Конференция материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет122/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1.
«Қазақ» газеті. -Алматы, 1998ж. -558 бет 
2.
Тулегенова Ш. Алғашқы қазақ баспасөзі.
http://rusnauka.com/34_NIEK_2013
 
3.
Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 2 том. Алматы, 
1998ж. 
4.
Adebiportal.kzhttps\\ adebiportal.kz\authors\view\2236 
5.
Рахметуллин Е. «Қазақ» газеті – Алаштың ұлттық мінбері. 2018ж.
mail@e_history.kz
6.
Байтұрсын А. Қазақша оқу жайынан. 2014ж. kazbilim@gmail.com 
ӘӨЖ 16.01.09. 
Молдасанов Ерсайын Мышанұлы 
Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан 
еr.alban2005@mail.ru
 
Аннотация. Бұл мақалада Ұлт көсемі, қазақ жазуының реформаторы Ақымет 
Байтұрсынұлының қоғамдық тұлғасы және ұлттық идеясы туралы ой қозғалады. 1914 
жылы шыққан Бастауыш мектеп туралы мақаласындағы негізгі ойы сараланып, талданады. 
Онда «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінде жарияланған ойлары зерделенеді. 
Тірек сөздер: Ұлт көсемі, қазақ жазуы, реформатор, «Қырық мысал», «Маса», 
«Қазақ» , «Бастауыш мектеп», «Тіл-құрал», «Происхождение тюркского мира 


249 
ҰЛТ КӨСЕМІ, ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ РЕФОРМАТОРЫ АҚЫМЕТ 
БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ 
 
 
Ұлт көсемі, Ұлт Ұстазы, қазақ жазуының реформаторы профессор Ақымет
Байтұрсынұлы 
өз халқымен қайта табысты. Өйткені оның 
қайталанбас мұрасы күнен-күнге құнды болуда. Ақыметтің қазақ халқы үшін 
Конфуции, Руми, Аристотель, Платондардан бір кемдігі жоқ. Ақымет жолы 
адастырмайтын жол. 
Абай жиырма бесінші қара сөзінде «Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң 
бала болсын десең – оқыт мал аяма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған 
рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?» - деген. Оқыған 
балада ақыл болса оған көркем мінез қосылса, қайратын жұмсап әректі жүректен 
шықса толық адам болатынын айтып тұр. Ендеше, Ақыметте Абаймен 
үндескендей ізгілік жолын іздейді. «Егер ойлы сөзді тыңдайтын адамға айтпасаң 
адамды жоғалтасың, ал егер ақымаққа айтсаң сөзіңді жоғалтасың, ақылды адам 
екеуін де жоғалтпайды»-деп Конфуции айтқандай. Ұлт ұстазының 1914 
жылдары айтқан өмірлік ұстанымы берік, жалғандыққа жаны қарсы 
«Басқадан 
кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін 
оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Ал күшті болуға бірлік керек» -
деп алдына 
мақсат қойған Ақымет Байтұрсынұлы , бүгінде жаһандану заманында өркениетті 
ел болу үшін білімді, бірлігі күшті елдің экономикасыда қарыштай дамитынын 
болжағандай. Бүкіл саналы өмірін ұлтына сарп етіп, азап, тозақты көрседе 
ұлттың мүдесіне, мемлекет болу жолындағы қайсар мінезі мен ерлігіне бас иуге 
болады. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң 
түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», 
«Маса», «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, 
саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер 
болатын» [1. 280 б] – дейді. Қазақтың арғы – бергі тарихын, ауыз әдебиетін, 
мәдениетін терең түсінген Ақымет атамыз тығырықтан жол іздеп, «Халыққа не 
керек?» – деген сұрақтың жауабын іздейді. Ертедегі терең білімді, ойлы, 
өркениетті халықтың бодандыққа түсіп, отаршы ел болуы, ертедегі ұстанған 
өмірлік ұстанымдары мен дүниетанымынан айырылып, дағдарысқа ұшыраған 
халқына Ақымет Байтұрсынұлының 1914 жылғы «Бастауыш мектеп» атты 
мақаласында: –Қазақ бастауыш мектебі қандай боларға керек? Петербургта 
болатын мұсылман кеңесінде қазақ өз пікірін айта алатындай болып бару керек 
екендігін қозғайды. Қазақ балаларын оқытуда екі түрлі мектептің бірі ауылдағы 
мектеп пен ел ішіндегі орысша мектептердің айырмашылықтары туралы ауыл 
мектебінің оқуға керек құрал - жабдықтың жоқтығын, оқыта білетін мұғалімдер 
аздығын айта келіп, дегенімен бұл мектепте хат танып, жаза білетіндер, газет, 
журнал оқып, өз ойларын ұлт тілінде яғни ана тілінде білім алғандығы қуантады 
дейді. [2.266 б] 


250 
Ал, екінші орыс мектептерін бітіргендер, ары жалғастырмаса шала оқумен 
қалатынын ескертеді. Орысше екі класты білім алғандар: учитель, писарь, 
фельдшер, адвокат,судия, инженер, агроном болар демей, ең әуелі, қазақша 
толық хат білетін дәрежеде болу керек –дейді. Орыс мектептерін айта келіп, 
«Олардың пайдасын кемітіп отырған бір-ақ нәрсе – қазақты орысқа аударамыз 
деген пікір бәрін бүлдіріп отырған. Сол школдар арқылы қазақ тілін жоғалтып, 
орыс тіліне түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб харіпін тастатып, орыс 
харпін алдырамыз дейді. Сол үшін, әуелі балалар ана тілімен оқымай, орыс 
тілімен оқысын, ана тілімен оқыса да, орыс харпімен оқысын - дейді. [2.267 б] 
Көріп отырғанымыздай Рессей жерінде орналасқан және Ресей 
бодандығына күшпен кіргізген түркі халықтарының барлығын Россияның қол 
астына жинау болған. Сол арқылы тілінен, тарих-мәдениетінен, әдет-ғұрпынан 
айыру арқылыбодандықта ұстау мақсаты болған. Бұл саясат арқылы бүкіл 
тілінен, дінінен,тарихынан айырылған халық, орысқа сіңісіп жоқ болатынын 
байқаған Ақымет Байтұрсынов Қазақтың рухы бастауышта екенін біліп, 
халықты ояту арқылы жаңа заманға бейімдеу тек білімде екенін байқайды. Ал 
орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, ұлттық рухта тәрбиелеу 
қазақша болу керектігін бұрын болжағандай, қандай кеменгерлік! Қазақша оқу 
ұлтты сақтаудың, ұлтты құтқарудың жолы екенін аңғарып, Шонанұлы 
Телжанмен бірге «Бастауышқа арналған оқу кітабын», өзі «Тіл-құрал» атты үш 
бөлімне тұратын оқулығын, 1914 жылы морфология бөлімін,1915 жылы 
фонетика бөлімін, 1916 жылы синтаксис бөлімін, сонымен бірге «Тіл жұмсар», 
мұғалімдерге арналған « Баяншы» деген әдістемелік оқулықтар жазады. Оқулық 
қазіргі оқулықтардың негізі болғаны айғақ. Ақымет Байтұрсынұлы 
оқулығындағы тілдік санаттарды ұғындыру мақсатында «сынау», 
«дағдыландыру» деген әдістемесі өз құндылығын жоймаған, қәзіргі әдістеме 
үшін -құнды әдіс. Қәзіргі таңдағы үш тұғырлы тілдің бастауышта қажет еместігін 
Ақымет Байтұрсынұлы шығармалары мен көзқарастарынан байқаймыз. Бала 
бастауышта толық өз ана тінде ғана білім алса, ұлттың болашағы ұлттық рухта 
болатынын байқаған. 
1925-1928 
жылдары Орынбор, Ташкентте ұстаздық-оқытушылық 
қызметінен қол үзбей, 1928 жылы Қазақтың тұңғыш ЖОО-ы қәзіргі Абай 
атындағы ҚазҰПУ-не ректордың арнайы шақыртуымен профессор қызметіне 
ауысып, қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ береді. Мұнда 
сабақ беріп, діріс оқығаны біз үшін , осында оқитын студенттер үшінде матаныш. 
Сабақ бере жүре халықтың сол кездегі экономикалық, әлеуметтік- тұрмыстық, 
қоғамдық жағдайын терең зерделеп, соған лайықты ғылыми, педагогикалық, 
экономикалық тақырыптарда мақалалар, ғылыми еңбектер жаза бастайды. 
Орынборда өзінің сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен және сондағы 
зиялы азаматтармен бірігіп, сондай-ақ барша қазақ зиялылырының қолдауымен 
1913-1918 жылдары тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ газетін» шығарып тұрған. 
Айдауда жүрседе, өз мүде мақсатынан жаңылмай қазақ халқын білімге, кәсіппен 
айналысуға, білімді болуға арналған үндеу мақалалары жариялап отырған. 


251 
Сырттан келген жаудан да, Іштен шыққан дау жаман - демекші патшалы 
Россияның айдауына көнген би шонжарлар мен жағымпаздардың жала мен 
өсекті, өтірікті қарша боратса да, мақсатынан таймаған. Ғалым М.Мырзахметов 
бір сұхбатында « Аджи Мурадтың «Происхождение тюркского мира » аты еңбегі 
арқылы біздің тарихымыз б.з.б 5000 жыл бұрын болғандығын байқатады, Қытай 
тарихы біздің тарихымыздан бері қалады - дейді. Сонда тақтайларға жазылған 
жазбаларда Патшаның ұлына жазған хаты бар. Оқыған кезде қазақша болып 
шыға келген -дейді. Міне осындай кемеңгерлікті танып білген Ақымет ешкімге 
аузын ашпады, керісінше қазағым, Алашым, елім деп басын қауіп- қатерге тікті. 
«1937 жылы " халық жау" болып, Тәжіктен 1 адам, Өзбектен 7 адам, Қырғыздан 
40 адам. Ал, Қазақтан 25 мың адам атылды! Себебі, олар Қазақтардан сескенген. 
Түркі халықтарының ішінде саяси санасы алдымен қазақ халқы болды» - дейді 
М. Мырзахметов. ФК парақшасынан. 
Білім кілті бастауышта екенін түсінген Ұлт ұстазы, « Бастауыш мектепте 
кілең қазақ тілінде үйретілетін нәрселер: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, 
жағрафия, шаруа кәсіп, жаралыс жайы. Бастауыш мектеп осылай болса, қазақ 
балаларының бастауыш мектепте үйренген біліміне негіз болуға жарар еді » -
дейді. 
Білім негізі – бастауышта демекші, кез – келген нәрсенің негізі дұрыс 
қаланбаған болса, онда оның болашағы бұлыңғыр. Осы мақсатта немеремнің 
оқитын кітаптарын қарап шықтым. Дүниетану, көркем еңбек, әдебиеттік оқу, 
музыка, жаратылыстану, руский язык, өзін-өзі тану, ағылшын тілі. Енді осы 
қәзіргі 2 сынып бастауыштағымен Ақымет кезеңінде оқытылған жүйені 
салыстырып көрелік. Дегенмен кейбір пәндер сәкес келгенімен, қазіргі оқушыда 
функционалдық сауаттылық аз. Бұл орыс, ағылшын, әдебиеттік оқу, қазақ тілін 
бірге оқытудың зияны деп білемін. Өйткені бастауышта оқушылардың қабылдау 
зейіні төмен, әрі айтылғанды тез ұмытатыны түсінікті. Сондықтан 
бастауыштатағы пәндер бірін-бірі толықтырып отыруы керек. 
Ақымет кезінде: 
оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрафия, шаруа кәсіп, жаралыс жайы. 
Шонанұлы Телжанмен бірге «Бастауышқа арналған оқу кітабында» бір 
жүйелілік сақталған деуге болады. 
Ұлт ұстазы, теңдессіз ғалым – Ақымет Байтүрсынұлының бір жарым ғасыр 
болған ұлт шырықшысы болған қайталанбас тұлғаларды ұлықтап, жаңаша 
көзқараспен қарап саналы ұрпақтың санасына сіңірсек, көшбасшы ел 
болатынымызға сенімдімін. Біздің ел біресе шығысқа, біресе бастысқа 
жалтақтауды қою керек. Жаһандану заманыда тізгінді мықты ұстап, ұлт мектебін 
қалыптастырмасақ болмайды. Ол ұшін Ұлт көсемі, қазақ жазуының 
реформаторы Ақымет Байтұрсынұлының қоғамдық тұлғасы және ұлттық 
идеясын ұстануымыз керек. Олай дейтінім 30 жылда «Мәңгілік ел», «Түркі 
бірлігі», «қазақстандық ұлт», «еуразияшылдық» идеясы, «Қазақстан- 
ортақүйіміз» -деп келіп, қаңтар қырғынына тап болдық, енді «Жаңа Қазақстан» 
идеясы пайда болды. «Армансыз адам-қанатсыз құспен тең» дегендей, Еліміз 
заман көшімен шауып келе жатқан тұлпардың иесі жоқтай... Алаш идеясы- қазақ 
идеясы. Өйткені, идея, мәдениет мәжбүрлеуден басталады.Ұлттық идея – қазақ 
тілі болу керек. 


252 
Ұлттық идея –қазақ тілі болу керек. 
Сөз соңында Мағжанның АЛТЫН ХАКІМ АБАЙҒА өлеңінде: 
Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес, 
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес. 
Қарадан хакім болған сендей жанның 
Әлемнің құлағынан әні кетпес! 
Сөзіңе құлақ салып, баға бермей, 
Қисайып қыңырайды жұртың ниеттес! 
Бұртиып, теріс қарап: «Аулақ жүр!»- деп, 
Болды ғой жақын туған бәрі кектес. 
Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме: 
« Қор болды қайран сөзім босқа!» -деме. 
Артында қазақтың жас баллары мен 
Сөзіңді көсем қылып жүрер жеңге! 
Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар, 
Өлтіріп талай жанды жүгін артар. 
Көз ашып, жұртың ояу болған сайын 
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар. 
Жүрген жанның артында ізі қалар, 
Етікші өлсе, балға мен бізі қалар. 
Бір бай өлсе, төрт түлік малы қалар, 
Шешен өлсе, артында сөзі қалар! 
Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер, 
Сау қалғанның көбісі ертең бітер. 
Тоқтамас дүниенің дөңгелегі, 
Шешеннің айтқан сөзі көпке кетер.[4..22 б]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет