Конфессиядан тыс синкреттік философия ұғымы, түрлері



бет2/8
Дата17.02.2022
өлшемі35,53 Kb.
#25758
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Мистицизм (гр.-кұпия) - дүниедегі діни-идеалистік көзкарас болғандықтан, табиғаттан тыс күштерге деген сеніммен кұрастырылады. Мистицизм - діни қауымдардың күпия жораларының міндетті де маңызды элементі түріндей көрінісі. Мистицизмнің тамыры ерте дәуірдегі магия, астрология, мантикидан шығады. Мистика кандай бір дін болмасын оның негізгі атрибутиві және де идеалистік философияларға да (әсіресе неотомизмге, персонализмге және экзистенционализмнің кейбір формала-рына) тән. Мысалы, мистік-философтар белгісіз бір мистикалық интуицияны, «рухани тәжірибені» танымның ең жоғарғы формасы деп есептеді: онда субъект пен объектіге бөлу жойылады және дүниенің алғашқы рухани негізі жаратушының «шындығы» ашылады. Сонымен, мистиканыңкөлемімынандайтүсінік (түрлік) элементтердентұрады:

  • табиғат пен қоғамдақұдіреттікүштердіңбарына: адамтағдырына, әртүрліокиғалардыңкүнібұрынболжауғаболатындығына сену;

  • діни-философиялықілім-теософия («Қүдайдытану»), антропософия («адамтану»);

  • Шығысғибадаттары (табынушылық) - буддизм, брахманизм, йога, доосизм, дзен, суфизм, иудаизм (каббала и хасийизм);

  • жабайыдіндердіңсенімділігінің осы кездегітүрлері: pyx, спиритизм, оккультизм;

  • тұрмыстық магия формасы - бал ашу, рымшылдық.

Ерте дәуірден келе жатқан мистикалық діннің бір бөлігі болып осы заманға жеткен діни ілімдер спиритизм және спиритуализм деп айтамыз.

Оксфордтық энциклопедиялық сөздікте мистицизмге мынадай анықтама беріледі: “Сенім, ақыл шабыты немесе бекітілген дүниетану жөніндегі түсінік; қуанышты күйдегі медитация жолымен табиғи қосылу мүмкіндігіне сену; ақыл жетпес мистикалық білімді алу тәсілі ретінде рухтың көрегенділігіне үміттену”. Мистицизм саласындағы көптеген мамандар бұл ілімді “жазып жеткізуге болмайтын” догмат деп сипаттайды. Дәл осы “түсіндіре алмастық” енді мистикалық тәжірибенің ажыратылмайтын аспектісі болып саналады.

“Мистицизм” сөзінің түбірі гректің “ауызды жабық күйінде ұстау”, яғни хабары жоқтарға таралмауы керек оккультизм құпиясын сақтау мағынасындағы “Myein” сөзінен шыққан. Мистикалық ғибадат өкілдеріне арнау жоралары Миео деп аталған, ежелгі әлемнің көптеген қалаларында құдайға құлшылық ету және құрбан шалуға арналған храмдар болған. Әрбір қалада табиғат құпияларына терең бойлаған философтар мен мистиктер болды. Бұл адамдар әдетте жабық философиялық және діни қоғамдарды құрып, бірге жиналған. Бұл топтардың арасындағы ең маңыздысы Мистерия атымен танылған. Көптеген антикалық көрнекті ақылды жандар бұл құпия бауырластыққа таңырқарлық және құпия салт-жоралары арқылы өткен.

Гректер барлық ежелгі халықтарға сай өлі табиғаттың рухтануына сенген, кейін олардың көптеген құдайлар ретінде бейнелеген ескерткіштері ұрпақтарда сақталынып келген фетишизм жолы арқылы арқылы өткен. Олардың сенімдерімен мифтерінен анимизм іздерін және алғашқы кезеңдегі діни нанымдардың ең тұрпайылықтың іздерін көруге болады. Дегенмен гректер адамдарға ұқсас бейнеде өздерінің құдайларын жасап, ерте антропоморфизмге өтті.

Мистицизм сөзі тар мағынада адамның жоғарғы құдіретінің бастамамен бірігу немесе бірлікке ұмтылу мүмкіндігі туралы ілім. Тарихта бірінші рет мистицизм формасы қуанышты күйдегі жетістіктер тәжірибесі жасалған жабайы қоғамда туындаған.

Ежелгі шығыс мәдениеті шегінде мистицизм үнді мистиктерінде айрықша өркендеуге жетті (брахманизм, буддизм, индуизм, неоведантистік йога діндерінде). Бұл мистицизм адамзат рухы мен абсолюттік рухтың бірінші сенімдерінен шықты.

Көне өсиеттік ілім мен діни тәжірибе үшін мистицизм құдаймен қосылу ретінде мүмкін емес. Көне өсиетке сай адамға тек тіршілік ету тән, бірақ онымен бірігу емес. Жаратушы құпиясы, оның терең тұрмысы трансцендентті. Мистицизм құдайға жақындау мүмкіндігін қарастырады, бірақ онымен онтологиялық бірігуге қарсы.

Александр Уайлдер өзінің “Философия и этика зороастра” атты кітабында Авестада Митра мен Зенд “күн” деген мағынаны береді. Митра андрогин болмаса да әйел және ер адам қасиеттеріне бірдей ие болған. Митра күн әміршісі болып табылады. Ол Язалардың ішіндегі ең жарқыраған , күшті, құдыреттісі болған. Митра құдірет ретінде әйелдік принциптерді ұсынады және қауымдық дүние оның рәмізі болып табылады. Тәңірі күн нұрына шомылған табиғатты ұсынады. Митраның салт-жоралары зороастра ілімінің жеңілдетілген түрі болып табылады. Бұл салт-жоралар және тағы басқа наным-сенімдер басталған нүктеден сенбілік құдайға құлшылық етуден жексенбілік жағына себепкер болды. Діни-мистикалық салтанаттың қалыптасу процесі әлемнің әртүрлі діни оқуларын қамтыды, сондықтан оларда мистицизм элементтерінің болуы, шаманизмнің дамып, таралуының салдарынан болған заңдылық. Мистицизмнің дамуы діни синкретизм шегінде көптеген ұқсастықтар мен айырмашылықтар тудырды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет