Конкурса юных историков «Моя малая Родина»


Конкурстың ұйымдастыру комитеті



бет5/7
Дата15.10.2023
өлшемі41 Kb.
#115290
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ПРОЕКТ-Правила-Моя-малая-Родина-русс-яз

Конкурстың ұйымдастыру комитеті

2.1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті).


Ұйымдастыру комитеті:
- Конкурсты дайындауға және өткізуге тікелей басшылықты қамтамасыз етеді;
- Конкурстың өткізу күнін белгілейді.
-Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;
- қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;
- іс-шараның түрлерін анықтайды;
- Конкурс нәтижесін талдау және қорытындылау;
- Конкурстың дайындығын, өткізу барысын және нәтижесін БАҚ-да жария етілуін қамтамасыз етеді.
2.2. Қазылар алқасы Конкурс қатысушыларының жұмысын бағалайды, қорытындысын шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
2.3. Қазылар алқасы қатысушылардың ұсынған материалдары негізінде келесі критерийлер бойынша бағалауды жүзеге асырады:
- тақырыптың толық ашылуы мен сапасын (жұмыстың мазмұны, зерттеу дәрежесі номинация тақырыбына сәйкестігін);
- тұжырымдардың нақтылығын, көркемдік шеберлігін, техникалық және орындалу сапасын (идеяның өзіндік ерекшелігі), шығармашылық деңгейі автордың жасына сәйкестігін;
- "Менің туған өлкем" номинациясы үшін: баяндаудың стилі, онда көрсетілген кешенді түсіну проблемалары, өзіндік көзқарасы, терминологиялық аппаратты дұрыс пайдалана отырып тақырыптың теориялық және практикалық деңгейде ашылуы, нақты хронология көздеріне сілтемелер, дәйексөздер, тұжырым және қорытынды жасай білу.


IІI. Конкурстың қатысушылары

3.1. Конкурс қатысушылары білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің 9-10 сынып оқушылары болып табылады.


3.2. Конкурстың оқу тілі - қазақ және орыс тілдері.


IV. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4.1. Конкурс үш кезең бойынша өткізіледі:


1) бірінші кезең - аудандық (қалалық), 2020 жылғы 2 қазан күні «Дарын» РҒПО дайындаған тапсырмалары бойынша аудандық және қалалық білім басқармалары өткізеді.
2) екінші кезең - облыстық, ағымдағы жылдың 12 қазан күні өткізіледі. Облыстық іріктеу кезеңді «Дарын» РҒПО дайындаған тапсырмалары бойынша, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымдары (бұдан әрі - «НЗМ» ДББҰ), республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі - РББҰ) жүзеге асырады.
Конкурстың аудандық, облыстық кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу үшін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, «НЗМ» ДББҰ, РББҰ ұйымдастыру комитетін құрады және бекітеді.
Ұйымдастыру комитетінің құрамына ұйымдастыру комитетінің төрағасы мен мүшелері кіреді. Төрағалар болып облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, «НЗМ» ДББҰ-ның, РББҰ-ның басшылары белгіленеді.
Ұйымдастыру комитеті конкурстың аудандық, облыстық кезеңінің өткізілуін ұйымдастырады және бақылайды, конкурсты өткізу үшін қазылар алқасы мүшелерінің құрамын бекітеді, конкурс кезеңдерінің қорытындылары туралы ақпаратты «Дарын» РҒПО-ға жібереді.
Конкурстың аудандық, облыстық кезеңдерінің қазылар алқасының құрамына жоғары оқу орындарының өкілдері, әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, «НЗМ» ДББҰ-ның, РББҰ-ның жоғары біліктілік санаттары бар өкілдері енгізілуі мүмкін.
Конкурстың бірінші (аудандық), екінші (облыстық) кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері жергілікті білім басқармаларының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
3) үшінші кезең (республикалық), 2020 жылғы 3-5 қараша күндері аралығында www.daryn.kz сайтында бейнеконференцбайланыс жүйесімен онлайн режимде өткізіледі.
4.2. Конкурстың республикалық кезеңіне қатысу жөнінде өтінімдерді облыстық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары, «НЗМ» ДББҰ-ның, РББҰ-ның басшыларының қолымен сұраныс хат арқылы 23 қазанға дейін ұйымдастыру комитетіне жіберу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет