2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау мен босату тәртібі
5. Ауданның, (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімдері мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысының (бұдан әрі – бірінші басшы) бос немесе уақытша бос лауазымы пайда болған кезде бес жұмыс күні ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Білім басқармаларына конкурс өткізу туралы өтініш жібереді.
Жергілікті атқарушы органның орта білім беру ұйымын құру туралы актісінің негізінде конкурс қорытындылар бойынша орта білім беру ұйымының бірінші басшысын тағайындауға жол беріледі.
Бірінші басшының бос немесе уақытша бос лауазымының міндеттерін орындау осы білім беру ұйымы басшысының орынбасарына және (немесе) осы білім беру ұйымының педагогіне конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін үш айдан аспайтын мерзімге жүктеледі.
Бір адам қатарынан бір реттен артық бос немесе уақытша бос лауазым міндетін атқара алмайды.
1-параграф. Бiрiншi басшының лауазымына конкурс өткiзу тәртiбi
Бірінші басшының лауазымына тағайындауға арналған конкурсты ведомстволық бағыныстылығына қарай Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту (бұдан әрі – Министрлік) және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармасы жеке құрылымдық бөлімшесі жариялайды.
Конкурс рәсімі бірқатар кезеңдерді қамтиды:
бірінші басшының бос немесе уақытша бос лауазымы пайда болған күннен бастап он бес жұмыс күннен кешіктірмей конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурсты жариялаған мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланады;
конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;
кандидаттардың құжаттарын қарау «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) бекітілген Біліктілік талаптарына (бұдан әрі – педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары) сәйкес жүзеге асырылады;
заңнаманы білуге сертификаттау рәсімі (бұдан әрі – сертификаттау);
5) кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен келісу. (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес).
Мектепке дейінгі, арнайы (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (бұдан әрі – ПМПК) білім беру ұйымдарының, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің (бұдан әрі – ППТК), оңалту орталығының (бұдан әрі – ОО), қосымша білім беру, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жанындағы білім беру ұйымдарының бірінші басшысы лауазымына орналасуға үміткер кандидатқа қатысты қамқоршылық кеңеспен келісу жүргізілмейді;
6) кандидаттармен әңгімелесуді конкурсты жариялаған мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы жүргізеді (бұдан әрі – әңгімелесу).
Президенттік кадр резервіне кірген адамдар, Назарбаев Университетінің түлектері немесе Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқудан өткен шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері, немесе Quacquarelli Symonds World University Rankings, Times Higher Education (THE) университеттерінің әлемдік рейтингтері бойынша әлемнің үздік 100 университетінде, әлемдік университеттердің Academic Ranking of World universities Шанхай рейтингінде оқыған түлектер сертификаттаудан босатылады, сондай-ақ кандидаттарды қамқоршылық кеңеспен келісу және тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі болған кезде, немесе осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағының 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, кандидат педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде әңгімелесуге жіберіледі.
Хабарландыру мәтіні мынадай ақпараттарды қамтиды:
1) ведомствосы мен бағынысында мемлекеттік білім беру ұйымы бар мемлекеттік органның атауы;
2) конкурс жарияланған лауазымның атауы;
3) орналасқан жері, қызметінің қысқаша сипаттамасы көрсетілген мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген бірінші басшы лауазымының кандидатына қойылатын біліктілік талаптары;
5) бірінші басшының лауазымдық міндеттері;
6) лауазымдық жалақының мөлшері;
7) конкурсты өткізу күні мен орны;
8) конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны;
9) осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;
10) конкурстық комиссияның отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат;
11) ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары;
12) уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде бірінші басшының уақытша бос лауазымының мерзімі.
Конкурс жариялаған мемлекеттік орган бос лауазымға кандидаттарды іріктеу үшін конкурстық комиссия құрады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармалары конкурстық комиссиясының құрамы кемінде жеті адамнан, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланған төрағадан тұрады. Конкурстық комиссияның құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасының, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің өкілдері, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары, басшылардың орынбасарлары, әдіскерлері, педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санаты, білім беру саласындағы азаматтық қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілі, бір тәуелсіз сарапшы енгізіледі.
Министрліктің конкурстық комиссиясының құрамы кемінде бес адамнан, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланған төрағадан тұрады. Конкурстық комиссияның құрамына уәкілетті органның, ведомствоның құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдарына жетекшілік ететін өкілдер, білім беру саласындағы азаматтық қоғамның өкілі, бір тәуелсіз сарапшы енгізіледі.
Тәуелсіз сарапшылар ретінде мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын тұлға қатыса алады.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Конкурстық комиссияның хатшысы бақылаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқаушыға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына конкурстық комиссияның жұмысы туралы өз пікірін жазбаша нысанда бере алады.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның отырыстарын ұйымдастырады, оның мүшесі болып табылмайды.
Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Конкурстық комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда конкурстық комиссияның құрамы қайта қаралады.
Комиссияның әрбір отырысы төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Комиссияның отырысы, егер оған комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп, ал оның шешімі заңды деп есептеледі.
Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Конкурстық комиссияның отырыстары аудио-бейне жазбамен сүйемелденеді. Аудио-бейнежазбалар бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы білім беру ұйымдарында сақталады.
Соттылығы болған немесе бар, қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе ұшыраушы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 1) және 2) тармақшаларының негізінде қылмыстық қудалаушылығы тоқтатылған тұлғалардан басқа), бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыстар және/немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдауды болдырмау мақсатында: адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы, білім басқармасы органының кадр қызметі кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде саласы сәйкес келетін уәкілетті органға сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы қосымша сұрау салу Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке жолданады.
Кандидаттардың құжаттары педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды конкурс жариялаған мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Кандидаттардың құжаттарын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның, конкурс жариялаған уәкілетті орган ведомствосының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) сертификаттаудан өту туралы анықтамасы бар кандидаттарды қоспағанда, кандидаттарды сертификаттаудан өту үшін жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |