3. Қанайналымын бағалау Ұйқы артериясындағы пульсті анықтау үшін:
- 2, 3 және 4 саусақпен мойынның алдыңғы бетіндегі трахеяның шығыңқы бөлігін анықтау;
- саусақтарды терең және бүйірге, шеміршек пен төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің арасына жылжытыңыз;
- ұйқы артериясын сезіп, оның пульсациясын 10 секунд ішінде анықтау (пульс жоқ)
- Зардап шегушіні қатты беткейге жатқызу.
- мойны мен кеудесін ашып, белдікті босату;
- Дұрыс позицияны таңдау: қолдарымызды кеудеге қоямыз -алақанның проксимальды бөлігі төс сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінде;
- Бірінші компрессия – бұл кеуде сарайының серпінділігін анықтау үшін,қозғалысты бүкіл дене салмағыменжасайды.
Компрессия тереңдігі кемінде 5-6 см.Компрессия жиілігі минутына кемінде 100 (120-дан аспайтын) рет, яғни 18 секундта 30 компрессия. Алақанды кеудеден көтермей, кеуде сарайы қалпына келу үшін, компрессия арасы минимальді үзіліспен жасалынады, тез және қатты басу керек.Қолдар шынтақта түзу.
Кеуде сарайының компрессиясы дененің маятник тәрізді қозғалысымен жасалады.