Конфликтілік ситуация және оны басқару
Конфликт
Бұл схемадан конфликт адам еркінен тыс болады. Сондықтан конфликт болдырмаудың жолдары: 1) конфликтогенді қолданбау, қарамағындағы адам ренжитін жағдайды болдырмау; 2) басқаның конфликтогеніне – конфликтогенмен жауап бермей, бірден тоқтау қажет, кейін оны іске асыру мүмкін емес, конфликтоген күшіне еніп кетеді; 3) орындаушыға, қарамағындағыларға эмпатия білдіріп, оның әрекетін түсіну; 4) тыңдаушыға қайырымды әсер ету:достық күлкі, қуаттау, мадақтау, қадірлеу т.б. Көптеген конфликтоген төмендегі типтердің біріне жатады: - өзін өзі биіктен көрсету (бұйыру, сынау, күш көрсету, жазалау, күлу, төмендетіп сөйлеу, мақтану, өзін көрсете сөйлеу, «Менін» мойындату, тәртіп этикасын сақтамау, өткен жағымсыз ситуацияны еске түсіру). - агрессивтілікті таныту (табиғи агрессивтілігі не жағдайға байланысты өктемдік таныту). - менмендік көрсету. Конфликтіге қатыса отырып, әр жақ өз көзқарасының қабылданыуы үшін, қарсыласына барынша кедергі жасайды. Ұжым үшін тиімді конфликті функциональды не позитивті, нәтижесі (конфликтінің қорытындысының пайдалы не зиянды болу жақтары). 1.Конфликті екі жаққа да пайдалы жолмен шешілгенде, соған қатысқан адамдар өздерінің үлестерінің барлығын сезінеді. 2.Конфликті нәтижесінде қабылданған шешім тез және тиімді іске қосылады. 3.Екі жақ өзара дау сұрақтарды шешу арқылы, оны келешекте пайдалана алады. 4.Адамдардың арасындағы қарым-қатынас жақсарады. 5.Әр түрлі көзқарас, ойлар айтылып, шешімін табуы мүмкін және болашақтағы конфликтіні болдырмаудың құралдары анықталынады. 6.Бұл «ескі», «өмір сүріп» болған қатынастардың орнына, жаңа қатынастардың қалыптасуы. 7. Ішкі реніш, ашу сыртқа шығарылады, адам невроздан, фрустрациялық күйден айығады. жүктеу/скачать 23,49 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |