаторы, қоғам қайраткері, ұлтжанды азамат ретінде танып біліп жүрміз.
Осы орайда А.Байтұрсынов жайлы өзімен тұстас, рухтас болған Алашорда асыл
перзенттерінің бір-екеуінің ой-пікірлерін бере кетелік. Мұхтар Әуезов 1920-
жылдардың өзінде-ақ «Қазақ халқының рухани көсемі» деп мойындап,
Достарыңызбен бөлісу: