Конференция материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет90/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1
Қыдыршаев А. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы: пед.ғыл. канд. 
...автореф. -Алматы, 1995. -24 б. 
2
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –Алматы: Ана тілі, 1992. -448 б. 
3
Оралбаева Н. А. Байтұрсынов – тұңғыш әдістемеші ғалым. //Ұлттық рухтың 
ұлы тілі. -Алматы: Ғылым, 1999. -506-518-б. 
4
Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. - Алматы: Ана тілі, 1998.-304 б 
5 Уәли Н. Қазақ тілі – қандай тіл? / Тілтаным. Алматы, 2004. №3. 
6
Мухамеджанова Г.Т. Қазақ тіліндегі көріктеуіш құралдардың лингвомәдени 
сипаты және оларды оқыту әдістемесі. Философия докторы (PhD) ғылыми 
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2016. 
7
Жанпейісов Е. Этнолингвистика // Ана тілі. – 1994. 
ӘӨЖ 301.085 
Калымова Асел Қайратқызы 
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті 
aselkalymova@mail.ru
 
Елеукина Сагат Курмангалиевна 
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті 
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ КРЕАКТИВТІЛІК КӘСІБИ 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ 
 
Аннотация: Педагогтардың кәсіби құзыреттілігі – бұл өзіне мұғалімнің теориялық 
білім жүйесін және нақты педагогикалық жағдаяттарда оны қолдану әдістерін, педагогтың 
құндылық бағдарын, және де оның мәдениетінің аралас көрсеткіштерін (сөйлеу, қарым-
қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т.б. қарым-
қатынасын) енгізген көп факторлы құбылыс. 


181 
Тірек сөздер : Педагог, құзыреттілік, педагог тәрбиеші, кәсіби құзыреттілік 
 
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесініңсабақтастығы бар білім 
беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім 
беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық 
формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы 
тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны 
болып табылады. 
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында 
жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң 
қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – 
рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм 
таным теориясы деп аталғандықтан таным теориясының басқа ғылыми 
теориялардан түбiрлi айырмашылығына тоқтала кетсек – ол бiлiмнiң қалыптасуы 
мен негiзделуiнiң жалпы 
ұстанымдарын, 
объективтiк қатынастарды 
қалыптастырады. 
Орыс педагог ғалымы К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына 
сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа 
талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті 
пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз[1]. 
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8- бабында 
«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа 
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық 
коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Ең алғашқы Елбасымыз 
Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің 
қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 
елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму 
кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру 
мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл 
педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде жұмыс жасау 
қажет. 
Яғни, педагогтардың кәсіби құзыреттілігі – бұл өзіне мұғалімнің 
теориялық білім жүйесін және нақты педагогикалық жағдаяттарда оны қолдану 
әдістерін, педагогтың құндылық бағдарын, және де оның мәдениетінің аралас 
көрсеткіштерін (сөйлеу, қарым-қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас 
білім салаларына және т.б. қарым-қатынасын) енгізген көп факторлы құбылыс. 
Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол 
жеткізуге тиіспіз. 
Сондықтан да бүгінгі өскелең ұрпақ уақыт талабына сай білім беруді одан 
әрі жетілдіру мәселлесі, толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар 
жүрері анық. Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан 
– жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын болғандықтан 
жеке тұлғаның қалыптасуында ең тиімді жол жаңа тұлғаны қамтитын, қабілет 
білім, дағды, тәжірибе, көзқарас болып табылады[2]. Балаларды жеке тұлға 
ретінде қалыптастыру, олардың ақыл – ойын жүйелеу, 


182 
ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында 
сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабында бірінші орында. Осыған орай 
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің 
нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ол үшін 
құзыреттілікке бес білім саласын меңгерілуі қажет: 

Денсаулық құзыреттілігі. Баланың физикалық денсаулығын ойлау, қозғалыс 
дағдыларын меңгеру. Денсаулық сақтау негіздері мен жеке бас гигиенасының 
дағдыларын меңгеру. 

Тілдік қарым-қатынас құыреттілігі. Тілдің дыбыстық мәдениеті. Сөздерді 
орынды қолдау, дыбыстарды дұрыс айту, ажырата білу. Байланыстыра сөйлеу, 
шығармашылық тілді меңгеру, қатынас мәдениетін сақтау тұлға үшін бірінші 
орында қарастырылады. 

Танымдық құзіреттілігі. Яғни, заттардың қасиеттерін бағдарлау, қоршаған 
ортаны тану, құрастырылымдық дағдылар, қарапайым математикалық 
ұғымдар, іздеу және эксперименталды іс – әрекет жасау. 

Әлеуметтік құзіреттілігі. Мінез – құлық дағдылары, ересектеп мен 
құрдастарының өзара іс – әрекеті, адамгершілік шаралары туралы қазақ және 
Қазақстан Республикасында тұратын мәдени құндылықтарын түсінуге 
мүмкіндік беру қажет. 

Шығармашылық құзіреттілігі. Музыка, өнер туралы білімдер негізіне 
қызығушылық таныту. Нәтижелі, көркемдік іс – әрекет, (түс, пішін, 
композиция, бейнелеу құралдары т.б.). Қоршаған ортаны эстетикалық қабылдау 
(эмоционалдық сезіммен). Жаңа білім мазмұнын жүзеге асыру үшін оқытудың 
жаңа техналогияларын пайдаланады. Технология – білім мазмұнын жүзеге 
асыратын кең ұғымды әдіс – тәсілдер жиынтығы деп айталамыз[3]. 
Оқу іс – әрекетті жоспарлағанда тәрбиешінің білімділігі, ізденімпаздығы, 
меңгертуі, педагогикалық шеберлігі аса маңызды. Балалардың оқу іс – әрекет 
үстінде көңіл – күйін, зейінін, әрекеттерін бақылау, ойлауға, танымдылығын 
дамыту үшін пікір алуысу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге 
байланысты болмақ. 
Педагог тәрбиеші баланы жігерлендіруші қуат беруші. Орыстын ұлы 
жазушысы Л.Н. Толстойдың «Баланы өз әке – шешесінің сезіміндей жақсы 
көрген ұстаз ғана нағыз ұстаз» деген даналық сөзінің үлкен мәні бар. 
Педагог тәрбиешінің атқаратын ең басты алғы шарты сәбилерді жақсы 
көре білу. Сондықтан тәрбиешіге зор талаптар жүктеледі. Балабақша жүргізіп 
жатқан жұмыс бағыты ата – бабадан қалған салт – дәстүрлерге, адамгершіліккке 
балаларды баули отырып, жаңа дәуір технологиясын табысты игеру. Осыған 
орай бала тәрбиесіне жүргізіп отырған іс – тәжірибенің негізгі міндеттеріне 
тоқтала кетсек. Осы міндеттерді орындау барысында балабақшада көптеген 
жұмыстар атқарылуда әртүрлі тақырыпты қамтитын әр білім саласындағы оқу іс 
– әркеттерді іс – тәжірибеде алмасу мақсатында көсетіліп, қамтылады. 
Тиімді оқыту әдістерінің бірі – оқытудың интерактивті әдістерін оқу іс – 
әрекеттерде пайдалана көрсету[4]. 


183 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет