Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет31/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым 
деп аталатын сөйлеу әрекетінің төрт түрі танылады. 
Аталған Блум таксономиясының алты түрлі ережесі арқылы оқушы кез- 
келген ақпаратты түсінумен қатар өзіндік анализ жасап, әр жақты пікірлерді 
жинақтай келе, өзіндік ой қорытындысын шығару мүмкіндігі болады. 
Ал осы аталған жаңалық Ахмет Байтұрсынұлының 1920 жылы жарық 
көрген «Баяншы» қазақ мұғалімдері үшін деп аталатын еңбегінде көрсетіледі. 
Ғалымның ойынша, кез-келген тілдік тақырыпқа оқушы анализ, синтез жасай алу 
керек. Бұл Блум түймедағының төртінші және бесінші шарты, яғни талдау
жинақтау бөлімімен сәйкес келеді. 
Жаңартылған білім мазмұнында көретілген оқылым әрекетінің төрт түрі 
А.Байтұрсынұлының оқу құралында тыңдалым – есте сақтап оны жатқа жазу, 
айтылым – берілген тақырып бойынша өз ойын айту, оқылым – сөзді буынға 


42 
бөліп оқу, тұтастай оқу, жазылым – сөздерді тасымалдау, көшіріп жазу, бір 
сөзден екінші бір сөзді құрастыру деп беріледі. 
Ғалымдар педагогикалық жаңалықтарды үшке бөліп қарайды: 

Жаңалық ретінде бұрын еш жерде, еш уақытта қолданылмаған 
білімдік идеялар. Мүлде жаңа идея. Практикада ондай жаңалық өте сирек 
кездеседі. 

Белгілі бір кезде, белгілі бір ортада көкейтестілігімен ерекшеленген, 
қайта орын алып отырған, жаңа жағдайға бейімделген идеялар. Бұл қазіргі 
педагогикалық жаңалықтардың көп бөлігін құрайды. 

Практикада бұрын болған, тек мақсатын өзгертіп пайдалану 
негізінде жаңа нәтижелер беретін жаңалықтар. 
Байқаймыз, қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңалықтар Ахмет 
Байтұрсынұлының идеясынан бастау алады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
Байтұрсынұлы А. «Мектеп керектері». «Қазақ» газетінің №62. 
2.
Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға 
қатысты еңбектері) – Алматы, «Ана тілі», 1992. – 448 б. 
3.
Байтұрсынұлы А. «Тіл жұмсар». I-кітап. Қызылорда, 1928. 
4.
Фрейд А. Психология «я» и защитные механизмы. – М., 1993. 
5.
Ушинский К.Д. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. – М.: 
О.К.Б. 1945. – 345 бет. 
6.
Байтұрсынұлы А. «Қай әдіс жақсы» – Алматы, «Ана тілі», 1992. - 
357 б. 
7.
Жахина Б. Оқушы тілін дамытудың методологиясы. – Көкшетау, 
2014. – 114 б. 
ӘӨЖ 82-43 
Жәмбек Сәбит Нұрмұхамбетұлы 
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ, Көкшетау, Қазақстан 
www.s_jambek@mail


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет