Конкурсқа жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады. Республикалық конкурстың бағыттары: Эссе жазу Жоба қорғау



бет2/6
Дата17.12.2022
өлшемі81,39 Kb.
#57803
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
«Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» атты Республикалық конкурс

Эссеге қойылатын талаптар:
1. Көлемі: 2-3 бет ;
2. Эссе құрылымы:
Кіріспе. Берілген тақырыптың мәні мен маңызы ашылады. Бұл бөлікте эссенің бүкіл мазмұнында сипаты ашылатын негізгі ой, мәселе (сұрақ) анық айқындалуы керек (жұмыстың 30 пайызын құрайды).
Негізгі бөлім. Туындаған сұраққа нақты дәлелдер келтіре отырып, негізгі мәселеге байланысты өзіндік ой келтіріледі, кіріспедегі сұрақтың мазмұны ашылады. Әрбір туындаған ой аргументті түрде тұжырымдалады (жұмыстың 60 пайызын құрайды).
Қорытынды бөлім. Негізгі бөлімде ұсынылған дәледемелер қорытындыланады (жұмыстың 10 пайызын құрайды).
3. Эссе байқауының тапсырмалары төмендегі талаптар бойынша бағаланады:
1. Автордың жеке ұстанымы, жеке көзқарасы болуы шарт;
2. Субьективтілікке бағытталған автор ойы логикалық жүйемен, ішкі мағыналық бірлікпен берілуі тиіс;
3. Автор ойы мақал-мәтелдермен, афоризмдермен немесе ұлы ойшылдардың қанатты сөздерімен дәйектелуі керек;
4. Дәлелденуге тиісті мәселе анық және оны дәлелдеу үшін қолданылатын аргументтер міндетті түрде қамтылуы керек;
5. Көркем әдеби эссе болғандықтан, бейнелі, образды сөздердің қолданылуы шарт.
6. Эсседегі барлық мәселелер өз тәжірибеңізге сілтеме жасау арқылы мысалдармен расталуы тиіс;
7. Эсседе грамматикалық нормалар сақталу керек: сөйлемдердің стилистикалық құрылымының дұрыс болуы, ықшамдалған мағыналы жай сөйлемдерге басымдық беру, сөздерді сұрыптап қолдану, тұтас ой сабақтастығы азатжолдарда үзіліп кетпеуін қадағалау, грамматика мен көркем жазу нормаларын сақтау, ой иірімдерін беру мен өзіндік стилінің ерекшелігіне сай тыныс белгілерін сауатты қолдана білу.
4.Эссе жұмысын бағалау жүйесі:
Эссе автордың тақырыпты түсінуі, көтерілген мәселені бағалай алуы, ой толғаныс жасай алуы және жазылым сапасы бойынша бағаланады. Эссе жазуда жанрдың ерекшелігіне сай студенттің функционалдық сауаттылығы назарға алынады.
Эссе үшін қойылатын жоғарғы ұпай саны - 50 балл.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет