Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы № 67 гимназия» ШЖҚ МКК-на төмендегі бос орындар ашылды.
Әлеуметтік педагог /қазақ тілінде/ – 1 орын, жалақысы 187 500 тг
Конкурс Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар: 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). /полекленикадан/ 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. Бағалау парағын, конкурсқа қатысуға өтініш парағын мектеп сайтынан https://67gymnasium.edu.kz/kz/vacancy ала аласыздар.
Мектеп поштасы: 67gymnasium@edu.kz
Мектептің орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Ш.Қосшығұлұлы көшесі, 23/1.
Құжаттар қабылдау 2023 жылдың 10 қаңтардан 18 қаңтар аралығында қабылданады.