Конфигурация



бет1/4
Дата04.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#79264
  1   2   3   4

Иондық полимерлену.
Аниондық полимерлену, кинетикасы.
Иондық-координациялық полимерлену
Иондық полимерлену
Иондық полимерлену - бұл иондар немесе ион жұптары бар белсенді орталықтар арқылы әрекет ететін тізбекті реакция механизмімен жүретін полимерлену процессі.
Иондық полимерлену еріткіштердің қатысында катализаторлардың немесе каталитикалық жүйелердің қатысуымен жүретін тізбекті полимерлену.
Радикалдық полимерленуден айырмашылығы
Еріткіштің полярлығына
сезімталдығы
Полимерлену процесіне инициаторлардың айтарлықтай әсері
Тізбектің бимолекулалық үзілуі мүмкін еместігі
Полимер құрылымы мен массасын реттеу мүмкіндігі
Өсіп келе жатқан тізбектің соңындағы атомының зарядына байланысты катиондық және аниондық полимерлену деп бөлінеді.
Катионды полимерлену электронакцепторлы қосылыстардың – протонлы қышқылдардың, Фридель-Крафтс катализаторларының әсерінен жүреді, ал өсіп келе жатқан макромолекула тізбек бойымен карбокатионды тасымалдайды.
Аниондық полимерлену
Анионды полимерлену, өсіп келе жатқан тізбектің соңғы буыны теріс зарядты алып жүретін тізбекті полимерлену (карбаниондар реакцияның белсенді орталықтары болып табылады).
Тізбектің өсу актісі мономердің β-көміртегі атомына анионның нуклеофильді шабуылынан тұрады, нәтижесінде жаңа σ-байланыс түзіліп, ал π-байланысының жұп электрондары соңғы α-көміртек атомына ығысады.
Карбаниондар – жұптаспаған электрондар жұбынан құралған көміртегі атомы бар зарядталған бөлшектер.
Аниондық полимерлену
Аниондық полимерленуге винилді және дивинилді қатардағы қанықпаған электронакцепторлы орынбасарлары бар мономерлер оңай түседі, мысалы, винилиден (изобутилен), нитроэтилен, акрилонитрил, метакрилонитрил, акрил және метакрил эфирлері және т.б.
Электронакцепторлы орынбасарлар қос байланыстың электрофильдігін арттырып, түзілген аниондарды тұрақтандырады:
Мұндай мономерлердің аниондық полимерлену қабілеттігі орынбасарлардың электртерістігіне байланысты өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет