Конкурсына қатысуға сұраныс «Педагогикалық идеялар фестивалі»


Педагогикалық идеяның өзектілігі



бет2/3
Дата11.12.2023
өлшемі31,98 Kb.
#137808
түріКонкурс
1   2   3
Байланысты:
«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсына қатыс-emirsaba.org

Педагогикалық идеяның өзектілігі: Тәрбие - қоғамдық құбылыс. Тәрбие жас буынның өмірге бейімделіп, өз бойында адам баласына тән жақсы қаситеттерді қалыптастырады. Сол үшін жас ұрпақты тәрбиелейді, өмір тәжірибесіне үйретеді, араластырады, қарым-қатынас іс-әрекетті меңгертеді, тарихи кезеңдерге сай дамытады. Осы тұрғыда тәрбие ұғымына бірнеше анықтама берілген, атап айтсақ Н.И.Болдыревтің «Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі» оқулығында «Тәрбие – тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы бір мақсатқа бағытталған және өзара байланысты іс – әрекеті, осы жұмыс процесіндегі қарым – қатынасы, жеке адамды және ұжымды қалыптастырудағы ықпалы» делінген.
Мектеп қабырғасында білім алып жатқан жас ұрпақты еліміздің рухани байлығымен, сондай-ақ қазіргі заманауи біліммен қаруландырып қана қоймай, олардың бойына жаңа сапалы білік-дағдылар мен икемділіктерді дарытуда да жаңа буын оқулықтары бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі дұрыс жұмыс жасау және инновациялық тұрғыда жұмыс жасау педагогикалық идеяның өзектілігі болып табылады.
Педагогикалық идея мақсаты:
Қазіргі уақытта мектеп оқушылары жаңартылған білім мазмұны шеңберінде жаңа үлгідегі оқулықтармен қамтылған. Оқулықтың ғылыми мазмұны үлгілік оқу бағдарламасында анықталған нәтижелерге қолжеткізуге бағытталған. Осы орайда осыған сәйкес қосымша қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіжәне сюжеттермен инновациялық тұрғыда тапсырмалар жасау.
Педагогикалық идеяның міндеттері:Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың маңыздылығын арттыру.
Педагогикалық идеядан күтілетін нәтиже:
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың
тиімділігін заманауи оқыту жолдарын ұсыну.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған [1,3]. Оқытудың сындарлы теориясы оқушылардың ойлауы олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерден, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла дамиды деген тұжырымға негізделеді. Бұл теорияға негізделген оқыту мақсаты – оқушының пәнге деген қабілетін дамытып, алған білімін сыныптан тыс кез келген жерде пайдалана білуге үйрету.
Оқыту барысында қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді деген Пажарестің ойымен келісе отырып, сабақ жоспарын жасауда жеті модульді кіріктіре отырып құрауды басты назарға аудару керек. Соған сай өз ойларын еркін, дәлелді жеткізе білетін, ынталарын арттыратын, сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін стратегияларды қолданған абзал. Қызығушылық білдірген, белгілі мақсатты көздеген оқушылар мақсатқа жетеді, сондықтан орындалатын тапсырмалар мақсатқа жетуге итермелейтіндей етіп ұйымдастырылуы тиіс. Тапсырмалар оқушыларға рөлге еніп ойлануға және әрекет етуге мүмкіндік береді. Рөлге ене отырып, өз ойлауын дамытуға, сонымен қатар құзіреттілігін де жетілдіругесептігін тигізеді. Дайын берілген, жаттанды білім, механикалық есте сақталған мәлімет мағынасы терең меңгерілмей, жатталғандықтан оны өмірде тиімді пайдалана алмайды[1,4].
Бағдарламаның негізгі мазмұны жеті модуль түрінде берілген. Жоспарды жаңаша жасау барысында:
- сабақ барысындағы жұмыс кезеңдерінің тізбектеліп келуіне,
- жеті модульді барынша тиімді ықпалдастыруға,
- әрбір сабағым үшін оқыту мен оқу мақсаттарын сауатты анықтауға, нәтижеге қол жеткізу үшін әрекет етуге,
-сабақтың әрбір кезеңінің басынан бастапсоңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз етуге жұмыстану.
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» жеті модульдің барлығында қарастырылады. Жаңа әдістер ретінде «диалог арқылы оқыту» мен «қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз,себебі олар әлеуметтік сындарлылық көзқарастарымен тығыз байланысты.
Ғылыми зeрттeу нәтижeлeрі сaбaқтa диaлoгтің мaңызды рөл aтқaрaтынын aтaп көрсeтті. Мeрсeр мeн Литлoн (2007) өз eңбeктeріндe диaлoг сaбaқтaoқушылaрдың қызығушылықтaрын aрттырумeн қaтaр, oлaрдың білім дeңгeйінің өсуінe үлeс қoсaтындығын aтaп көрсeтeді. Выгoтскийдің oқыту мoдeлі oқушы диaлoг құру нәтижeсіндe білімaлaды дeп жoрaмaлдaйды. Бaрнс(1971) сыныптa тіл қaншaлықты қoлдaнылсa, oқушылaрдың oқуынa сoншaлықты әсeр eтeтінін aйтaды. Бaрнс oқытудың мұғaлімді сeлқoс тыңдaғaндa ғaнaeмeс, вeрбaлды құрaлдaрды қoлдaну нәтижeсіндe, яғни сөйлeсу, тaлдaу жәнe дәлeлдeу бaрысындa жүзeгeaсaтынын aйтсa, Мeрсeр (2005) құрдaстaр тoбындaғы өзaрa қaрым-қaтынaс oқудaмaңызды рөл aтқaрaтынын көрсeтті.
Oқушылaр жұптa нeмeсe тoптaрдa жұмыс істeгeндe, oлaр «мұғaлім-oқушы» сұхбaт түріндeгі өзaрa іс-қимылғa қaрaғaндaмeйліншe, «симмeтриялы» бoлып тaбылaтын өзaрa іс-қимылғa тaртылaды, oсылaйшa, нeгіздeлгeн дәлeлдeрді әзірлeудe жәнe қaдaғaлaнaтын oқиғaлaрды сипaттaудa түрлі мүмкіндіктeргe иe. Сaбaқ бaрысындaғы әлeумeттік өзaрa іс-әрeкeттeр oқудaмaңызды рөл aтқaрaды.
«Мұғaлім - oқушы» жәнe «oқушы-oқушы» жaғдaйындaғы қaрым-қaтынaс түсінікті дaмыту мeн мaғынaны aшудың eлeулі бөлігін құрaйды. Осыны ескере отырып, сабақта диалогті оқытуды тиімді пайдалану жақтарын қарастыру керек.
Диалогқа қатысудың бір тәсілі – ынтымақтастық немесе бірлесе оқу. Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет, ал бірлескен оқу – мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған әрекет. Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, сабақты «Бүгін бәріміз сабаққа жақсы қатысамыз. Ура!» әдісін пайдаланып, ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастаған жөн. Ынтымақтастық атмосферасы сынып алдында өз ойларын ортаға салудан ұялатын, қысылатыноқушылардың өз-өзіне деген сенімділігін артыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Шеринг жаттығуы» әдісін қолданып өткізуге болады. Оқушыларөткен сабақ бойынша бір-бірлерімен пікір алмасып, өткен сабақта орындай алмай қалған тапсырмаларына ой жүгіртіп, оның түзету жолдарын қарастырады, кедергілердің шешу жолдарын қарастырады. Кейде оқушылардың ұсыныс айта алмай жататыны да белгілі. Олардан не үшін ұсыныс айта алмағандарын сұрасаңыз: «не айтатынымызды білмедік» деген жауап аласыз. Сабақта белсенділігі жоғары оқушы ғана ұсыныс білдіреді. Мұғалімге арналған нұсқаулықта «бірлескен сұхбат үлкен пайда келтіреді» [1,36] делінген. Осыны ескере отырып, сыныпта бірлескен сұхбатты жиі ұйымдастыру керек деген қорытындыға келуге болады.
6 а сыныбындa«Дефис арқылы жазылатын шылаулар» тақырыбын өткенде сол тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін түрткі болу, сынақтан өткізу сұрақтарын қойып, олардың сабаққа деген ынтасын арттыруға болатыны байқалды. Мысалы, «Блум түймедағы» әдісінде «Демеулік шылауларды қатыстырып бір шумақ өлең шығарыңыз» деген шығармашылық сұраққа, «Демеулік шылаудың жалғаулық шылаудан қандай айырмашылығы бар?» бағалау немесе «Өмірде бұл шылаулардың қолданылуын қай жерде байқадың?» деген тәжірибелік сұрақтар арқылы оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанады, шынайы қызығушылығы мен сезімдері анықталады. «Құндылықтар спектрі» тапсырмасын орындауда әңгіме-дебат қолданылса, «Ақылдың алты қалпағы» стратегиясында диалогтің топтық, зерттеушілік түрі түрі көрініс тапты десек те болады. Топтық жұмыстар орындалып, шылау тақырыбына обьективті ақпарат берсе, екінші топ сыни аналитик ретінде өзінің сыни көзқарасын білдірді. Сонымен қатар шуақты оптимизм, мүмкін идеялар талданды.
Нәтижесінде оқушылар өз ойларын толық айтуға мүмкіндік алады, басқа адамдарда түрлі идеялар болатындығын түсінуіне, идеяларын дәлелдеуге көмектеседі. Шығармашылық қабілеттері артып, тақырыпты терең меңгере алады. Диалогтік оқыту барысында оқушылардың қандай деңгейде екенін анықтауға болады.
«Қалай оқу керектігін үйрену» модулі «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау, оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады[1,34]. Балалар түрткі сұрақтарға жауап беру арқылы және тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтап, оқу үдерісінде не ұнайтынын, не ұнамайтынын түсініп, алдарына мақсат қоя білетін болады. Тапсырмаларды оқушы талдайды, бағалайды, салыстырады. Топтық, жұптық тапсырмаларды орындауда оқушылар бір немесе бірнеше тәсілдердің көмегімен тапсырманың орындау жоспарын құрады
Оқушылар өз ойларын ортаға сала алмауы, пікір айта алмауы, ойларына қорытынды жасай алмауы, мәтінмен жұмыс жасауда мазмұнына кетіп қалуы, сұрақтарға қысқа жауап қайтаруы оқушылар бойында сыни ойлау дағдысының қалыптаспағанын көрсетеді.
Сын тұрғысынан ойлау бақылауды, тәжірибені, ойлауды қажет етеді. Алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге өз көмегін тигізеді. Мұндай үрдіс болашаққа әрекет жасауға өз ықпалын тигізеді.
7-сыныпта «Абайдың жиырма тоғызыншы қарасөз» тақырыбындағы сабақтың мақсаты ақын қарасөзінің мазмұнын түсіну мен мәнін ашу, мақалдарға қатысты өзіндік тұжырымымен танысу. Мұғалімдер қолданатын әдіс-тәсілдер оқушылардың метатанымдық немесе өздігінен реттелетін оқуын дамытуға ықпал етеді. Ынтымақтастық атмосферасын құру, қызығушылықтарын, белсенділіктерін ояту мақсатында «Ең, ең, ең жүйрік топ» ойынын ойнату арқылы ақын өміріне шолу жасалды.
Оқушылар бойында мағынаны тану, сұрақ қою, өзіндік пікір білдіру, қорытынды жасау дағдыларын дамыту мақсатында «Балалар философиясы», «Екі жақты күнделік», «Ойлан, тап», «Басқа адамдардың пікірі» стратегияларымен жұмыс жасалды. Бұл тапсырмаларды орындау арқылы бақылау, тыңдау, қорытынды жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. Топта жұмыс істеу барысында оқушылар ауызша дәлелдерден алған ақпаратпен, қосымша мәліметтермен танысады, бір-бірімен пікірлесе отырып, өзара байланыстарын талдайды, келесі топқа сұрақтар әзірлейді, айтылған түрлі пікірлердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады, қорытынды жасау үшін дәлелдерін жинақтайды, сұрақтар жауаптарын өмірде қалай қолдануға болатынын айта біледі. Нәтижесінде оқушылардың оқуға деген қабілеттіліктері анықталады. Барлық оқушы сабақта белсенділік танытады. Сынып алдына шығып сөйлеуден ұялатындар, өз ойын ортаға салудан қысылатын оқушылар ашылып, белсенділік таныта бастайды. Бірлесе жұмыс жасаудың нәтижесінде сөйлеу дағдылары дамиды.
Oқыту мeн oқудaғы жaңa әдіс-тәсілдeрдің бірі «диaлoгтық oқыту және оқу», метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену»oқушылaрдың білім дeңгeйін көтeругe, сыни тұрғыдaн oйлaнуын дaмытады. Бұл кeздeoқушылaр aрaсындa ынтымaқтaстық aхуaл oрнaйды дa, білім бeру, білімaлу үрдісі тaбысты бoлaды.
Қорыта келе, жеті модульді кіріктіре отырып сабақты жоспарлауда оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып бөлісулеріне, дәлелдеуіне, қорытынды жасауына, сыни ойлауларына мүмкіндік беріледі, оқушылардың түрлі идеялары білім алуларына, түсінулеріне көмектесетініне көз жеткізуге болады. Жаңа бағдарламаның мақсаты бойынша өткен сабақтарда оқушылар тақырыптың мәнін өз беттерімен түсініп,меңгереді, оған өздері баға береді.
Кез келген ақпаратты талдай отырып, ой көзімен зерделеуге үйренді.
Алға мақсат қоя отырып өзін жетілдіруге ұмтылды.
Өмірді шынайы танитын, адамгершілігі мол, өзін де, өзгені де сыйлайтын азамат болып қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет