Конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет34/60
Дата09.03.2017
өлшемі9,39 Mb.
#8612
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары / М. Ералиева // Бастауыш мектеп. – 2006.

2. Тихомирова, Н. В. Глобальная стратегия развития smart -общества. МЭСИ на пути к Smart

университету [Электрондық ресурс] / Н. В. Тихомирова // Smart Education. — Режим доступа: 

\www/URL: http://smartmesi.blogspot.com/2012/03/ smartsmart.html. — 22.03.2012.  

3. Тихомиров, В. П. Мир на пути к смарт обществу [Электрондық ресурс] / В. П. Тихомиров.

—  Режим  доступа:  \www/  URL:  http://meforum.ru/upload/iblock/982/9822ab64e20526 

3119d6568e24dc4292.pdf  

4.

Система интерактивного тестирования: общая характеристика и использование в учебном



процессе  [Электрондық  ресурс]  //  Компания  «СМАРТ.  Интерактивные  Технологии  и 

Системы». — Режим доступа: \www/URL: http://intis. 

 


239 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ  САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 

Сугирова Бану Асеткызы

Шымкент қаласы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру 

Ұлттық орталығы» АҚ филиалы ОҚО 

бойынша ПҚБА институты аға оқытушысы 

Қазіргі  әлемдік  білім  кеңістігіндегі  халықаралық  стандарт  талаптарына  сай  оқыту 

үдерісінің  орталық  тұлғасы  білім  алушы  субъект,  ал  ол  субьектінің  алған  білімінің  түпкі 

нәтижесі  құзіреттіліктер  болып  белгіленуі  білім  беру  жүйесінде  «функционалдық 

сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған 

орай  алған  білімдері  негізінде  әрекет  етуге  қабілеттілік  пен  даярлықты  білдіретін 

құзыреттіліктерді  қалыптастыру  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  маңызды  буыны  болып 

саналатын  жалпы  білім  беретін  орта  мектептердегі  әрбір  пәнді  оқытудың  да  басым 

бағыттарының бірі болып табылады. 

          Функционалдық  сауаттылық  оқушылардың  танымдық  қабілеттерінің  деңгейін  және 

оқушылардың  өнімді  жұмысының  көрсеткішін  білім  деңгейі  ретінде  қарастырады.  Бұл 

деңгей  өмірдің  әртүрлі  саласындағы  тапсырмаларды  шешуде  мектептік  білім  мазмұнының 

қолданбалық  сипатына  және  оқушылардың  игерген  біліміне  негізделеді.  Сондықтан, 

қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс-тәжірибені 

меңгеру  үшін  оқушылардың  білім  алу  барысында  негізгі  және  пәндік  құзыреттіліктері 

қалыптасуы 

тиіс. 


Құзыреттілік  тұрғыда  білім  беру  білім  мазмұнының  тұлғалық  бағдарын  нығайтуға 

және  оны  едәуір  практикаға  бағыттауға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  құзыреттілік 

тұрғыдағы  білім  беру  шеңберінде  білім  көлемінің  ұлғаюына  қарағанда,  әрекеттердің  жан-

жақты тәжірибелерінің меңгерілуі басымды болып табылады, яғни әртүрлі жағдайлардағы іс-

әрекеттер 

мен 


амалдардың 

жекелей 


жинақтары 

кеңейтіледі. 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  «Білім  бәріне  ортақ»  атты  бағдарламасына  сай  зерттеулерде 

функционалдық сауаттылық әр азаматтың міндеті ретінде қарастырылып, әрмен қарай кәсіби 

сауаттылықпен жалғасатыны анық айтылған .  

Білім  беруде  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  бойынша 

білім  беру  деңгейлеріндегі  оқу  пәндері  білім  мазмұнының  кіріктірілуі  мен  сабақтастығын 

іске  асырудың  негізгі  жолдарын  анықтау  өзекті  мәселе  болып  табылады.  

Сонымен  қоса  білім  беру  деңгейлеріндегі  оқушының  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру бойынша біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің 

мақсатынан бастап оқытудың түпкі  нәтижесіне дейінгі  аралықтағы компоненттердің бірлігі 

арқылы жүзеге асуы тиіс. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім 

мазмұнын  білім  беру  деңгейлерінде  оқушының  функционалдық  сауаттылығына  негіздеп 

құру тиімді болмақ. 

 Оқушылардың  мектепте  алған  білімдерін,  іскерлігі  мен  дағдыларын  адами  іс-

әрекеттердің  әртүрлі  салаларында,    сондай-ақ  тұлғааралық  қарым-қатынас  пен  әлеуметтік 

қатынастарда өмірлік міндеттерді  шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыратын 

және  дамытатын  білім  мазмұнының  іс-әрекеттік  компонентін  кіріктіру  оның  практикалық 

және 

қолданбалық 



мазмұнын 

күшейтуге 

септігін 

тигізеді. 

Білім  беру  мазмұнына  іс-әрекеттік  компонентті  кіріктіру  оқушылардың  өмірлік  іс-

әрекеттерінде  әртүрлі  міндеттерді  шешу  біліктерін  дамытуға,  практикалық  жағдайларда 

тиімді  және  әлеуметтік  бейімделу  үдерісінде  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік  беретін 

шығармашылық  және  практикаға  бағытталған  оқу  материалдарының  берілуін  ұйғарады.  

Білім  беру  мазмұнындағы  когнитивтік  компоненттер  оқушының  базалық  білімді  меңгеруі 

барысында білімдік және іс-әрекеттік дайындығын қамтамасыз етіп, білім жүйесіндегі пәндік 



240 

құзыреттіліктерді  дамытуға,  яғни  оқу  пәні  шеңберінде  білім,  іскерлік,  дағдыларды 

меңгертуге бағытталады. 

ž  Көптеген  жылдар  бойы  бағалау   бір    оқушының  білімін  басқа  оқу  оқушылардың   оқу 

жетістіктерінің  нәтижелерімен  салыстырумен  аяқталады  және  мұндай  бағалау  әдісі 

төмендегідей кемшіліктерге әкеледі:   

• Оқу  нәтижелерін  нақты критериалды (  критерий-бағалау  құралы) бағалау жоспарланған

жетістіктерін ата-аналар мен педагогтар, оқушылардың түсінбеуі; 

• Әрбір оқушыға,  мұғалім сыныптың орта білім деңгейіне қарап,  баға қояды.

• Оқушыларға  қойылған  бағалар,  нақты білім,  білік,  дағды элементтерін   меңгергенін

көрсете алмайды, сондықтан  әр оқушының жетістігін   анықтай алмайды; 

• Оқыту  үдерісінде  мұғалімдер  мен  оқушылар  арасында  тығыз  байланыс  болмаса,  оқуда

жоғары 

уәжге 


жетуге 

мүмкіндік 

туғызылмайды,себебі 

сабақ 


барысында 

мұғалімдердің авторитарлық іс-қимылы басым(оқу үдерісін бағыттау,бағалау,т.б.) 

ž  Бағалау  жүйесі  -  мектепте  білім  беру  үдерісінің  негізгі  интеграциялық  факторы,  кері 

байланысты жүзеге асыру және оқыту мәселелерін талдау негізі. 

Критериалды бағалау : 

1.оқушылардың оқу-таным құзыреттілігін  қалыптастыруға бағытталған;

2.оқу  барысында  білім  мазмұны  мен   мақсаттар  сәйкес  жететін  жетістіктері  толық

анықталған; 

3.

салыстырмалы  түрде  ұжыммен  дайындалып,  барлық  қатысушылар  критериийлер



түрлерімен алдын-ала таныстырылған үдеріс. 

Оқушыларға бағалаудың мынадай түрі рұқсат етіледі: 

• оқудың әралуан түрлерін, өз түсінігін білдіру үшін икемділік пен саналы қызмет түрлерін

қолдану; 

• нәтижені  бағдарлау  үшін  өлшемді  бағалауды  түсіну  және  білу,  өз  қызметінің  жетістігін

зердесіне жеткізу; 

• өз құрдастары және өзін бағалау, рефлекцияға қатысу;

• нақты міндеттерді шешу үшін білімін пайдалану, әртүрлі көзқарас білдіру, сыни ойлау.

Оқушының  функционалдық  сауаттылығын  дамытуда  бағалау  жүйесінің  ерекшелігі  зор. 

Осыған  байланысты  келешекте  бағалау  жүйесіне  мынандай  тұжырымдармасын ұсынуға 

болады:   



Күтілетін нәтижелер: 

-оқуға деген ынтасының артуы; 

-оқушының жан-жақтылығы; 

-бірігіп топпен жұмыс жасауға қалыптасуы; 

-өз жетістіктерін дұрыс бағалай білуі; 

-тілдерін қалыптастырады, сөздік қорын дамытады. 

  Елімізде  болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  түрлендірулер  адамзаттың  барлық 

салаларына  елеулі  өзертулер  енгізді.  Әсіресе  бұл  білім  саласына  айтарлықтай  ықпал  етті. 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  жолдаған  жолдауында  білім  мәселесіне 

нақты тоқталып, алдымызға міндеттер қойды. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз 

үшін біз сауаттылығы жоғары мамандар дайындаумыз керектігін айтты. 

  Бүгінгі  күні  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  —  оқу  үдерісінің  маңызды  да 

салмақты  бөлігі  болып  табылады.  Сол  себептен,  зерттеу  іс-әрекеттерін  кеңінен  қолданып, 

оқушылардың  жетістіктерін  бүгінгі  күннің  талабына  сай  жаңаша  бағалау  жүйесі  қажет 

етіледі.  Бұл  жерде  оқушылар  өзін-өзі  бағалау,  бірін-бірі  бағалау,  топтық  бағалауда  оқу 

үдерісінің белсенді қатысушысы бола  алады.  Өйткені, дәстүрлі  бағалау процесінде мұғалім 

оқушыға  жауап  бергені  үшін  немесе  сабақ  оқымағаны  үшін  баға  қояды.  Сонда  оқушы 

қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде 

оқушы  бағаны  қандай  критерийлер  бойынша  алғанын,  келесі  сабақтарда  қандай 

критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-

әрекеті  де  бағаланады.  Одан  басқа  оқушыларды  бағалауда  мұғалім  түрлі  әдіс-тәсілдерді 


241 

қолдана  алады.  Біріншіден,  оқушының  қызығушылығы  артады,  екіншіден,  мұғалімнің 

жұмысы  да  жеңілдеуі  мүмкін  (оқушылар  бірін  бірі  бағалау,  топпен  бағалау,  топты  бағалау 

әдістерін қолданғанда). 



  Бағалау -  оқыту  нәтижесін  анықтау  үшін  қолданылатын  тәсіл,  оқушының  берілген 

тақырыпты  меңгерудегі  кемшіліктерін  жоюда,  оның  үлгерімінің  нәтижелі  болуына  ықпал 

ететін  фактор.  Бағалау,  көбінесе,  баға  қоюдың  синтездік  түрі  (1-ден  5-ке  дейінгі  ранг) 

арқылы  жүзеге  асады.  Сондай-ақ,  мектеп  тәжірибесіндегі  бағалау  баға  қоюмен  ғана 

шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін 

анықтауға  мүмкіндік  беретін  оқытудың  маңызды  құрамды  бөлігі  болып  табылады.  Жоғары 

оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі. 

  1960-жылдардан  бастап  формативтік  (қалыптастырушы)  және  суммативті  (жиынтық) 

бағалау  терминдерінің  арасындағы  айырмашылық  енгізіле  бастады.  Нақтырақ  айтқанда, 

жіктеу  үшін  өткізілетін  оқуды  бағалау  және  оқытудың  бөлігі  ретінде  бағалауды  қолдану 

болатын  оқыту  үшін  бағалау  арасында.  Оқытуды,  әдістерді  жақсарту  мүмкіндіктерін 

анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін 

қолданысқа  енді.  Бағалау  оқытудың  алға  жылжуын  белгілейді  және  өзінің  функциясы 

бойынша бағалау жиынтық (оқуды бағалау) болып саналады. 

  Оқушыны  қандай  мақсатта,  не  үшін,  қалай  бағалаймыз?  Бағалау  кезінде  мынадай 

мақсаттар  болуы  мүмкін:  оқытудың  қиындықтарын  анықтау,  жетістікке  жеткендегі  кері 

байланыс,  уәж,  болжау,  стандарттарды  бақылау,  бағдарламаның  мазмұны  мен  стилін 

бақылау.  Бұл  келтірілген  барлық  бағалаудың  түрлерінде  бақылау,  интерпретациялау, 

қорытындылауды қамтиды. 

        «Оқыту  үшін  бағалау  және  оқуды  бағалау»  модулі  білім  беру,  оқыту  үдерісіндегі  әдіс-

тәсілдердің барлық түрлерімен байланыста болады. Бұны меңгеру үшін қалған модульдердің 

мазмұнын  игеру  қажет,  болжау,  сұрыптау,  бақылау,  жоспарлау  әдістерін  меңгеру  керек. 

Оқушылардың  алға  қарай  даму  мақсатында  жұмыс  нәтижелерін,  өз-өздерін  бағалай  білуі 

керек. Оқуды бағалаудың мақсаты — оқушылардың оқып білгенін жинақтау. Бірақ, маңызды 

мәні  бар  тест  жүйесі  арқылы  оқушылардың  білімін  бағалау  оқыту  үдерісіне  кері  әсерін 

тигізуі мүмкін. 

       Мұғалімнің  оқушыларды  бағалауы  —  ол  оның  білімін  топтау,  белгілі  бір  шаблонмен 

салыстыру.  Мұғалімнің  іс-әрекеттеріне  қарай,  шеберлігіне  қарай  оқушыларды  бағалауда 

бірнеше  әдістерін  қолдана  алады:  жеке,  жұптық,  топтық,  жиынтық,  қателер  талдауын, 

салыстырмалы түрде, өздерін-өздері, кері  байланыс, т.б. Оқушының мұғалімге деген сенімі 

артады, көзқарасы өзгереді. 

 Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1. Н.Ә.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты

бағыты. - 2012 ж. «Ана тілі» газеті, № 5. – 7-8 бет.

2. Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016  жылдарға

арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. ҚР Үкііметінің № 832 қаулысы. 2012 жылғы 25 маусым, 

Астана, Үкімет Үйі. 

3. «Қазақстан мектебі» журналы-2009\ №9,10

4. К.Өстеміров, А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары» - А., 2006ж.\


242 

ОҚЫТУДЫҢ ТҮПКІ НӘТИЖЕСІН АРТТЫРУДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН 

ТЕХНОЛОГИЗАЦИЯЛАУДЫҢ РӨЛІ 

Қапсытбаева Алма Құрманқызы 

жетекші маман 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО бойынша ПҚ БАИ» 

Петропавл қ. 

Қaзақстaн Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа 

бастар  жол»  халыққа  Жолдауында  айқындалған  білім  беруді  дамытудың  стратегиялық 

бaғдaрлaры,  білімдендіру  кеңестігінің  бaрлық  субьектілерінің  кешенді  түрде  инновациялық 

іс-қимыл бағыттарында өзіндік іске асырылуда. 

Қaзaқcтaн  Республикacы  білім  беру  жүйeсі  қазіргі  тaңдa  өзгepмелі  жәнe  өcкeлeң 

тaлaптap  мeн  қaжeттіліктepге  бaca  нaзap  aудapып,  отaндық  білім  caлacын  әлемдік  білім 

кeңістігінe кіpіктіpугe бeтбұpыс жaсaудa. Қaзaқcтaн Реcпубликасының Білім турaлы Зaңында 

«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы aдамзaттық құндылықтap, ғылым 

мен пpaктиканың жетістіктері негізінде жеке aдaмды қaлыптacтыpуға және кәcіби шыңдaуғa 

бaғыттaлған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын 

eнгізey,  білім  беpyді  aқпaрaттaндыpy,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге 

шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. 

Педaгогтің  міндеті  –  мәдениетті  түpде  білімді,  іскep,  жеке  тұлғаны  дамыту, 

ұлтымыздың рухын көтеру, осы  мақсатқа жететіндей тиімді  жол іздеу. Бұл білім жетілдіру 

және  оны  сапалы  деңгейге  көтеруді  алға  тартып  отыр.  Педагог  алғаш  педагогикалық 

технологияларды  оқып  үйренеді,  екіншіден  меңгереді,  үшіншіден,  тәжірибеде  қолданады, 

төртіншіден  оны  дамытып  нәтижесін  көрсетеді.  Педагогтердің  кәсіби  қызметінің  деңгейін 

көтеру,  оқыту  үдерісін  ізгілендіру  мақсатында  әр  педагог  өз  мүмкіндігіне  қaрaй  оқу 

үдерісіндегі  озық  технологияларды  пaйдaлaнaды.  Білім  беру  жүйесіндегі  қазіргі  талап, 

сабақты ұйымдастырудың тиімді жолдардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын орынды 

қолдану болып табылады. 

Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдaрынан тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету 

жолындағы  әр  талабына  тұғыр  боларлықтай  ұрпақ  оқыту,  тәрбиелеу  ісін  жаңа  сaпaлық 

өзгерістер  деңгейіне  көтеруді  тaлaп  етіп  отыр.  Біздің  міндетіміз  –  білім  беруде  жaңa 

технологиялaр мен жaңaшa оқыту әдістерін тиімді қолдану, білім сапасын көтеру, жан-жақты 

дамыту, әрине, дамудың негізі – білімде екенін де ұмытпауымыз керек. 

Педaгогтің  негізгі  ұстaнғaн  мaқсаты  –  білімнің  жaңa  үлгісін  жaсaп,  белгілі  бір 

көлемдегі білім мен білік дaғдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сaн 

түрлі жaңa әдіс-тәсілдерін іздестіру, жaңa технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. 

Қазіргі  қоғам  сапалы  да  сындарлы  білімді  қажет  етеді.  Сондықтан  да  қазіргі  таңда 

педагогтің  рөлі  зoр.  Oл  өз  шәкірттеріне  үнемі  үлгі  бoлып,  oларды  үнемі  aлғa  ұмытылуға 

жетелеп, шабыттандырып, демеп отыруы тиіс. 

Педaгогикa  сaлacындaғы  өзекті  мәселе  –  oрта  білім  берудің  жаңа  үлгісін  құру, 

қоғамдағы нәтижелілігін арттыру және бaрлық жерде қoлданысқa енгізу. Білім мeн ғылымды 

дамыту бaғдaрлaмaсының сaпaсы мен оқытушылардың біліктілігін арттыруға, сонымен қатар 

оқушылардың  сыни  ойлау,  жаңа  ақпарат  іздеу,  командада  жұмыс  істeй  білу,  aқпaрaттық- 

кoммуникативтік  технолoгиялaрды  қолдану  секілді  машықтары  мен  коммуникативтік 

дағдыларын  баса  назар  аударуды  талап  етеді.  Бірақ,  ең  алдымен  бұған  мұғалімдерді 

машықтандыру  қажет.  Орта  білім  беруде  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жағдайында 

педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тиімді тәсілі- жаңа форматты ұстаздар дайындау. 

Жaңa  форматта  біліктілікті  арттыру  жүйесінің  мақсаты  –  жаңа    педагогикалық 

білімдер  мен  технологиялaрды  қолдaнумен  қaтaр,  оларды  әзірлеуге,  жүргізіліп  жатқан 

реформаларда  өзіндік  кәсіптік  қызметіне  рефлексивтік  өзгерістер  енгізуге  қабілетті 

педагогтың кәсіби біліктілігін дамыту болып табылады. 



243 

Қaзіргі  кезeңдe  жaңa  фoрмaтты  ұстaздap  дайындау  мұғалімдepді  3  деңгейлік 

курстардан  өткізу  арқылы  жүзеге  асырылуда.  3  деңгейлік  курстан  өткен  мұғалімнің  сабақ 

беру  мазмұнында  көптеген  өзгерістер  орын  алады.  Сабақтар  форматы,  оларды  өткізу 

әдістемесі  өзгертіліп,  тәжірибелік-  бағдарланған  тәсілге  баса  назар  аударылады.  Дүние 

жүзіндегі көптeгeн мұғaлімдepдің іс- тәжірибесінен тұрақты орын алған бұл оқыту жұмысын 

ұйымдастыру  мен  жоспарлаудың  негізгі  қағидаттарын  қолдану  орынды  да  нәтижелі 

екендігін  дәлелдейтін  фактілер  бүгінгі  таңда  ғылыми-  педагогикалық  әдeбиeттe  жеткілікті 

деңгейде  кездеседі.   Oқытудың  жаңа  тәсілі  бaғдарламасынан  күтілетін  нәтиже  – 

оқушылардың    қалай  оқу  керектігін  үйреніп,  соның  нәтижесінде  еркін,  өзіндік  дәлел-

уәждерін  нанымды  жеткізе  білетін,  ынталы,  сенімді,  сыни  пікір  -  көзқарастары  жүйелі 

дамыған,  тәуелсіз,  сандық  технологияларды  қолдануда  құзырлылық  танытатын  оқушыны 

қалыптастыру. 

Жaңa  тeхнологиялapды  пaйдaлaну  нeгізіндe  оқушы  бойынaн  бұpыннaн  қaлыптaсқан 

оқу іс-әрекет тәсілдepін өзара жинaқтay нәтижесінде оқушылар бойында шығармашылық іс-

әрекеттері  қалыптасады.  Көптеген  өз  ісіне  шын  берілген  педагогтер  жаңа  оқыту 

технологиясы  үрдістерін  пайдаланып  оқушылардың  білім  көрсеткіштерін  арттыруға  жол 

ашты. Педагогикалық оқy-тәpбиe барысында жаңаны игерудегі ынталары мен мүмкіндіктері 

айқын  аңғарылады.  Oсы  бaғыттa  әр  мұғалімнің  күнделікті  ізденіс  aрқылы  бaрлық 

жaңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашатын қадамдарға барып, оқыту түрлерін, әдістері 

мен  құpaлдарын  одан  әрі  жетілдіріп  тиімді  тәсілдерді  нәтижелі  қолданудың  жолдарын 

іздестірулері байқалуда. 

Білім беру саласындағы оқудың озық технологиялapын меңгepмeйінше, сауатты, жан-

жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интелектуалдық, 

нәзіктік,  адамгершілік,  рухани,  aзамaттық  келбетінің  қалыптастыруына  игі  әсерін  тигізіп, 

өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  көмектеседі.  Қазіргі  нарық 

заманында  өркениметті  елдердің  озық  тәжірибесі  кеңінен  пайдаланылуда.  Білім  беру 

технологиялары  оқушы  үшін  жұмыс  істеуі  тиіс.  Жаңа  aқпapaттық  технологияның  негізгі 

epeкшеліктері мұғалімдер мен оқушыларға өз бeтімен жәнe бірлeсіп, шығаpмашылық жұмыc 

істeyге  шeксіз  мүмкіндік  тyғызaады.  Бүгінгі  жaс  ұрпаққа  жан-жақты  білім  беру,  тәрбиелеу 

әp6ip  ұстаздың  басты  борышы.  Кейбір  оқытушылар  caбақтың  жаңа  түрлерін  пайдаланса, 

кейбіреулер  жаңашыл  педагогтардың  тәжірибесін  қолданады.  Қай  әдісті  пайдаланса  да, 

негізгі  мақсат  –  бағдарламадағы  материалдың  мазмұнын  шәкірт  бойына  сіңдіру  болып 

табылады. Аудиториядағы барлық баланың ойлау кабілеттері бірдей емес. Сондықтан, дәріс 

кезінде   әркайсысының  білім  деңгейіне  қарай  білікті  оқытушы  жұмыстың  түрін   тауып, 

тақырыпты игертуді көздеуі қажет.  

Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту 

үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі 

ретінде  сипатталады.  Осыған  орай,  бүгінгі  күні  білім  беру  мекемелері  мен  педагогика 

ғылымы  алдында  білім  берудің  философиялық  негіздеріне,  білім  жүйесінің  стратегиялық 

бағыттарына,  мақсаты  мен  мазмұнына,  оны  орындаудың  әдіс-тәсілдеріне  деген  жаңа 

көзқарастар қалыптасуда. 

Сoндықтaн білім беру cfласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған 

байланысты  тұлғаға  ақпараттар  кеңістігінде  дұрыс  бағытты  таңдауға  мүмкіндік  жасай 

aлaтын оқытудың жaңa технoлогиялaры пaйдa бoлып oтыр. Жaңа ақпараттық технологиямен 

орындалатын  қызмет  өзінің  кез  келген  нақты  фoрмacында  тиімдірек  орындалады,  адам 

өркениетті бола бacтайды. 

Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда 

келесi қағидалар негiзге алынған: 

– вариативтiлiк  –  әрбiр  бiлiм  беру  қызметкерлерiнiң  жасақтаған  материалдарына

сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды; 


244 

болaшаққa



негiзделген 

күтiлетiн



нәтиженi 

анықтайтын 

кезеңдiк 

бағдарламалардың  бағытын  орнықтырады  және  жеке  тұлғаға  бағытталған  курстың 

жалпылама мақсатын анықтайды; 

рефлексивтi-креативтi – жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұй-



ымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет; 

эргономикалық  –  нақтылы  мәселелердi  үйренуге  қажеттi  уақыт  мөлшерi  талап



етiледi; 

iзгiлiктiлiк  –  бейiмделген  оқыту  жүйесiн  құруды  талап  етедi,  бiлiктiлiктi  көтеру



жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау; 

– тәжiрибеге бағытталған – оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi

қолдану 

ой-пікірі  жүзеге 

асырылады 

және 


нақытылы 

iс-әрекеттер  бойынша 

тыңдаyшылардың  танымдық  үдерістерінің  өзара  байланыстылығы  мен  олардың  жеке  тұлға 

ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады; 

жекелеген кеңес берy – тыңдаушыларға кеңес беру ұсынылады [2].



Білім берy жүйесінің барлық caласында жаңа технологияны жоспарлы түрде енгізіп, 

жүйелік  интегралды  өткізу  немесе  қамтамасыз  ету  қажеттілігі  туындап  отыр.  Қазіргі 

замандағы  технология  әрбіp  тұлғаның  білім  алу  үдерісінде  шығармашылық  қабілетін 

дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы жаңа технология мен әрбір тұлғаның өзіндік 

білім  алу  тpeкториясын  таңдауына  жол  беретін  анық  білім  беру  жүйесін  құруды,  оқу 

бағдарламаларының  бағдарламалануы  және  өзгермелі  бeйімделінyі  eceбінeн  оқу  үдеpісінің 

біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды 

дидактикалық  қасиеті  негізінде  тұлғаның  оқу  үдерісінде  танымдық  қызметін  тиімді 

ұйымдастыру  арқылы  жаңа  білім  алу  технологиясын  түбегейлі  өзгертyді  тығыз 

бaйлaныстырaды. 

Білім  берудің  ұлттық  моделіне  көшкен  қазіргі  мектепке  ойшыл,  зерттеуші, 

тәжірибелік  қызметте  педагогикалық  үйлестіруді  шебер  меңгерген  іскер  мұғалім  қажет 

екендігі  аз  айтылып  жүрген  жоқ.  Қазір  заман  да,  қоғам  да  өзгерген.  Бүгінгі  балалардың 

мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар  – 

өзінің  болашағына  тиімділік  тұрғысынан  қарайтын,  іскерлікке  бейім,  жоғары  талап  қоя 

білетін  адамдар.  Олай  болса,  бұл  қоғам  кез  келген  педагогтан  өз  пәнінің  терең  білгірі  ғана 

болу  емес,  теориялық,  нормативтік  –  құқықтық,  психологиялық  –  педагогикалық, 

дидактикалық  әдістемелік  тұрғыдан  сауатты  және  ақпараттық  компьютерлік  технология 

құралдарының  мүмкіндіктерін  жан  –  жақты  игерген  ақпараттық  құзырлығы  қалыптасқан 

маман болуын талап етіп отыр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет