Конфликтіні басқарудағы өзара қарым-қатынас әдісі 1.Күштеу. Бұл басқару әдісін қолданған адам, басқалардың қызығушылығы, пікірімен санаспайды, өзіндік стратегиясын ұсынады. Бұл басқаруда агрессивті позиция, басқа адамға әсер етуде күш қолдану арқылы болады. Бұл стильдің эффективтілігі, егерде ұжымға өз мақсатын орындауда қауіп төнсе, бұл уақытта басшы-өзінің пікірін, мақсатын негіздейді. Бұл стильдің кемшілігі-қарсыластарының белсенділігін басу нәтижесінде, конфликті кері өршуі мүмкін.
2.Бастарту (жалтару). Көпшілік адам, конфликтіден бастартады. Бұл жағдай егерде адамның мақсат-міндеттері, келіспеушілігі үлкен мәнге ие болмай өздігінен шешілетін болса (бұндай сирек кездеседі).
3.Бейімделу, басылу, бәсеңдеу-адамның өз қызығушылықтарынан қарсы болып, басқаның жағдайына мән беру.
4.Келісімге келу (компромисс). Бұл стиль қарсы жақтың пікірін қолдау. Шешімге келуде екі жақтық өзара көмекке келу. Бұл басқаруда конфликтінің тез шешілуі маңызды. Егерде аяғына дейін шешілмеген жағдайда қайтадан өріс алуы мүмкін.
5. Ынтымақтасу (проблеманың шешілуі) – келіспеушіліктің себептерінен оның тиімді жолдарын іздестіреді. Әрқайсысының өзіндік пікірі бар, өз мақсатын басқалар арқылы шешу емес, проблеманың шешімін іздестіреді.
Психологтар конфликтіні басқарудың негізгі бағыттарын ұсынады. Ол үшін конфликтінің пайда болу жолдарын білу керек.
Конфликтіні басқаруға байланысты психологтардың кеңесі: 1.Конфликтінің даму бағыттарын білу (функциональды не дисфункциональды). 2. Конфликтінің нақты және жасырын себептерін білу. Негізгі тақырыбын анықтау, себебін өздері де білмеуі мүмкін. 3.Әр түрлі позиция тұрғысынан қарап, оның артында тұрған қызығушылықты анықтау. 4.Нақты шешім қабылдауда қызығушылықтарына мән беру. 5.Адамға жұмсақ көзқарас, ал оның проблемаларына қатты талап қою. 6. Конфликтіні ұйымдастырушыға әділ және талапты болу. Риза болмаумен шара қолдануда, адам тұрғанын ұмытпау қажет.