Конференцияда талқылады басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ерқанат манжуов ашып, жүргізіп отырды. Ол ағымдағы жыл аймақта өтетін қазақ


ЕрлЕр бЕлСІздІгІ - баСты  Назарда



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата19.01.2017
өлшемі4,84 Mb.
#2199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ЕрлЕр бЕлСІздІгІ - баСты  Назарда

Ерлер денсаулығы - әлеуметтік мәселе.     



Индира БАЙҚОНЫС                                                         

Конференцияда    ерлердің  репродуктивті 

денсаулығы  мен    өмір  сүру  сапасын  жақсартуға 

бағытталған  және  өңірлік  ерлер  денсаулығы 

орталықтарын  дамыту  үшін  арнайы  әзірленген 

жаңа  бағдарламаның  жобасы    таныстырылды.  

«Бұл бағдарламада  ерлердің репродуктивті жүйесі 

ауруларының  алдын  алуға  көп    көңіл  бөлінеді.  

Өкінішке орай, ерлердің  98 пайызы дәрігерге ау-

руын асқындырып алған соң келеді. Оның салдары 

эректильді дисфункция және бедеулік сияқты емге 

көнбейтін патологияға айналады. Бүгінде  еліміздің 

көптеген  қалалалрында  жұмыс  істейтін  «Ерлер 

денсаулығы және отбасылық ұзақ өмір» орталығы 

аз  уақытта  жоғары  жетістіктерге  қол  жеткізді.  

Мұндағы дәрігерлер урологиялық ғылымның өзекті 

проблемаларымен  және  ер  адамдардың  ұрпақ 

жаңғырту мәселелерімен айналысады. Медициналық 

ұйым толығымен қажетті заманауи зерттеу аппа-

раттарымен,  құрал-жабдықтармен жабдықталған. 

Науқастардың ауру түрлеріне сәйкес тұрғылықты 

жеріндегі  емханаға  барып,  порталға  тіркеліп, 

орталыққа  келіп  емделе  алады.  Дүниежүзінде 

мұндай  теңдессіз орталық Қазақстанда ғана бар»,-

дейді Мырзакәрім Алшынбаев. Сондай-ақ,еліміздің 

бас урологының айтуынша, қазіргі таңда әлемнің 

алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің өзі Қазақстандағы 

ерлер денсаулығы бір жолға қойылғанына қызыға 

қарайтындықтарын,  өз  елдерінде  де  осындай 

орталықтар  ашуға  ниетті  екендіктерін  білдіріп, 

өзара әріптестік орнатуға ұсыныс білдірген. Б. Жар-

босынов  атындағы  урологиялық  ғылыми-зерттеу 

орталығы, Қазақстан урологтарының қауымдастығы 

және    Салауатты  өмір  салтын  қалыптастырудың 

Ұлттық  орталығымен  бірігіп    әзірленген    жаңа 

бағдарлама аясында өңірлерде  ерлерге арналған 

«Денсаулық мектептерін» ашу,  әскери мекемелер-

де бұл жөнінде дәрістер оқып, қызметкерлерге өз 

денсаулығын күту жөнінде кеңестер беру, бейнема-

териалдар ұйымдастырып, баннерлер орналастыру, 

ақпараттық үнпарақтар тарату жоспарда тұр екен. Ал 

шаһарымыздағы «Ерлер денсаулығы және отбасылық 

ұзақ өмір» орталығының екі жылда атқарған жұмысы 

туралы  аталған  медициналық  мекеменің  уролог-

андрологі Болат Байтіленов баяндап берді.  

  -    2013  жылы    орталықта  6182  адам  қаралса, 

2014 жылы бұл көрсеткіш 11 886  жетті. Тексеру 

нәтижесінде  2749 адамнан  түрлі кезеңдегі эректильді 

дисфункция  белгілері,  1624-де  қуықасты  безінің 

қатерсіз гиперплазиясы, 4702-де простатит, 678-де 

орхит пен эпидидимит, 35-де белсіздік, 585-де ва-

рикоцеле, ал 8517 ер адамда басқа да  түрлі аурулар  

анықталды.    Жыл  өткен  сайын  өз  денсаулығына  

бей-жай  қарамайтын  ер  азаматтарымыздың  саны 

артып,  мамандарға  жүгінушілер  қатары  көбейіп 

келе жатқаны қуантады,-дейді шаһардағы «Ерлер 

денсаулығы және отбасылық ұзақ өмір» орталығының 

уролог-андрологі Болат Байтіленов.  Конференция 

барысында  ер  адамдар  денсаулығының  қазіргі 

жағдайына, урологиялық аурулардың ерте алдын-

алу мәселесіне, сапалы медициналық көмек көрсету 

үшін мекемелерге тиісті  жағдайлар жасауға қатысты 

мәселелер көтерілді.

 

„



қазақ топырағында шешекке қарсы екпе әдісін алғаш Жәнібек хан мен Жиренше шешеннің замандасы, 

1388-1487 жылдары өмір сүрген Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы енгізген. Тіпті бұл әдісті еуропалықтардан 

бірнеше ғасыр бұрын пайдаланған.

Екпенің де емі бар



Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ                                        

Сәби дүниеге шыр етіп келісімен оны қадағалауына 

алатын дәрігерлер түрлі аурудың алдын алудың мақсатында 

екпелер егіп, салмағын өлшеп, дамуын тексеріп отырады. 

Яғни, шақалақ ағзасына аурудың алдын алу үшін әлсіретілген 

вирустардың немесе гендік модификацияланған клеткалардың 

негізінде  әзірленген  препараттар  егіледі.  Бұл  баланың 

болашақта жұқпалы ауруларға шалдығуынан қорғайтын 

екпелер. Мәселен, перзентханада дүниеге келген балаға төрт 

күн ішінде АКДС, БЦЖ, полиомиелит секілді үш бірдей 

екпені салады. Одан соң екпе күнтiзбесiне байланыс¬ты 

бала жасқа толғанша 14 түрлi екпе қабылдайды. Айталық 2 

айлығында — дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге, полиоми-

елитке, гемофильдік инфекцияға, вирустық «В»  гепатитіне, 

3 айлығында — дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге, по-

лиомиелитке, гемофильдік инфекцияға қарсы, 4 айлығында 

—  дифтерияға,  сіреспеге,  көкжөтелге,  полиомиелитке, 

гемофильдік инфекцияға, вирустық «В» гепатитіне қарсы екпе 

алады. Ал 1 жаста — полиомиелитке, қызылшаға, қызамыққа, 

эпидпаротитке қарсы егу жасалады. 1 жас 6 айлығында 

дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге,  гемофильдік инфекцияға 

қарсы қайталап егіледі. 6 жаста туберкулезге, дифтерияға, 

қызылшаға, қызамыққа, эпидпаротитке қарсы қайталап егілсе, 

12 жаста дифтерияға қарсы егіледі. Ал 16 жаста  дифтерияға, 

сіреспеге қарсы және әр 10 жыл сайын (26 жас, 36 жас, 46 жас, 

56 жас) егілуге тиісті.



Мүгедектіктен сақтан! 

Балаларға екпе жасау – адамзаттың үздік жетістіктерінің 

бірі. Екпе арқылы жер шарында миллиондаған бала өлімнен, 

мүгедектіктен аман қалды. Бір кездері талай тағдырды үзген 

шешек (оспа) ауруының жойылуы бұл сөзіміздің дәлелі. 1977 

жылғы қазан айынан бастап дүниежүзінде шешекпен ауырған 

бірде-бір науқас тіркелмеген. Осыған байланысты КСРО за-

манында 1979 жылы шешек ауруына қарсы балаларды егу 

тоқтатылып, екпе күнтізбесінен ысырылды. Күні бүгінге дейін 

қауіпті жұқпалы аурулардың қатарында болған полиомиелит 

те жойылудың аз-ақ алдында, бұл да екпе жасаудың нәтижесі. 

Алайда, әлі де екпе жасау арқылы жоюға немесе әлсіретуге 

болатын жұқпалардан жер бетінде жыл сайын 4 миллионға 

жуық бала өлім құшады екен. Бірақ инфекция жұқтырған 

балалардың қаншасы мүгедек болғандығын, оларды емдеуге, 

сауықтыруға кеткен қаражаттың мөлшерін нақты есептеп 

шығару мүмкін емес.

 Екпені кім бастады?

Медицинаның тарихына үңілсек, инфекцияның иммундық 

алдын алу шарасын 1796 жылы ағылшын дәрігері Эдвард 

Дженнер алғаш екпе жасаудан бастапты. Ол Лондонда ше-

шекке қарсы екпе бекеттерін ашып, ауруға қарсы белсенді 

иммунизацияны жүргізуді жолға қойып, мұның инфекци-

ялы аурулардың алдын алудағы ең нәтижелі әдіс екендігін 

дәлелдеді. Осы тұста айта кетерлігі, қазақ топырағында 

шешекке қарсы екпе әдісін Жәнібек хан мен Жиренше 

шешеннің замандасы, 1388-1487 жылдары өмір сүрген 

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы енгізген. Яғни, ол бұл әдісті 

еуропалықтардан бірнеше ғасыр бұрын пайдаланған және 

өзінің  «Шипагерлiк  баян»  атты  еңбегінде  жариялаған. 

Екпе  жасаудың  маңыздылығын  дәлелдейтін  ең  басты 

факторлардың бірі-ол екпе арқылы басқарылатын жұқпалы 

аурулар көрсеткіштерінің  төмендеуі. Бүгінгі күні жұқпалы 

аурулардың алдын алудың тиімді тәсілі ол екпе жасау және 

бұл фактіге жоқ деп айтуға болмайды, себебі айғақтар өздері 

айтып тұр: жұқпалы індеттерге  екпе жасаудың арқасында  

жер бетінде қарашешек (натуральная оспа) ауруы жойылды, 

полиомиелит ауруы бойынша Қазақстан Республикасы поли-

омиелиттен бос ел атанды және көптеген басқа да індеттердің 

саны төмендеуде. 



Бізде жағдай қандай?

Жамбыл облысы инфекциялық және паразиттік аурулар-

ды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Шара 

Күдебаеваның сөзінше, жұқпалы ауруларға екпе жасаудың 

арқасында біздің облысымызда екпе арқылы басқарылатын 

жұқпалы аурулардың саны бірнеше мәрте төмендеген. 

-  Мысалы 1995 жылы дифтерия (күл) ауруынан облысы-

мызда қолайсыз жағдай болды. Екпе жасаудың нәтижесінде 

бұл індет қазіргі кезде облысымызда  соңғы 3-5 жыл көлемінде 

тіркелген жоқ, көкжөтел (коклюш) ауруы да тіркелмей отыр. 

Қызылша, қызамыққа, эпидпаротитке қарсы екпе жасатудың 

арқасында  10-15 жылдай бұл індеттердің  облысымызда 

көптеп тіркелуіне жол берілмеді. 5 жасқа дейінгі балаларға 

жоспарлы түрде және декреттелген жастағы ересектерге 

де  екпе жасату- бұл денсаулығын қорғаудағы азаматтардың 

конституциялық құқықтарын орындаудың шарасы және 

« ҚР азаматтарының денсаулығын жақсартудың бірінші 

шаралары  туралы»  Президент  Жарлығының  еліміздегі 

эпидемиологиялық жағдайды жақсартудағы бір тармағы 

болып табылады. Қазақстан Республикасының «ХАЛЫҚ 

ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ 

ТУРАЛЫ» Кодексінің 156 бабында  Қазақстан Республи-

касы аумағында тұрып жатқан әр азамат бюджет есебінен 

инфекциялық және паразитарлық ауруларға қарсы екпе алу 

міндетті.

Баланың құқығы, әр азамат сияқты аурудан қорғану 

құқығына ие болуы керек. Бүгінгі күні жер бетінде 40 жұқпалы 

ауруға қарсы екпе түрі қолданылады. Яғни кез келген жұқпалы 

індетке қарсы  екпе бар болса, ата-ананың өз баласын қорғауға 

мүмкіндігі бар. Біздің облысымызда инфекциялық індеттердің 

21 түріне қарсы екпелер қолданылады. Оның 4-уіне қаражат 

жергілікті бюджеттен бөлінеді, қалған 17-не республикалық 

бюджеттен бөлінеді. Сондай-ақ, әр елдің өзінің ұлттық екпе 

жасау күнтізбесі бар, онда заңды түрде аса қауіпті және жалпы 

инфекцияларға қарсы тиімді және қол жетімді екпелер (вак-

циналар) енгізілген. Біздің елде Ұлттық күнтізбе Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 30.12.2009 ж. №2295 Қаулысымен 

бекітілген және барлық екпелер тегін жүргізіледі. Ұлттық 

күнтізбеде көрсетілген көптеген жұқпалы ауруларға қарсы  жа-

сына қарай екпемен қамтылуы тиіс адамдарды екпемен қамту 

пайызы облыста 95-98%   көрсетуде. Екпе жасату- әркімнің 

жеке ісі. Аурудан келетін зиян, екпеден келетін зияннан он 

еседей асып түседі. Бірақ, екпеден кейінгі асқынулардың 

зияны өте аз. Мысалы дифтерияны алайық, одан өліп кетуі 

мүмкін немесе мүгедек болып қалуы мүмкін. Ал екпеден кейін 

мұндай жағдайлар болмайды. Кез келген екпе организмнің 

жергілікті және жалпы  реакциясын тудырады, ол жасалған 

екпеге жауап ретінде және иммунитетті туындатады, - дейді 

Шара Күдебаева. 

Бет қатталып жатқанда:

Тараз  қалалық  тұтынушылар  құқық  қорғау 

басқармасы 20-25 сәуір аралығында «Алдын алу. Қорғау. 

Егу» ұранымен иммундау апталығы өтетінін хабарлады. 

Бұл шараға жауапкершілікпен қарайық!


ЖаНазық

10

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №17 (1252),  22  СӘУІР  2015 ЖЫЛ 



g

 Осыдан тура табаны күректей  43 жыл бұрын, яғни 1972 жыл  ЮНЕсКО-

ның шешімімен «Халықаралық кітап жылы» деп аталса, 1995 жылы 23 сәуір - 

«Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. содан  бері бұл күн ресей, Герма-

ния, америка сынды алпауыт елдерде аса жоғары деңгейде аталып өтілуде.

Әлем  әдебиеті  үшін  символикалық  дата 

Дүниежүзілік кітап күнінің алар орны да ора-

сан.  Нақ  осы  күні  1616  жылы    М.Сервантес, 

У.Шекспир  және  Инка  Гарсиласо  де  ла  Вега 

өмірден озды. Сондай-ақ, дәл осы күні  Морис 

Дрюон, Хальдоур Лакснесс, Дж.Пла мен Ману-

эль Мехиа Вальехо сынды танымал қаламгерлер 

дүниеге келген екен.1995 жылы Парижде өткен 

ЮНЕСКО-ның  Бас  конференциясы  бұл  күні 

кітаптар мен авторларға құрмет білдіру туралы 

қабылдаған шешімі қисынды. ЮНЕСКО барша-

ны, әсіресе, жастарды кітап оқудан ләззат алуға 

және адамзаттың әлеуметтік және мәдени даму-

ына өлшеусіз үлес қосқан адамдардың еңбегін 

құрметтеуге  шақырады.  Кітаптың  көмегімен 

біз ең алдымен білімге, идеяларға, рухани және 

моральдық құндылықтарға қолжетімділікті ала-

мыз, сұлулық пен адамзаттың шығармашылық 

жетістіктерін түсінеміз. Ежелгі заманда Мысыр 

мен Шығыс елдерінде, Грекия мен Римде кітап 

қыш тақталарға жазылды. Кітап тас бетіне де 

қашалып  жазылды.Түркі  халықтарының  көне 

жазба мұрасы болып табылатын «Орхон – Енисей 

жазба ескерткіштерін» (VII-IX ғ.ғ.) ашық аспан 

астында тұрған тас кітаптар деп айтуға болады.



Алғашқы кітап

Көпшілікке арналған алғашқы баспа өнімдері 

(діни  уағыздар,  қолжазба  кітаптар)  ағаш 

қабығына,  теріге,  кейіннен  қағазға  қолмен 

көшіріліп  жазылған.  Ірі  қалаларда  қолжазба 

кітапты мәнерлеу өнерімен шұғылданатын ар-

найы  мамандар-  көшірмешілер,  түптеушілер, 

миниатюрші  суретшілерді  топтастырған 

орталықтар жұмыс істеген (қысқаша Қолжазба 

кітаптар). Біртекті мәтінді көп данамен тара-

татын Баспа тарихы Қытайда кітап көбейтудің 

жаңа әдісі – ксилографияның (ағаштан ойылған 

қалыппен басу) пайда болуынан басталады (VIII-

IX ғасырлар). Осы әдіспен ең алғаш будда дінінің 

«Жақұт сутра» (868) деген қасиетті кітабы ба-

сылды. 1040-1048 жылдары Би Шен жылжымалы 

қаріптерді, құйма әріптермен теру процесін ойлап 

тапты (Еуропаға бұл жаңалық IV ғасырдан кейін 

келді). XIV ғасырда Қытайда түрлі-түсті баспа пай-

да болды. 1340 жылы «Сутраның түсініктемелері» 

деген кітап 2 түрлі бояумен басылып шықты. 

Еуропада 1445 жылы неміс өнертапқышы Иоганн 

Гутенберг кітап басуға алғаш рет жылжымалы 

құйма әріптерді пайдаланды. Ал, Ресейде 1564 

жылы Иван Федоров пен Петр Мстиславец орыс 

тіліндегі  тұңғыш  кітап  «Апостолды»  басып 

шығарды. XVI-XVII ғасырларда баспаханаларды 

ірілендіру, шығаратын өнім көлемін ұлғайту және 

оны сатуды жүйелі жолға қоюдың қажеттілігіне 

қарай  жекелеген  баспагерлер  көптеп  шықты. 

Бұлардың қатарында Мануция Альда (Венеция), 

К.Плантена (Антверпен), Элзевировтар отбасы 

(Нидерландия), Этьенков және Дидо (Франция) 

секілді  баспагерлерді  ерекше  атауға  болады.  

XVIII-XIX  ғасырларда  Баспа  саны  әлемнің 

алдыңғы қатарлы елдерінде шапшаң өсті.XIX 

ғасырдың  соңы  мен  XX  ғасырдың  басында           

Баспалар акционерлік қоғам түрінде құрылып, өз 

ішінен кітап, газет-журнал Баспаларына жіктеле 

бастады. Бұл кезеңде Баспа мен баспахана екеуі 

бір тұтас болды. Кітаптар баспахананың өзінде 

дайындалып, басылып шықты. 



Қазақтың тұңғышы

Қазақ тілінде кітап шығару ісінің тарихы 1800 

жылы Қазан қаласында ашылған бірінші Азиялық 

баспаханадан  басталады.  Қазақ  тiлiндегi  ең 

алғашқы кiтап – 1807 жылы Қазан қаласында ба-

сылып шыққан «Сейфүл – Мәлiк» қиссасы. Жалпы 

1917 жылға дейін қазақ тілінде жеті жүзге жуық 

кітап басылып шыққан екен.  Кеңес үкіметі кезінде 

баспа ісі мемлекет қамқорлығында болып, елде 

танымал ақын-жазушылардың шығармаларының 

таралымы жүз мыңдаған данаға жеткен. Бүгінгі 

таңда Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының 

мәліметтері бойынша, елімізде 315 баспа мен кітап 

шығару ісімен айналысатын мекеме тіркеліпті. 

Олардың 208-і Алматыда шоғырланған. Алайда 

баспалар шығарып жатқан кітаптардың таралымы 

тым төмен. Көркем әдебиеттің жүз мыңдаған да-

намен баспа бетін көруі өткен заманда қалғандай. 

Өйткені жарық көрген бір кітаптың таралымы 

2 000-5 000 дананың аралығында ғана. Кезінде 

«ең оқымысты» елдердің қатарынан табылатын 

қазақстандықтардың бүгінгі жайы ауыз толтырып 

айтарлықтай емес.

Әйгілі Отырар кітапханасы 

«Отырар»  кітапханасы әлемде «Александрия» 

кітапханасынан кейінгі  екінші орынды алған. 

Отырар кітапханасы Шыңғысхан шапқыншылығы 

кезінде жоғалып кетті. Бұрын Фараб аталған бұл 

қаладан тек ислам әлеміне емес, күллі дүние 

жүзіне  аты  мәшһүр,  әлемдік  ғылымға  сүбелі 

үлес қосқан оқымыстылар шыққан-ды. «Әлемнің 

екінші ұстазы» атанған бабамыз Әбу Насыр әл-

Фараби ол әлемнің екінші ірі кітапханасында 

білім нәрінен сусындап өсті. Мұнда ежелгі сына 

жазуымен  жазылған  туындылар  мен  папирус 

орама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуро-

па, араб және Қытай ғалым-оқымыстыларының 

шығармаларына дейін жинақталған. Міне, осын-

дай кітап қоры өте бай кітапхана 1218 жылы пұтқа 

табынушы шапқыншылардың аяғына тапталды. 

Қазақстандағы ең бай кітапхана

Қазақстандағы ең бай кітап қоры «Ғылым ор-

дасы» ғылыми кітапханасында (бұрынғы Орталық 

ғылыми кітапхана) сақталған. 80 жылдық тарихы 

бар ең көне кітапханадағы кітаптың саны 5 млн. 

600 мыңнан асады. Белгілі ғалым, жазушы Шери-

аздан Елеукенов: «Бүгінде жаратылыстану және 

қоғамдық ғылымдар саласында кітап қоры бай 

дәл мұндай кітапхана иесі Кіндік Азияда жоқ» 

деп бағалайды. Бұл кітапханада сирек кездесетін 

кітаптар мұражайы орналасқан. Атақты шығыс 

шайыры – Әлішер Науаидің диуандарын, Ораз 

Молда аудармасындағы Әбілқасым Фирдоусидің 

«Шаһнамесін»,  Физулидің  «Ләйлі-Мәжнүн» 

шығармасын ел арасында қолдан-қолға көшірілген 

қолжазба күйінде көруге мүмкіндік алды. «Шығыс 

Илиадасы» аталған «Шаһнаме», «Лейлі-Мәжнүн» 

ғашықтық  дастандары  қазақ  арасында  ауыз 

әдебиет үлгісінде де, қолжазба түрінде де тарады. 

Ораз Молда, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шәкәрім 

Құдайбердіұлы,  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеевтің 

шығармалары, Жаяу Мұсаның күнделігі, Шәді 

Төренің өлеңдері, Әлкей Марғұлан шығармалары 

шығармалары қолжазба күйінде сақталған.  

      Әлемде,мұрағатында  5000000  кітабы  бар 

кітапханалар бар. Шетелдік «кітапжегіштердің» 

айтуынша мұндай кітапханалар әлемде сирек 

кездеседі деуге болмайды. 



Тараздағы «Жазғы оқу залы»

Ағымдағы жылы Қазақ хандығына 550 жыл, 

Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл, Ұлы 

Жеңіске 70 жыл, ҚР Конституциясына 20 жыл 

толмақ. Осыған орай тарихқа түйілген  құпиялар  

мен  әлемдік  ақыл-ойдың  інжу-маржанын 

қойнына сақтап тұрған қасиетті Тараз шахарының 

орталықтандырылған  көпшілік  кітапханалар 

жүйесіне қарасты кітапханаларда  оқырмандарға 

әдебиеттерді насихаттауға, кез келген тәсілмен 

ақпараттарды  жеткізуге,  азаматтардың  жалпы 

білім, мәдени, кәсіби деңгейінің жоғарылауына 

көмектесуге және ұлттық рухани құндылықтар 

мен әлем мәдениетін тарату мәселелерін шешуге 

бағытталған  «Оқу  мемлекет  және  тұлға  үшін 

құндылық» және «Жазғы оқу залы», «Дауыстап 

кітап оқу - руханиятқа талпынысты ояту»  жобала-

ры бойынша  жұмыстар  атқарылуда. Бірінші жоба 

бойынша шығармашылық конкурстар, отандық, 

жергілікті  ақын-жазушыларымен  кездесулер, 

оқуға арналған түрлі акциялар, қаланың тарихы, 

мәдениеті мен әдебиеті бойынша баспалық және 

электронды жинақтар шығару, Абай оқулары, әдеби 

фестивальдар мен конкурстарды дәстүрлі түрде 

өткізу қарастырылған.  

 

 



     «Жазғы    оқу  залы»  жобасы  2013  жылы 

оқырманды оқуға тарту, оның деңгейін көтеру 

мақсатында кітапхана жұмысына енгізіліп, ашық 

аспан аясында қала тұрғындарының бос уақытын 

тиімді  пайдалану,  әсіресе  жазғы  демалыстағы 

балалар    оқырмандарын    кітапханаға  тартып, 

кітап оқуға  қызығушылығын арттыру әдістері 

жүзеге  асырылды.  «Жазғы  оқу  залы»  Жобасы 

Тараз қаласында алғаш рет маусым, шілде, та-

мыз айлары аралығында Т.Рысқұлов атындағы 

орталық  саябағында,  Б.Момышұлы  атындағы 

«Жеңіс» саябағында және «Арман», «Фресно» 

саябақтарында жұмыстың әр түрінен көптеген 

мәдени іс-шаралар өткізу арқылы кітап қорлары 

насихатталынып, жүйелі түрде жүзеге асыры-

лып отырды. Бұған қоса, «Дауыстап кітап оқу – 

руханиятқа талпынысты ояту» атты жобасы 2015 

жылдан бастап Тараз қаласы Орталықтандырылған 

көпшілік кітапханалар жүйесі бойынша  кітапхана 

ісіне енгізіліп, жаңашылдық бағытта іс - шаралар 

өткізілуде.  Қаладағы  барлық  кітапханаларда 

ағартушылық, танымдылық және коммуникативті 

қызметтерінің  негізгі  бағыттары  бойынша 

мақсатты  бағдарламалар  мен  қызығушылық 

клубтары  жұмыс  істейді.  Мәселен,  бір  ғана 

Абай  атындағы  орталық  кітапхананың  өзінде  

“Шаңырақ”, «Шабыт-Вдохновение», М. Әуезов 

атындағы кітапханада«Айгөлек», «Ой-толқын», 

«Очаг», М. Шолохов атындағы кітапханада «Ақ 

желкен», «Бәйтерек»,  Ғ. Мұратбаев атындағы 

кітапханада  «Сымбат»,  «Кітап  құмар»,  №4 

кітапхана «Әйел әлемі», №5 кітапханада «Дарын», 

№6 кітапханада  «Байлық», «Жас Отан»,  № 7 

кітапхана  «Асыл  қазына»  атты  қызығушылық 

клубтары іске қосылған. Бұған қоса, қаладағы 

барлық кітапханаларда «ХХІ ғасыр - Қазақстанның 

жұлдызды ғасыры», «Тәуелсіз ел және Елбасы», 

«Конституция - кемел келешектің кепілі», «Нұрлы 

жол - болашаққа бастар жол», республикалық 

«Бір  ел  -  бір  кітап»  акциясы,  «Достық  біздің 

тірегіміз»,  «Жайнай  бер,  жайсаң  жер  Тара-

зым», «Біздің балалық шақтың жазушылары», 

«Ғажайып ертегілер», «Мен тұратын өлке» сынды 

тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылған.  

      Халықаралық кітап күніне орай Ш.Уалиханов 

атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханадан 

бастап, барлық қалалық кітапханаларда танымдық 

шаралар  жоспарға  қойылған.  Мәселен,  Абай 

атындағы орталық кітапханада «Кітап – ғасыр 

мұрасы» атты қызықты әдебиеттер шеруінде 1200 

шығармалар жинақталған Электрондық  «Қазақ  

үйі» және  әлем әдебиеті кітапханасы айдарымен 

жарық көрген «Еуропа поэзиясы ХХ ғасыр»,«Батыс 

Еуропа  классикалық  драматургиясы»,  «Орыс 

прозасы  ХХ  ғасыр»,  жетінші  сөз  айдарымен 

жарық  көрген    «Қазақ  хандығының  тарихы», 

«Абай», «Шыңғыс хан және оның ұрпақтары» 

және т. б. қызықты әдебиеттер ұсынылады. Ал 

жергілікті  оқырмандар  М.Әуезов  атындағы 

кітапханада  «Ой  қазынасы  оқырманға»  әдеби 

ойында ертегі  кейіпкерлерімен кездесіп, балалар 

жазушыларының шығармалары мен электронды 

нұсқадағы кітаптармен танысып, «Менің сүйікті 

кітабым» атты көріністерді тамашалап, өздерін 

қызықтырған түрлі-түсті әсем безендірілген жаңа 

түскен 3D  кітаптарын алып оқи алады. М.Шолохов 

атындағы кітапханада «Кітаптан берілер сый» 

атты  викториналық ойында кітаптың шығу тари-

хымен әлемді  танып-білгісі  келетін  білімқұмар  

балалардың    құштарлығын    қанағаттандыру  

мақсатында «Кітап нені сүйеді?», «Ғажайып хика-

ялар сериясы» тақырыптарында қызықты ойындар 

өткізіледі. Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханада жас 

бүлдіршіндерге арналған «Кітап –өлшеусіз қазына, 

өрісі кең әлем» сиқырлы кітаптар елінде ертегі 

кейіпкерлермен бірге ертегілер еліне саяхат жасап, 

қызықты  көркем әдебиеттермен танысып, Сұрақ – 

жауап, Блиц турнир ойындары ұйымдастырылады. 

№6  кітапханада  «Кітап  –  сарқылмас  рухани 

қазына»  атты  интеллектуалды  ойында    қазақ 

халқының санға байланысты мақал -мәтелдердегі 

әрбір  санның  тәрбиелік  мәнін  түсіне  білуін 

қалыптастыру мақсатында «Санның сыры» атты  

мақал-мәтелдердің жалғасын табу сайысы, кітап, 

білім, оқу туралы даналардың айтқан сөздерінен 

«Даналар  сөзі»  және  оқу,  білім,  кітап  туралы 

мақал-мәтелдің жалғасын табу мақсатында  «Білім-

теңіз, оқу-кеме»  сайыстары ұйымдастырылады. 

№5 кітапханада «Ұрпаққа рухани базарлық» атты  

кітаптар  шеруіне  жүз  томдық  «Бабалар  сөзі» 

атты сериясымен жарық көрген кітаптармен, ал 

№7 кітапханада «Мен әлемді танимын» қызықты 

ақпараттық  шолуда  жас  оқырмандар  қызықты 

энциклопедиялармен таныса алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет