3. Тұлға мен топ арасындағы конфликт – формальды емес топтың өзінің тәртіп, қарым-қатынас нормалары бар. Әрбір мүшесі оны орындауы қажет. Қабылданған ережеден ауытқуды топ – негативті құбылыс деп қарап, бұдан тұлға мен топ арасында конфликт пайда болады. Сондай-ақ, конфликт топпен басшы арасында болады. Бұл авторитарлы басқару стилі кезінде дамиды.
4. Топ аралық конфликт – ұйым көптеген формальды және формальды емес топтан тұрады, оның арасында конфликт пайда болады. Мысалы, басшы мен орындаушы, әр түрлі бөлімшелердегі адамдардың арасында, әкімшілік пен кәсіподақ т.б. жағдайында болады. Бұл келіспеушілік, мақсаттың үйлесімсіздігінен, басқарудағы жоғарғы және төменгі топтарда жүреді.
5. Әлеуметтік конфликт– субьект өзара әрекетте өзіндік мақсатты көздеп, бір-біріне қарсы шығады және бірін-бірі жоққа шығарады. Өзіндік мақсат, қызығушылық, даму тенденцияларын көздеген әлеуметтік топтар, ұлт, мемлекет, әлеуметтік субьектілердің қарсы тұруынан пайда болады.
Осылардың барлығынан туындайтын конфликтінің элементтері:
Конфликтіге қатысушы екі адам не конфликтінің екі жағы;
Екі жақтың қызығушылығымен мүддесінің сәйкес келмеуі;
Қарсы жақтың жоспарын, қызығушылығын жоюдағы әрекеті, мінезі,
Конфликтілік әрекеттің стратегиясы мен тактикасынан туындайды;
Қатысушылардың жеке тұлғалық ерекшелігі, ашушаңдығы, беделі т.б.
Сыртқы орта әсері, конфликтіге түрткі болушы үшінші адамның
болуы.
Сондықтан да, әлеуметтік-психологияның негізі – обьективті өмір сүруші топтарды қайшылықты, конфликтілік ситуацияға жеткізбеу, оның алдын алу, негізгі себептерін іздестіру.
Конфликтінің негізгі себептері: - әлеуметтік-экономикалық- обьективті өмір сүруші экономикалық қатынастардың, қарама-қайшылықтардың көрінуі;
әлеуметтік-психологиялық - адамдардың қажеттілігі, мотив, мақсат,