Конфессиядан тыс синкреттік философия ұғымы, түрлері



бет4/8
Дата17.02.2022
өлшемі35,53 Kb.
#25758
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Оккультизм. Cинкреттік діни философияның көптеген бағыттары оккультизм төңірегінде дамыды. “Оккульттік” термині “құпия ғылымдар” мағынасында Агрипп Неттесгеймскийдің (1486-1535) «Оккультная философия” еңбегі жарыққа шыққан кезден басталды. Оккультизм герметикалық ғылымдардың жиынтығынан құрылған (Гермес Трисмегист есімімен байланысты шыққан), құрамына магия, каббалистика, астрология, алхимия, френология және мантиканың түрлері кіреді.

Оккультизм – құпия тану ілімі. Ортағасырда еуропалық философияға мұсылмандық пен еврейлік, ғылыми және эзотерикалық әдебиеттер әсер еткен. Көптеген мұсылмандық мистиктердің, астрологогтардың және алхимиктердің трактаттары ерекше танымалдыққа ие болды. Оккультизмді дамытқандар (А. Неттесгеймский, Р. Фладт, Парцельс, Я. Беме және басқалар). Оккультизм (лат. occultus – жасырын, құпиялы) – ғылыми зерттеуге келмейтін ғажайыптар мен тылсым күштердің бар екенін мойындайтын және олармен өзара іс-қимылдың ерекше әдістерін жасайтын ілім. XIX ғасырда мистикалық ағым ретінде пайда болған оккультизм барлық заттар тұтастықты, жиынтықты құрайды, олардың арасында мақсатты қатынастар болады деген теорияға негізделеді. Оған ‘’магия, теософия, спиритизм’’ секілді әр түрлі ілімдердің мистикалық бағыттары жатады.

Оккультизм– дүниеде аса құдіретті, ғылыми зерттеуге келмейтін ғажайыптар мен күштердің бар екенін мойындайтын және солармен өзара іс-қимылдың ерекше «тәжірибелік» әдістерін жасайтын ілімді (магия, спиритизм) білдіретін (термин) ұғым. Оккульттік түсініктің де тамыры ерте дәуір заманынан келе жатқан рухани құдіретті күшке сену. Оның тікелей тамыры магия десек те болады. Оккультизм барлық ғылымды эзотериялық (көрер көзге оғаш) табиғат пен әлемнің сыртқы формасын зерттеу мен эзотериялық құбылыстың ішкі, терең жасырын негізін зерттеуші, ондай зерттеу тек «дарынды» адамдардың колынан келеді, оларға әлемнің «ұлы жасырын сыры» ашылады.

Агрила Неттесхеймскийдің «Жасырын сыр философиясы туралы» шығармасында (1533) оккультивтік түсініктер егжей-тегжей баяндалған, осының аркасында бұл «термин» кеңінен қолданылатын болды. Оккультизм тәжірибелік мақсаттар үшін пайдалану мүмкін деп есептейтін жасырын табиғи күштерді зерттеумен шұғылданады. Каббалистік тенденция философияда көп қолданылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет