Конфликтінің «Томас торы» бойынша шектеу жолдары



Дата09.05.2022
өлшемі1,63 Mb.
#33413
Байланысты:
конфликт

Конфликтінің «Томас торы» бойынша шектеу жолдары.

Тапсырған «Пип-13-с тобының студенті: Жумахметова.Г.Р

Тексерген: Кенесбекова.С.А

«Дана адам әрқашанда соғысты бастамаудың жолын табады.» Исороку Ямамото

Конфликт (лат. тілінен – қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама -қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы.

Конфликт (лат. тілінен – қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама -қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы.

Килменн Томастың айтуы бойынша конфликтіні бақылау мен басқарудың 5 негізгі әдісі:

1. Жарысу (бәсекелестік);

2. Бейімделу;

3. Компромисс (ымыраға келу);

4. Қашу;

5. Одақтасу.

Аталғандардың әрқайсысын жеке қарастырайық.

Жарысу – жылдам шешім қабылдауды және өзіндік жол таңдауды қажет етеді. Ол мынадай жағдайда пайдалы:

  • конфликтіден кету өте қажет еткенде;
  • өзіңіздің беделіңіз жоғары және билігіңіз болғанда
  • өте қиын тығырыққа тап болғанда;
  • ешқандай амал- тәсіл болмағанда.

Бейімделу мынандай жағдайларда тиімді:

  • біреуге жол бере тұра, өзіңіздің ештеңе жоғалтпайтыныңызды білгенде;
  • қалыптасқан жағдайды жұмсарту керек кезде;
  • шығатын қорытындының өзіңізден гөрі басқа тұлғаға қажеттігін түсінде;
  • шындық сіздің жағыңызда болмағанда.

Компромисс – бұл өзіңіз бен екінші тұлғаның қажеттіліктері ескерілгенде болады.

  • екі жақтыңда билігі тең және олардың белгілі бір мақсатқа жетудегі өзара ортақ шешім қабылдауы;
  • уақытша немесе тез арада шешім шығаруда;
  • басқа амалдар тиімсіз болғанда;
  • өзара қатынасты сақтап қалу үшін ымыраға келу.

Қашу мынандай жағдайларда тиімді:

  • қозғалған мәселенің сіз үшін маңызды емес кезінде;
  • өзіңіздің кінәлі немесе кінәсіз екеніңізді түсінгенде;
  • әлсіз әріптесіңізбен сөйлескенде;
  • белгілі бір шешім тапқыңыз келіп тұрады, дегенмен таба алмаған жағдайда;
  • қозғалған мәселе бойынша мәлімет жеткіліксіз болғанда.

Одақтасу немесе бірігу мынандай сәттерде тиімді:

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет