Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
21
Әділжанқызы Сұлушаш
7-сынып №38 мектеп-гимназия
Іле ауд.
Жетекшісі:Есенғұлова Ғ.М.
Мәңгі жас бейнелер
Мені екінші дүниежүзілік соғыс жайлы деректер көп қызықтырады.
Дәлірек айтар болсам ел басына күн туған шақта бес қаруын асынып,
қан майданда жаумен бетпе-бет келіп,нағыз қаһармандықтың үлгісін
көрсетіп,еліміз
тарихында
аттарын
аңызға
айналдырған
батыр
апаларымыздың бейнелері үнемі көз алдыма келеді.
Кешегі өткен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың-қазақтар
мен қазақстандықтардың жанкешті ерліктері туралы біздер көркем
шығармалардан, оқулықтардан, кинотуындылардан білеміз.
Айдаһар болып майдан жұтып жатты
Ата мен немеренің аралығын
- деп ақын атамыз Қадыр Мырза Әли суреттегендей соғыс зардабы қазақ
қыздарының да тағдырын айналып өтпеген екен.
Ұлы Отан соғысы басталған күннен-ақ мыңдаған қазақ қызы майданға
сұрана бастаған. Тарихи деректерді ақтара отырып төмендегідей
мәліметтермен таныстым: 1941-1945 соғыс жылдарында бір миллион 196
мың 164 қазақстандық әскерге алынған .Мұның елеулі бөлігі қыздар болған.
Ақтөбе облысынан 1941-1942 жылдары әскерге алынған 80226 адамның
950-і әйелдер мен қыздар болған. Атырау қаласынан 23,Доссор кентінен 4,
Қызылорда облысы Арал ауданынынан бірнеше ондаған қыздар мен әйелдер
майданға аттанғанын дәйекті деректер анықтайды. Әскерге алынған қыздар
соғыс техникалары мен құралдарын жетік меңгеріп алды.Шайқастарда ерлік
көрсетті.Халқының абыройын асырды,елінің даңқын шығарды.
Кеңес одағының батырлары,пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген
апамыз Әлия Молдағұлова, халық қаһарманы,ұшқыш Хиуаз Доспанова тағы
да басқа көптеген апаларымыз түрлі мазмұнда әскери қызметтер атқарып,
майдан шебінде ерлермен қатар жауға қарсы шайқасқан.
Жас шамасы18 бен 20 –ның арасын ғана қамтитын өрімдей қазақ
қыздарын осындай сын сағаттарда ел мен жер үшін еш тайсалмастан от
жалынның ортасына түсірген ерліктің сыры неде екен деп ойға батамын.
Ерлік пен батылдық қазақтың жанымен бірге жаратылатын ұлық
қасиеттер болар.Шексіз даласы,дәстүрі мен салты,тілі мен мәдениеті- өр
қазақты ерлікке бастайтын Отаншыл рухтың қайнар көзі.Менің батыр
апаларым сол бастаудан нәр алған, сол қайнардан қуат алған хас батырлар.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
22
Сөз зергері,атақты жазушымыз Ғ.Мүсірепов қазақ қызының бейнесін
былай сипаттайды: «Аталар заманы қазақ қызын еркелетпей өсірді...Ортада
от,жабықта қырау, тыста сықырлаған аяз.От басында бүрсең қаққан кәрі мен
қызыл сирақ бала ғана.Азамат ат үстінде,малда.Қазақ қызы-азамат,ол да
сонда.Ақ жүзінде қызыл шырай. Ол- суықтың сүйгені.Кірпігінде
қырау,білегінде құрық. Жадырап жаз келсе,көшпелі өмір түйесін
қомдайды.Сахара жүріп,жол кезіп,ел көшеді.Қазақ қызы ақ мамықтың
үстінде бой күтумен ер жеткен жоқ.Қыс аяз сорып,жаз ыстық пісірді
оны.Бөрік астында бөрі бар,жар астында жаз.Ал әкетті,жау жетті- ұйқы
сергек,ойың сақ. Садақ белде, найза қолда, әр азамат –жауынгер,соның бірі
қазақ қызы еді».
Ғабит Мүсіреповтың бұл сөздеріне апаларымыз сын сағаттарда
көрсеткен ерен ерліктер шын дәлел екені һақ.
... Иә,1945 жылдан бері көп өзгерістер болды. Бірнеше ұрпақ ауысты.
Бірақ, менің ұғымымда,санамда сол күйі өзгермей қалатын абзал бейнелер
бар. Ол- Мәншүк,Әлия апаларымыздың мәңгі жас бейнелері.
Жасын ғұмыры отты жылдардың алауы болып жанған асыл апаларым
жайлы толғауымды мына өлең жолдарымен аяқтағым келді:
Аға ұрпақ қиындықты көп көрген,
Сүрінбеген талай қиын өткелден.
Жастық шағын соғыс оты ұрлаған,
Жау шебінде атой салған,сынбаған.
Сол жандардың аңыз болған ерлігін
Жиі еске алып,мақтан етем мен бүгін.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
23
Базарбай Нұрила
9 сынып Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі
Қарасай ауданы
Жетекшісі: Жарылқасымова Б.
Ер есімі-ел есінде
Біздің жүрегіміз темір емес .Бірақ біздің кек
отымыз қандай темірді болса да, ерітіп ,
күйдіріп жібере алады . Біздің үрейді
жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол- Отанға
деген сүйіспеншілік
Бауыржан Момышұлы
Осыдан тура 75 жыл бұрын фашистік Германия 1941-жылы 22-маусымда
таңғы төртте 1939-жылы жасаған келісім шартын өрескел бұзып,ойламаған
жерден КСРО аумағына шекарамызды бұзып, баса көктеп кірді.
Жер шарын дүрліктірген соғыс жайлы суық хабар атақты диктор
Левитанның радио арқылы хабарлауымен бүкіл елге тарады. Олар
жолындағы деревнялардың бәрін өртеп, адамдарды,тіпті жас балаларды да
аяусыз қырып, мал-мүлкін тартып алып,ойына келген жауыздықтарын істеді.
Гитлердің басты мақсаты КСРО –ны жеңгеннен кейін бүкіл елді өздеріне
бағындырып ,Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда бірыңғай герман
аумағын құруды көздеді .Бірақ ол кезде он бес одақтың қаймағы бұзылмаған,
бірге болатын.Кеңес Одағынан қолына қару ұстар азамат болса, соғысқа
шақырты-
лып, өз Отанын қорғауға аттанды. Бес жылға созылған бұл соғыс күллі
адамзат баласының есінде мәңгі қалды. Сан мыңдаған адамдардың өмірін
қиған Ұлы Отан соғысының қасіретін тартпаған бірде –бір шаңырақ
қалмады. Күнде почта арқылы келген «Қаралы қағаздар», «Соғыста белгісіз
жоғалды»- деген жүректі шошытар хаттар, «Майданда ерлікпен қаза тапты »
- деген суық жеделхаттар қарт аталар мен әжелерді сүйенішсіз қалдырып,
қайран аналарымызды жесір, балалықтың бал дәмін татар шақта бейкүнә
сәбилерді қамқоршысыз ,аңыратып, жетім қалдырды.
Ауылда қалған кәрі ата-әжелер таңның атуы, күннің батуы жарғақ
құлақтары жастыққа тимей заводтарда, егіс алқаптарында еңбек етті. Аналар,
бұғанасы қатпаған жас балалар мен қыздар ауыр жұмыстарды атқарып, жеңіс
үшін өз үлестерін қосты. Өздері аш-жалаңаш жүрсе де, бар тапқан-таянғанын
соғыстағы жауынгерлерге жіберіп отырды.
Соғыс жылдарындағы туылған балалар балалықтың не екенін де білмей ,
жетімдіктің , ауыр бейнеттің тауқыметін тартып, ерте есейді.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
24
1418 күнге созылған бұл соғыста Кеңес Одағының басқа халықтарымен
бірге жауды талқандап, жеңіске жету үшін қасық қаны қалғанша ,
көкіректерінен жаны шыққанша қазақ халқы да өз үлестерін қосты.
Қазақ жауынгерлері Брест қамалынан бастап ,Берлинге дейін барды.
Қайран ерлер Сталинград түбіндегі жертөлелерде ,Днепр өткелінде
,Ленинград пен Москва үшін болған шайқастарда көзсіз ерлік
көрсетті.Көптеген елді мекендерді азат етті. Олар одақтастарымыз Польша,
Румыния, Чехославакия Болгария, Германия жерінде орақ пен балға
бейнеленген қып-қызыл туды желбіретіп өтті.
Тек қана қазақстаннның өзінен соғысқа бір миллион екі жүз мыңнан
астам адам шақырылды. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған Кеңес
одағының бас көтерер азаматтары өз Отанын қорғауға аттанды.
Алғашқылардың бірі болып Наумов бастаған 312-атқыштар дивизиясы
,генерал-майор Панфилов бастаған 316- дивизия Коротков бастаған 238-
атқыштар дивизиясы ,Мәскеу үшін болған шайқаста көзсіз ерлік
көрсетті.Олар: Бауыржан Момышұлы,Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров,
Рашид Жанғозин,Т. Елебековтар «Бәрі де Отан үшін !Бәрі де Жеңіс үшін!»
деген ұранмен қасық қаны қалғанша қасиетті Отанын қорғады. Елім деп
еңіреген ер жүрек азаматтар мен қыздардың өздері сұранып, майдан –ның
алғы шебіне аттанды.
Қазақ қыздарының ерлігінің символы болған Әлия Молдағұлова мен
Мәншүк Маметованың ерлігін ұрпақтары әлі ән қылып айтып жүр, әлі де
айта бермек.
Гитлер Совет халқын оп-оңай жаулап аламын деп ойлап, қатты қателесті.
Жеңіске жету үшін ата-әжелеріміз өздерінің қасық қаны қалғанша
күресетіндерін ойламаған да болар.Тіпті тұтқынға түскендердің өздері де өз
елін ,намысын ,ұрпақтарының келешегі үшін жандарын қиды, олардың
көкіректеріне немістің крестерін басып ,күйдіріп, дарға асып ,пеште
көздерінше тұтқындарды өртеп жатқанда да міз бақпай ,түбінде жеңіске
жететіндігіне сеніп,сұм ажалды қасқая қарсы алды.
Тек қана Ленинград үшін шайқас үш жылдан астам уақытқа
созылды.Жаудың қоршауында қалған батыр қалаға қазақстаннан қару-жарақ
пен әскери құрал-жабдықтар, жылы киімдер ,аяқ киімдер мен азық-түлік
тиелген көптеген эшелондар жөнелтілді. №310,314-атқыштар дивизиясы
ерекше ерлікпен көзге түсті.
Соғыстың басынан аяғына дейін ерлік көрсеткені үшін қазақстанда
жасақталған 12 дивизияға құрметті атақ берілді.Дивизияда ерлік көрсеткен
батырлар әр түрлі ордендермен марапатталды. Соғыста көрсеткен ерліктері
үшін жүзден астам қазақстандықтар орден және медальдармен марапатталды.
497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды.Әлия Молдағұлова мен
Мәншүк Маметова мен Талғат Бигелдинов бастаған төрт ұшқыш Кеңес
Одағының Батыры атағын екі рет алды.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
25
Бұл атақ Бауыржан Момышұлы атамызға ол өмірден озған соң ғана
берілді. Жау Москваға таяп қалды.Сол кездегі еліміздің жүрегі болған
Москва үшін шайқаста отандастарымыз бен бірге біздің еліміздің азаматтары
да ерен ерліктерімен ерекшеленді. Москвағаға аз-ақ қалғанда немістер
жеңіліс тапты. Немістер елді жаулап алмақ түгілі ,енді өз қара бастарын алып
қашып, шегіне бастады.Жауды тықсыра қуған батырларымыз немістерді өз
елдеріне дейін шегіндірді.Өз Отанына деген махаббат пен ыстық ықылас,
намыс , ұрпақтардың алдындағы жауапкершілікті сезінген батырларымыз
жауды тықсырта қуып, ең соңғы ұясы Рейхстагға дейін шегіндіріп апарып
,бір-ақ талқандады.
Рейхстагқа ту тігу бақыты да Рақымжан Қошқарбаевқа бұйырғаны қазақ
халқының беделін тағы да көтеріп тастады.
Биыл соғыстың аяқталғанына 71 жыл толды. Біз өскелең ұрпақ ешқашан
да ата-бабамыздың ерлігін ұмытпауымыз керек.Олардың алдында осындай
бақытты
балалығымыз
үшін
өмір-бақи
қарыздармыз.Отанымызды
сүю,қорғау-біздің басты міндетіміз.Енді ешқашан соғыс болмасын !Жұмыр
жерде мәңгі-бақи тыныштық болсын! Елін, жерін сүйген ақылды,білімді,
тәрбиелі ,батыр, ұрпақтарымыз көбейе берсін!
Өзімнің шығарған бір-екі ауыз өлеңіммен шығармамды аяқтаймын.
Сұм соғыс жалмап алды боздақтарды,
Зар илетіп аяулы әже, аналарды.
Балалық бақытты шақ көре алмаған,
Қалайша аямассың балаларды?
Қанша адам қайта алмай туған жерге,
Ажал құшты ерлікпен бөтен жерде.
Әр жерде пайда болып қабірлері,
Ұрпақтары тағзым еткен ерлеріне.
Арадан өтсе -дағы сонша уақыт,
Батырын туған елі ұмытпаған.
Жеткізді ұрпақтарын қандай бақыт!
Қан кешсе де, еш ажалдан қорықпаған.
Енді соғыс болмасын!
Елде болсын тыныштық!
Ұрпағың қару алмасын,
Бейбіт өмір тым ыстық!
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
26
Бекен Нұрасыл
2 сынып Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп- гимназия
Ақсу ауданы
Жетекшісі: Данабатырова Н.И
Батырдың аты өлмейді
Менің туып – өскен жерімде қаншама батырлар есімдері үлкен құрметпен
аталып жатады. Өйткені, батырлар есімі ешқашан атаусыз қалмақ емес.
Осындай батырларымыздың аттарын кейінгі жас жеткіншектер ұмытпай, өз
еліміздің патриоты болып тәрбиеленуі үшін айтыла бермек.
Солардың бірі гвардияшы – панфиловшылардың бірі, Кеңес Одағының
Батыры Нұрсұлтан Есеболатов атаның есімін, ерлігін ерекше атағым келеді.
Нұрсұлтан атаның 2013 жылы 100 жасқа келген тойы сол туған ауылында
аталып өтті. Ал биылғы жылы Ұлы Отан соғысына 71 жыл болмақ. Небәрі,
27 жасында соғысқа аттаңған жас жігіт елі, жері үшін жанын қиып, соғыста
қаза болды. Артында жылаған анасы, бауырлары, жерлестері қалды. Ол кісі
қайтып келген жоқ. Бірақ, Нұрсұлтан атаның атында ауыл, көше, мектеп бар.
Сол ауылда, аудан орталығында батырға арналған ескерткіш пен мұражай
бар. Жылда 9 мамыр Жеңіс күнінде ескерткішке барып оқушылартағзым
етеді, гүл шоқтарын қояды.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
27
Бекетқалиқызы Сезім
10 сынып, Дарынды балаларға арналған
М.Арын атындағы №24 Экономика және бизнес арнаулы лицейі
Талдықорған қ.
Жетекшісі: Нұрғожаева Б.Д.
Қаһарлы күндер жаңғырығы
Ер елім, көрсет тағы еңбек күшін,
Еңбекпен қас дұшпанның өрте ішін.
Түр білек, түс еңбекке ту астында,
Бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін
Н. Байғанин «Жеңіс үшін» өлеңінен
Мәңгілік өшпес отты жылдар. Бұл адамзат тарихында өткен күндер
белгісі. Еліміздің осы бір өткен тарихына үңілсек, осыдан 75 жыл бұрын 1941
жылы неміс фашистері елімізге тұтқиылдан шабуыл жасаған. Сталинград,
Москва, Ленинград қалаларында, Днепр өткелінде болған ұрыстарда
жауынгерлер ерен ерліктер көрсетті. Елбасына төнген бұл зұлмат соғыс
жиырма миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. Қаншама қала,
өндіріс орындары, ер азаматтардың бәрі армия қатарында болғандықтан,
зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек тәртібі
қатайтылып, 23 сағаттың жұмыс күні бекітілді. Демалыс күндері мүлде
болмады. Бірақ ешкім де қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін,
бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті. Осындай ұрыс даласында,
тылдағы еңбек майданында бәріне бірліктің арқасында еліміз жеңістерге қол
жеткізеді.
Осы бір отты жылдарда шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен
Мәншүк еді. Сол кездерде нәзік жанды әйелдер кез келген батырдың өзін
қайыстыратын жүк көтерді. Олар өздеріне ешқандай жеңілдікті талас
етпестен, қашан да жауынгерлермен бір сапта тұрды. Тіптен дәл осы
қыздардың бар болуы жауынгерлерді рухтандырып, оларға күш-қуат берді.
Ерліктің қос қанаты деп білемін
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді,-
деп есімдерін ән-жырға арқау еткен шығыстың қос жұлдызы Әлия мен
Мәншүк есімі бүгінгі ұрпаққа ерліктің ғажайып үлгісі деп айтар едім.
«Майданға жіберетін ешкімім жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуді
өтінемін» деп Алматыдағы медицина институтының жас түлегі Мәншүк
Мәметова Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен қосылғысы келетінін
білдірген болатын. Жас қыздың қайтпас қайсарлығы таң қалдырмай
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
28
қоймайды. Сол секілді мергендігімен талай жаудың көзін құртқан Әлия есімі
тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қойды. Яғни, сұрапыл соғыста
от пен оқтың, өмір мен өлімнің арасында жүріп жас өмірін сарп еткен мерген
Әлия мен пулеметші Мәншүк ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.
Шерлі жылдар шежіресіндей адамзат тарихындағы осы бір қаһарлы отты
жылдар, ауыр күндер көркем әдебиетке де өз ізін қалдырды. Әсіресе, ұлы
Жамбылдың даусы асқақ та айбынды естіледі. Жыр алыбы атанған
Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты толғауы. Ленинград түбінде
болған шайқаста жауынгерлерге үлкен рух беріп, оларды отанды сүюге
жігерлендіреді. Поэзияның мұндай ғажайып рөл атқаруы тарихта сирек
кездеседі.
Жамбыл жырларымен қоса қарасөздің қадірін ұғатын жалынды жас
Баубек Бұлқышевтің де дауысы ерекше естілді. Соғыстың нағыз отты
жылдары 1942 жылы жазылған «Менің өмір сүргім келеді» деген
шығармасында Баубектің мынадай бір ойтолғанысы бар. «Менің жастығым
адам баласына берілді. Мүмкін, мен жастығымды қайтара алмаспын. Бірақ ол
босқа кетпейді, менен кіші інілерімнің еншісіне тиеді. Кейінгі жастар, жас
інілерім, сендер бақытты жандарсыңдар. Сендер соғыс дегенді білмей өтетін
боласындар. Біз жастығымызды сендердің бақыттарыңның жолына құрбан
еттік. Сендер тыныш өмірде бақытты жасайтын боларсыңдар» ,-деген хат
үлгісінде жазылған. Баубектің жалынды сөзінде айбаты асқан, соғыста
жеңіске жетем деген сенімі мол, айбынды өр дауысы жатыр. Бұл сын
сәттерде батыл сөзді түйдек-түйдегімен төккен Баубектің отты толғанысы
қазақ журналистикасын жарқыратып, жаңа бір белеске көтерді.
Сонымен қатар әдебиет әлемінде жаумен айқаста шайқас үстінде қаза
тапқан Абдолла Жұмағалиев туралы Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі
туралы аңыз» Панфилов дивизиясының әйгілі 28 батыры туралы Нұрпейіс
Байғаниннің «Ер туралы жыр» поэмалары, Әбу Сәрсенбаевтың «Мазасыз
Украина түні», Жұмағали Саиннің «Жаралы партизан жылдары» өлеңдері,
Әлжаппар Әбішевтің 9-гвардия жауынгерлерінің ерліктері туралы «Намыс
гвардиясы» пьесалары бар. Сонымен қатар «Жанымды арым үшін құрбан
еткен, халқымның қарапайым бір ұлымын» дейтін өмірлік ұстанымы бар
қайсар да қайтпас ер Бауыржанның ерлікті өзек еткен жырлары шерлі
жырлардың шежіресі іспеттес.
Қорыта айтқанда, «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» демекші, бізге жарқын
болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған ардагер аталарымыз бен Әлия, Мәншүк
сынды апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бізге
шуақты нұрын шашады. Олар біз үшін қаншама ауыр сын сәттер басынан
кешіріп, бүгінгі көк аспанда ақ көгершіндей қалықтаған бейбіт күнді
сыйлады. Осынау өрт шарпыған соғыс жылдарында от кешкен ержүрек
жауынгерлер, бүгінгі соғыс ардагерлері қашан да үлкен құрметке лайық.
Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
29
Сол сұрапыл соғыста батырларымыз бен ардагер аталарымыз сақтап
қалған байтақ жеріміз бүгінде дүние жүзі таныған, әлем мойындаған
мемлекет болып, бүгінгі ұрпағымыз осы тәуелсіз елімізде алаңсыз, баянды
күн кешуде. Мен өз шығармамды мына бір өлең жолымен аяқтағым келеді.
Жауды жеңіп табанға сап,
Жермен-жексен еткен ерім.
Қуан, қуан, күлші сақ-сақ
Шын жеңіске жеткен елім!,-демекші
Жеңіс туы төбемізде мәңгі желбіресін,
Соғыс болмасын, бейбіт күн мәңгі жасасын!
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр,
-деп тебіренген мұзбалақ ақынымыз Мұқағали жырлағандай отты
жылдарда ерліктің сан үлгісін көрсеткен соғыс ардагерлеріміз бүгінде саны
азайып барады. Олай болса, осы ардагер аталарымызға құрмет көрсету,
олардың ерлік істерін кейінгіге үлгі ету – біздің перзенттік парызымыз.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
30
Берікболқызы Аиша
5 сынып, М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Қарасай ауд, Абай ауылы
Жетекшісі: Хожахметова К.Д.
Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі
Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі зор.
Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық
батырларлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. «Отан үшін отқа түс»,
«Отан үшін жан пида»,- деп ата-апаларымыз елі, жері үшін болашақ ұрпақ
үшін соғысқа аттанды. Міне олардың арман-тілектері, мақсат-мүдделері
орындалды. Еліміз Жеңістің 71 жылдығын атап өтпекші. Дегенмен, бұл
Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Әскерлер соғыс күндерінің барлық
ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, төзімділікпен шыдады. Асқан
ерлік көрсетті. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп,
халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Қазақстандықтар Брест қамалын
қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті. Сталинград, Курск доғасындағы
шайқастарда ерекше көзге түсті. Мәскеу шайқасында генерал-майор
И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-атқыштар дивизиясы ерлікпен
шайқасты. Ленинград үшін шайқаста С.Баймағамбетов жаудың қорғаныс
ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып қаза тапты.
И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенанты
Б.Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері ерекше табандылықпен
қаһармандық көрсетті. Б.Момышұлы жауынгерлерін үш рет қоршаудан алып
шықты. Бауыржан ерлігі үшін бірнеше орден,медальдармен награтталды.
Кеңіс Одағының батыры атағын алды.
Ротаны саяси жетекшісі М.Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау
танкілерін жойып, бөлімшелерін жау қоршауынан алып шықты. Ерлігі үшін
М.Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Әрқайсысы 200-
астам ұшу сапарына шығып, оннан астам жау ұшағын жүздеген фашистерді
жойған шабуылдаушы ұшқыштар Т.Бегельдинов, Л. Беда, И.Павлов, және
С.Луганский – Кеңес Отағы батыры атағына екі мәрте ие болғандар.
Шығыс қыздарының арасынан бұл құрметті, атақты алған 100 қазақ
ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі М.Маметова мен 54-атқыштар
бригадасының мергені А. Молдағұлованың орны айрықша.
«Еліңді сүйсең, ерлік істейсің»,- дегендей батырларымыздың ерліктері
шексіз. Ұлы Отан соғысына қатысқан Ә.Шәріпов, Қ.Қайсенов, Н.Әдіров,
Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Т.Бегельдинов, Р.Қошқарбаев сияқты есімдер
аңызға айналған аталарымызды тарих бетінде батыр деп жазып кетті.
Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз
ешкашан ұмытпаймыз. Қазіргі қазақ елінде көптеген көшелер, ғимараттар,
|