A. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпынакелтіру Пациенттің басын құтқарушыға қарай ( яғни өзінеқарай) абайлап бұру және ауыз қуысын бөгде заттардың болуына тексеріп алып, орамалға немесе дәкеге оралғансаусақтардың көмегімен (орта және сұқ) ауыз қуысынанбөгде денені алып тастау қажет. Содан кейін басынбастапқы қалпына келтіру.
В. Басын шалқайту Бір қолдың алақанын мойынның астынақойып. Екінші қолмен маңдайын ұстап, басынартқа шалқайту керек.
С. Аузын ашып жәнетөменгі жақты шығару. Ауыз қуысының ашылуы- басын артқа шалқайтып, төменгі жақ сүйегін алдыға шығарып,аузынашу керек.
2,0
1,0
0
6
Жасанды тыныс алуды жүргізу.
- Қауіпсіздік шаралары мен гигиенаны сақтау үшін ӨЖЖ«ауыздан – ауызға» әдісімен ылғалдандырылған майлық немесе таңғыш арқылы жасау керек.
ӨЖЖ жүргізу техникасы мен ережелері: - Пациенттің маңдайына қойылған бір қолыңызбен басын артқа шалқайтып, ал екінші қолыңызбен мойын мен бастың шүйде аймағын ұстап тұру керек;
- Маңдайда орналасқан қол саусақтарымен ауа шығып кетпеу үшін мұрындықысу керек;
- Пациенттің ауызын өз аузыңызбен мықтап жауып, оның тыныс алу жолына терең тыныс алып, дем жіберу керек (тиімділікті бақылау критерийі - кеуде қуысының экскурсиясы).
- Пациенттен сәл алшақтап, пассивті дем шығаруын күту керек.
- Кеуде қуысы төмендеген кезде 2-ші жасанды тыныс беру керек;
Тыныс алу циклдарының аралықтары 1 минут ішінде 8-10 реттен аспауы керек (1 тыныс алу циклі үшін 4-5 реттен). Шығарылған ауа көлемі қалыпты көлемнен шамамен 50% артық болуы керек.
- Кеуде қуысының компрессияжиілігіӨЖЖ-не қатынасы 30:2 (ЖӨР =1цикл).