Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
1
Алматинская область
Абдраимова Сабира .................................................................................................................................... 2
Абишева Айсұлу ........................................................................................................................................... 5
Алиханова Ассоль ........................................................................................................................................ 8
Алмас Үкілай .............................................................................................................................................. 11
Алтайбек Айдана ....................................................................................................................................... 13
Амангелді Елнар ........................................................................................................................................ 15
Әбіл Эльмира ............................................................................................................................................. 18
Әділжанқызы Сұлушаш ............................................................................................................................. 21
Базарбай Нұрила ....................................................................................................................................... 23
Бекен Нұрасыл ........................................................................................................................................... 26
Бекетқалиқызы Сезім ................................................................................................................................ 27
Берікболқызы Аиша .................................................................................................................................. 30
Болат Балғын .............................................................................................................................................. 32
Диас Ақерке ............................................................................................................................................... 35
Естай Айсулу ............................................................................................................................................... 40
Жүнісова Зарина ........................................................................................................................................ 41
Исаева Құралай .......................................................................................................................................... 43
Қайдарова Жансая ..................................................................................................................................... 47
Қазан Нарбол ............................................................................................................................................. 48
Капсалямов Ерасыл ................................................................................................................................... 49
Қожабек Аяна............................................................................................................................................. 52
Құрманғали Назерке ................................................................................................................................. 54
Лазгиева Милана ....................................................................................................................................... 56
Нүсіпжанова Ажар ..................................................................................................................................... 59
Сағынғали Нұрай ....................................................................................................................................... 61
Садықова Айнұр......................................................................................................................................... 65
Сәкен Еркін ................................................................................................................................................. 68
Светхоалық Еркежан ................................................................................................................................. 70
Серікбай Арнур .......................................................................................................................................... 73
Темірғали Айдана ...................................................................................................................................... 75
Тулендинова Айжан .................................................................................................................................. 77
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
2
Абдраимова Сабира
9 сынып,Н.Әлімқұлов атындағы орта мектеп
Қарасай ауданы Қаскелең қаласы
Жетекшісі: Атаниязова А.Қ.
Ермек елдік бастауы
Ермекке толып өткені,
Ұмытылмай тұрды ел ісі,
Соғыстың соңғы көктемі,
Солдаттың асқақ жеңісі.
Ғабиден Қожахмет
Соғыс – атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылытатын, қасіретке
толы сөз. Осыдан 71 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан
соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына төрт жыл ішінде
батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистердің мақсаты
жер бетін отарлап билік құру еді. Германия, Италия секілді елдер бүкіл
әлемді өздеріне қаратпақ болды. Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың
берекетін алған фашистердің жоспары іске аспай, өздері сол соғыстың
зардабын тартты. Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақты ат салысты.
Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Б.Момышұлы,
Ә.Молдағұлова,
М.Мәметова,
Т.Бигельдинов,
М.Ғабдуллин
секілді
батырларымыздың ерлігі арқасында қазіргі тату өмірімізге бейбіт
заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік.
Еуропа елдерінде қарсыласу қозғалысына қатысушы қазақстандықтар
фашистерге және оларды қолдайтыдарға қарсы күресте батырлық пен ерлік
көрсетті. Грекия жерінде фашистерге қарсы күресте алматылық Петр Гев,
француз қарсыласу қозғалысы сапында Дәулет Қаражұмынның батырлығы
мен аты шықты. Қазақстандық 23 жауынгер италияндық қарсыласу
қозғалысы құрамында Қарағандыдан Тәкіш Әлпейісов, Қызылордадан
Қалданбек Дүйсенбеков, Ақтөбеден Жаймақ Көшіков, Целиноград
облысынан Ниолай Дрожаков және Топай Сәдуақасов жаумен қасық қаны
қалғанша шайқасты. Ал Б. Момышұлы аға-лейтенант шенінде баталионды
басқарып, Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан 3
рет алып шықты. Соғысты Б. Момышұлы полклвник шенінде аяқтады. Әуеде
от жалынға оранып бара жатқан бомбалаушы ұшағын жау танкісі колоннасы
үстіне шүйілтіп, жандарын пида еткен қазақтың баһадүр ұшқышы Бақтыораз
Бейсембайевқа Ресей Федерациясының батыры атағын берді. Ал Рейхстагқа
тікелей шабуыл жасап, оған жеңіс туын тіккендердің қатарында Р.
Қошқарбаев, капитан Б. В. Чупрета, минометші А.Бақтыгеров, пулеметші
А.Е. Вицко, байланысшы К. М. Волочаевтар болды. Қазақстандықтар
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
3
Ленинградты қорғауға Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарға
Днепрден өту мен Украина, Беллоруссия, Молдова мен Балтық елдерін
еуропа халықтарын фашистік езгіден азат ету шайқастарына қатысты. Ұлы
Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері де үлкен
үлес қосты. Ғылым мен өнер адамдарының шығармашылық еңбегі
майдандағы кеңестік әскердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың
тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына
өзіндік жарқые із қалдырды. Олардың негізгі тақырыбы – патриотизм,
Отанды қорғауға арналады. Бірқатар жазушылар мен ақындар қолына қалам
алып, Отан қорғауға соғысқа аттанды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап,
90-ға жуық ақындар мен жазушылар майданға кетті. Олар майдандос
жауынгерлерге
батырлықтың
үлгісін
көрсетіп,
оларды
өздерінің
шығармаларымен жауға қарсы соғысқа рухтандырды. «Өмір сүргім келеді»
деп шырылдаған 28 жастағы жауынгер өзінің ерен еңбегімен батырлығының
арқасында дүние жүзіне танылып, үлкен құрметке ие болды. Жауынгер
қаламынан шыққан жалынды үш жерлестерінің жолын тебірентіп отты
жылдар өз ролін атқарды, болашақ ұрпаққа айнымас ұран болып қалды. «Біз
кеңес адамдарымыз, біздің жүрегеміз темір емес. Бірақ біздің отымыз қандай
темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті
қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік !» деп еліне, жеріне деген
шексіз махаббатын, құрметін майданда дәлелдеген.
Сол майдандарда біздің аруларымыз да талай қиындықты басынан кешті.
Қолдан келместей көрінгенмен, сол кездері нәзік жанды әйелдер кез – келген
батырдың өзін қайыстыратын жүк көтерді. Өздеріне ешқандай жеңілдікті
талап етпестен, қашан да жауынгерлер мен сапта тұрды. Тіпті, осы
қыздардың болуы жауынгерлерді рухтандырып, оларға күш – қуат берді.
Аяулы Әлия мен Мәншүк есімі бүгінгі ұрпаққа ерліктің ғажайып үлгісі деп
айтар едім. «Майданға жіберетін ешкімім жоқ, ағам да, апам да жоқ,
сондықтан менің өзімді жіберуді өтінемін» деп Алматыдағы Медицина
институтының жас түлегі Мәншүк Мәметова Отан қорғаушылар қатарына өз
еркімен қосылғысы келетінін білдірген болатын. Жас қыздың қайтпас
қайсарлығы таң қалдырмай қоймады. Сол сенімді мергендігімен талай жауды
құртқан Әлия есімі тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес әскерлері 1418 күн түн бойына
шацқасып, жеңіске қол жеткізіпті. Сонау Жер-Ананы өрт шарпыған соғыс
жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт
өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлер, бүгінгі
ақсақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар әрқашан жоғары құрметке
лайық.
Қазақ елі осындай сұрапыл жылдарда да қонақжай, адал ниетті, ақ көңіл,
адами қасиеттерін жоғалтпады. Ресейден, Уктраинадан, Белоруссиядан, басқа
да республикалардан келген баспанасыз миллиондаған адамдар мен жетім-
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
4
жесірлерді халқымыз құшақ жая қарсы алып, шын жүрекпен бауыр басты.
Мұның бәрі де мақтан тұтарлық әрекет. Осылайша соғыс барысында бүкіл
әлем алдында бар ұлысымен көрінді.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
5
Абишева Айсұлу
11 сынып, №1 мектеп-гимназия,
Сарқан қ.
Жетекшісі: Қажиева А.М.
Ұмытылмас Ұлы Жеңіс
1945 жылы 8 мамырда Германия өзінің жеңілгенін мойындады, Ұлы Отан
соғысы осылайша Кеңестер Одағының жеңісімен аяқталды. Бұл жеңіс КСРО
құрамындағы барлық елдер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін Ұлы Жеңіс
еді. Бүгінде біз осы Ұлы Жеңістің 71 жылдығын атап өтудеміз.
Соғысытың тарихына тоқталатын болсақ: Германия байлығы мол, жері
кең, ең керекті әрі пайдалы кен байлықтардың бәрін қойнауында сақтаған,
алып держава Кеңестер Одағының жеріне көз тікті. Герман әскерлері КСРО
аумағына басып кіргеннен-ақ, жерін қорғау үшін кеңес адамдары өз
еріктерімен соғысқа аттанып жатты. Олардың арасында қазақстандықтардың
үлесі де аз емес еді. Майданға Қызыл Армия қатарына бір миллион екі жүз
мың жерлестеріміз қабылданды. Бұл сұрапыл соғыс әсер етпеген бірде-бір
шаңырақ болмады. Әр үйден кем дегенде екі адам әскер қатарына алынды.
Ұлдарының, әкелерінің, аға-бауырларының не өлі, не тірі оралатынын білмей
үйлерінде қалған әйелдер мен аналардың әр күні қорқынышпен өтті. Ал,
отбасында соғысқа баратын ерлері жоқ нәзік жандылар да Отанын қоғауға
аттанды. Олар қолдарына қару алып, тіпті танк, ұшақ сияқты ауыр
техникаларды да басқарған.
Осындай ержүрек нәзік жанды Қаһарман атағына ие болған апамыз Хиуаз
Доспанова. Тұңғыш ұшқыш әйел, қазақ қызының әуеде ұшақты басқарып
жүріп жасаған ерліктері соғыс жылдары барлық КСРО-ға белгілі еді.
Әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанған Хиуаз Доспанова ол
кезде 20 жаста еді. Осындай жасында әуе техникасын жетік меңгерген ол,
түнгі мезгілде жау шептеріне әуеден шабуыл жасаған. Ол штурман еді.
Авиацияда штурманның атқаратын жұмысы өте маңызды. Кез-келген оқыс
жағдайға дайын болып, әуедегі шайқастан ұшақты ішіндегі жауынгерлерімен
қоса аман алып шығу керек болды. Осы міндетті абыроймен атқарған батыр
апамыз көптеген жоғары марапаттарға ие болған. Еліне деген сүйіспеншілігі,
бойындағы намыс пен күш-жігерінің арқасында «Гвардиялық» деген атақ
алды. Соңынан «Тамань», «Қызыл Ту», «Суворов» ордендерінің иегері
атанды. Әуедегі ерліктің тамаша үлгісін көрсеткен қазақтың ұшқыш қызы
Хиуаз Доспанова «Халық Қаһарманы» деген атақтың иесі.
Бұл атаққа ие болған қазақ батырлары аз емес. Олар соғыстың алғашқы
күнінен бастап барлық майданда шайқасты. Батыстағы қалаларды гитлерлік
басқыншылардан азат еткен ержүрек ұл-қыздарымыздың ерлігі ел есінде.
Олар: Мәскеуді қорғаған генерал-мойор Панфилов басқарған, аңызға
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
6
айналған 316-атқыштар дивизиясы. Ерліктің ерекше үлгісін танытқан Б.
Момышұлы, М. Ғабдуллин, Т. Тоқтаров Кеңестер Одағының батырлары
атанды. Ленинград түбінде шайқас жүргізген әскердің 30%-дан астамы біздің
елдің азаматтары болды. Олар ерекше ерлігімен көзге түсті. Солардың бірі
кеудесін оққа тосқан ержүрек ер Сұлтан Баймағамбетов еді. Оған қоса: Д.
Шыныбеков, С. Жылқышев, Г.П. Зубковтардың есімдері бүкіл Кеңестер еліне
танымал еді. Қазақстандықтар көзге түскен тағы бір шайқас Сталинград үшін
болды. Осы соғыста жаудың әскери базасына өз ұшағын құлатып, ерлікпен
елі үшін мерт болған Нүркен Әбдіров батыр атанды.
Осыдан өзге қазақстандықтар Украина, Белорусия, Молдавия, Балтық
жағалауларындағы елдерді азат ету мақсатымен көзге түскен. Осылайша
біздің жауынгерлер Кеңес Одағының түпкір-түпкірінде жан аямай, соғысып
жатты. Халқының үміті, елінің бостандығы қымбат болған жауынгерлердің
патриоттық рухы соғыстағы ең басты қару болды. Қардай бораған оқтың
ортасында жүріп, өз елі үшін жанын қиып, адам айтса сенгісіз ерліктерге
барған. Бірі кеудесін оққа тосса, бірі жауды жою үшін ұшағын құлатқан, бұл
ерліктердің астарында Отанына деген шексіз махаббат бар.
Суыққа да, ыстыққа да, шөлге де, аштыққа да қарамай күндіз-түні
өліммен арпалысқан әр жауынгер «Халық Қаһарманы» деп аталуына
лайықты.
Әр жауынген соғыстың жеңіспен аяқталуына теңдесі жоқ үлес қосып,
жаумен шайқасып жатыр. Ал, дәл сол кезде соғысқа кетпеген халық бос
жүрмеді: Олар да жеңіске біршама үлесін тигізді. Себебі олар майданды
қару-жарақпен, азық-түлікпен, киімдермен, және техникамен қамтамасыз ету
үшін көп еңбектенді. Қазақстан аумағында барлық шикізат көзі
болғандықтан, біздің еліміз негізгі өнеркәсіп орталығы болды. Жер
қойнауында жатқан табиғи байлықтарымыз кеңінен игеріле бастады.
Зауыттар мен фабрикалар іске қосылып, өте қарқынды өнім өндірді. Ер
адамдардың көбі соғысқа кеткендіктен, жұмыс күші әйелдерге түсті. Әйелдер
барлық саланы қолға алды. Ешкім де бейбітшілік жолында аянып қалмады.
Бұл да ерліктің бір көрінісі. Осындай қажырлы еңбектің арқасында КСРО
соғыста барлық жағынан алдыда болды.
Жеңіске қол жеткізуге үлесін тигізген әр адамның есімі ардақты,
ерліктері үлгі, өмірлері өнеге болып қала бермек.
Сол қанды, қатігез жылдар бүгінгі тыныш өмірдің айнасы. Отан үшін
өткен шайқастың жеңіспен бітуі, бізден басқа қаншама елдің қуанышы.
Жеңіс күнін қазір де бізден басқа 14 мемлекет атап өтеді. Бұл айтулы күн
қарсаңында осы әрбір елде кең көлемдегі әскери парадтар өтеді. Онда
соғысқа қолданылған әскери техникалар көрсетіліп, әскерилер саптық
адыммен жүріп, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетеді. Халқымыз соғыста
ерлікпен көз жұмған Қаһарман ұл-қыздарын еске алады. Бұл батырлар
мәңгілік ел есінде. Қазіргі күні Ұлы Отан соғысында ерекше ерлігімен
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
7
танылған Халық Қаһармандарының есімдері берілген әскери оқу орындары,
көшелер, мектептер мен аудандар бар. Олардың есімдері әрқашан
мақтанышпен аталады, себебі бұл батырлар біздің аспанымызды ашық етіп,
тыныштық орнатты
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
8
Алиханова Ассоль
3 сынып, В.Г.Белинский атындағыорта мектеп
Сынып жетекшісі: Мамбетова К.А.
Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жж.
1941 жылы 22 маусымда Фашистік Германия соғыс жарияламастан
жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы
осылай басталды. Гитлерлік Германия осыған дейін Еуропаның көптеген
мемлекеттерін басып алған болатын. И. В. Сталин халыққа 1941 жылдың 3
шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады.
Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің
борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Әскери
міндеттілерді әскерге алу өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Сондай-ақ
қазақ жеріне көптеген батыр аталарымыз, апаларымыз, ағаларымыз майданға
аттанды. Олардын ішінде аты шыққан батырларымыз Бауыржан Момыш-
ұлы, Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағулова, Мәншүк
Мәметова тағыда басқа коптеген батырларымыз бар. Елге оралмаған
көптеген боздақтарымыз Совет жерінде братский кейбірлерінде жатыр.
Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы
Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік
басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 1
қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1
млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен
бөлімдер құрыла бастады. 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да
құрамалар құрылды. Фашистермен шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-
ші, 316- шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар
дивизиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы атты әскер
дивизиялары, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадалары, 209- Зайсан,
219-минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші, 992-ші авиациялық полктар
даңққа бөленді. Көрсеткен ерліктері үшін 316-дивизия 8-гвардиялық дивизия,
328-дивизия 30-гвардиялық дивизия болып, 75-теңіз бригадасы 27-
гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Майданға 14,1 мың жүк және
жеңіл автокөлік, 1,5 мың шынжыр табан трактор, 110,4 мың жылқы мен 16,2
мың арба жіберілді.
Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып
312-атқыштар дивизиясы (командирі — полковник А. Ф. Наумов, кейіннен
генерал-майор) айқасқа кірісті. 312-дивизиямен бір мезгілде дерлік,
солтүстік-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған, генерал-майор
И. В. Панфилов басқарған 316-дивизия езінің жауынгерлік жолын бастады.
Панфиловшылар Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен Мәскеуді қорғау
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
9
шебіндегі 30 километрлік бөлікке орналасты. Панфиловшылар жаумен күші
тең болмаса да 50 жау танкісімен болған шайқаста жеңіп шықты.
Қазақстандықтар тек майдандарда ғана емес, жау тылында да шайқасты.
Елдің басқа халықтарымен бірге олар жау уақытша басып алған
аумақтардағы партизандық қозғалысқа қатысты. Украинаның партизандық
құрамалары менотрядтарында (толық емес деректер бойынша) 1500,
Ленинград облысында 220-дан астам қазақ шайқасты. Смоленск
облысындағы 15 партизан бригадалары, мен отрядтарында 270 қазақстандық
ұрыстарға қатысты. Белоруссияның әр түрлі аймақтарында әрекет еткен 65
партизан бригадалары мен отрядтарының құрамында 1500-ден аса
қазақстандық болды. Соғыс жылдары партизан қозғалысына қатынасқан
қазақстандықтардың саны 3,5 мыңға жетті. Партизандық қозғалыстың Ғалым
Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым
Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдин т. б. батырларының есімі
көпке танылды. Халық кекшілдерінің қатарында қазақстандық әйелдер —
Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова т. б. аянбай
шайқасты.
27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың)
қазақстандықтар.
Елге оралмаған көптеген боздақтарымыз Совет жерінде
братский қабірлерінде жатыр.
Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12
қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі — бір
орденмен, төртеуі — екі орденмен, екеуі үш орденмен марапатталды. 5
дивизия (олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры И. В. Панфилов атындағы
8-гвардиялық дивизия да бар) гвардиялық дивизияларға айналды. Әскери
ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен
марапатталды, 497 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанды.
Неміс әскері 1943 жылға шейін жеңіске жетіп Мәскеу түбіне дейін келді.
Мәскеу түбінде қаң майданда неміс әскеріне төтеп берген 28
Панфиловшылар соңғы адамы қалғанща соғысып, немістердің жолын
бөгеген. Немістер олардан өтіп Мәскеуге кірмек болғанда, олардың алдынан
Бауыржан Момыш-ұлы бастаған отряд немістерге қатты тойтарыс беріп,
Совет одағы бірінші рет жеңіске жетеді.
1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды.
1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы
шартқа қол қойылды.
1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс
аяқталды.
Бұл жеңісті жеңіске жеткізен батыр бабаларымызды біз мәнгі есте
сақтаймыз. Оларды біз мақтан тұтамыз, олардан үлгі аламыз. Әр жылы 9
мамыр күні біз Жеңіс күнін тойлаймыз. Биыл біз Жеңістің 71 жылдығын
тойлаймыз. Ал неміс жерінде 9 мамыр күні қаралы күні болады.
Достарыңызбен бөлісу: |