Конкурс бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын қабылдау үшін конкурстық комиссияның оң қорытындысы негіз болып табылады


-Параграф. Сертификаттаудан өту тәртібі



бет4/6
Дата30.06.2023
өлшемі84,66 Kb.
#103816
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Правила каз 1671863908.8450053

3-Параграф. Сертификаттаудан өту тәртібі



  1. Кандидаттарды сертификаттау тиісті өңірлердің әкімдіктерімен келісім бойынша білім басқармалары (бұдан әрі – ұйым) айқындайтын ұйым/ұйымдар конкурс жариялаған мемлекеттік орган өкілдерінің және өзге де жұмылдырылған тұлғалардың қатысуынсыз ұйымдастырады.

  2. Үміткер сертификаттаудан өту үшін осы Қағидаоларға
    5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымға өтініш жазады.

  3. Мемлекеттік органның өкілдері, сондай-ақ сертификаттаудан өткізу процесіне қатысы жоқ үшінші тұлғалар тарапынан кандидаттардың сертификаттау рәсіміне араласуына жол берілмейді.

  4. Сертификаттаудан өткізу кезінде қоғамдық ұйымдардың, білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаментінің өкілдері қатарынан тәуелсіз байқаушы тартылады.

  5. Сертификаттау электронды форматта жүргізіледі.

  6. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттауға қатысатын адамдардың тізімін қалыптастырады және сертификаттауды өткізу үшін ұйымға жібереді.

  7. Кандидат сертификаттаудан өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде оның жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде сәйкестендіру жүргізіледі.

  8. Жауапты адам сертификаттау басталмас бұрын үміткерлерге сертификаттау кезінде мінез-құлық ережелерін түсіндіреді.

  9. Кандидаттар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрықтарын, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген), 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, балаларға арналған мамандандырылған, арнаулы, білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы- жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген).

  10. Сертификаттаудан өту үшін тест тапсырмаларының саны 50 (елу) сұрақты құрайды.

  11. Сертификаттаудан өту үшін шекті деңгей осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес әрбір заңнаманы және нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған әрбір бағыт бойынша 50%-ды құрайды.

  12. Сертификаттауға 180 минут беріледі. Сертификаттауға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін бағдарламалық қамтамасыз ету автоматты түрде жабылады.

  13. Сертификаттау нәтижесі - осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сертификаттаудан өткені туралы сертификатты ұйым конкурс жариялаған мемлекеттік органға және кандидаттың жеке кабинетіне жібереді.

  14. Сертификаттаудан өткені туралы сертификат сертификаттау тапсырған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.

  15. Шекті деңгейге жинамаған кандидаттар конкурстық комиссияның шешімімен конкурстың келесі кезеңдеріне жіберілмейді.

  16. Білім беру ұйымының басшысы лауазымына үміткер, бірақ шекті деңгейге жинамаған кандидаттар сертификаттау тапсырған күннен бастап бір ай өткен соң қайта сертификаттаудан өтуге құқылы.

  17. Мамандандырылған Білім беру ұйымдарының бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар сертификаттаудан өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен әңгімелесу нысанында келісудің қосымша кезеңінен өтеді.

  18. «Білім-инновация» лицейінің бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар сертификаттаудан өтуден, сондай-ақ кандидаттарды қамқоршылық кеңеспен келісуден босатылады және қатысушылардың құжаттарын біліктілік бағалаудан кейін үш жұмыс күні ішінде «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорымен әңгімелесу нысанында келісуден, сондай-ақ конкурс жариялаған мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесуден өтеді.

  19. Арнайы білім беру ұйымының бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар сертификаттаудан өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Министрліктің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен әңгімелесу нысанында келісудің қосымша кезеңінен өтеді.

  20. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар сертификаттаудан өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Министрліктің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен әңгімелесу нысанында келісудің қосымша кезеңінен өтеді.

  21. Сертификаттау қорытындысы бойынша екі жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қамқоршылық кеңеске кандидаттардың тізімдерін, олардың түйіндемелерінің көшірмелерін жібереді

  22. Қамқоршылық кеңес құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кандидаттарды Қамқоршылық кеңес отырысының өтетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.

  23. Қамқоршылық кеңес кандидаттарды хабардар еткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бос немесе уақытша бос лауазымға әрбір кандидаттың мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспарын тыңдайды және ұсынымдар шығарады. Қамқоршылық кеңестің барлық отырыстары аудио-бейнежазбамен сүйемелденеді. Аудио-бейнежазбалар білім беру ұйымдарында бірінші тыңдау өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады.

  24. Қамқоршылық кеңестің қабылданған ұсынымдары тыңдау өткізілгеннен кейінгі келесі жұмыс күні конкурстық комиссияға ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет