175
ІІІ Секция
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
ӘОЖ 37.378
Балтабаева Ж.Қ.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
Baltabaevazhanalik@mail.ru
Нұрқасымова А.
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ
ЛЕКСИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИ МӘНІ
Аннотация: Қазіргі тіл білімінде тілді ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі
зерттеудің өрісі кеңейіп жатқандығы белгілі. Өйткені әр тіл өз бойында ұлт тарихын, кәсібі
мен салтын, танымы мен талғамын, дәстүрін тұтастықта сақтаған. Сондықтан да
жалпы білім беретін мектептерде білімалушыларға қазақ тілін оқытуда тілдің бойындағы
ұлттық сипатты, ұлттық рухты таныту басты назарда болуы тиіс.
Халықтың жадында сақталып бүгінгі күнге жеткен ұшан-теңіз сөз байлығымызды
жинап, құрастырып, өзіндік нақыш-бояуымен келесі ұрпаққа табыс ету – бүгінгі таңдағы
қазақ тіл біліміндегі негізгі міндеттердің бірі екендігі анық. Бұл мәселе кейінгі кезде
қалыптасқан этнолингвистика саласының да басты міндеті екендігі даусыз. Ұлттық
болмыста қалыптасқан, төл мәдениетіміз сақталған негізгі тілдік дерек болатын
лексикалық бірліктерге кезінде А.Байтұрсынұлы да өз оқулықтарында ерекше көңіл бөлген.
Мақалада ғалым-әдіскердің жеті рет басылым көрген «Әліппе» оқулығында берілген қазақы
дүниетанымды бойына сiңiрген тілдік бірліктердің ұлттық табиғаты халық өмiрiмен‚ салт-
дәстүрiмен‚ наным-сенiмдерiмен астасып‚ үндесiп жататындығы нақты тілдік
материалдар арқылы дәйектелді.
Достарыңызбен бөлісу: