8-сыныпта қазақ әдебиетінен М.Мөңкеұлының «Үш қиян» тақырыбындағы сабақтың мақсаты әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу болды. Сабақта сәтті шыққан әдіс – «Менталды карта».
Бұл әдіс – ақпаратпен жұмыс жасау кезінде мәтіндегі негізгі идеяларды еске сақтауды жеңілдететін сызба түрінде көрсету жолы.
- Ортасына басты идея орналастырылады, ал одан кілт сөздері бар тармақтар шығарылады;
- Нәтижесінде ерекше және жарқыраған сызбалар шығады. Ол жақсы есте сақталады.
Толғауды оқи отырып, жыр түйдектеріне талдау жасаған кезде оқушыларға жалпы мазмұнды түсінуіне жеңіл әрі қызықты болды.
Жұмысты жеке және топта жасауға болады.
Нәтижесінде:
- көптеген ұғым, элементтер жеңіл танылып, олардың өзара байланыстары көрінді;
- ассоциациялық ойлау дамытылып, қайталау тез және тиімді түрде өтті;
- негізгі ой айқын көрініске ие болды.
5-сыныпта қазақ әдебиетінен А. Байтұрсыновтың «Адамдық диқаншысы» тақырыбындағы сабақта сәтті шыққан әдіс «Екі ассоциация».
Бұл ойында: Екі бағанға өлеңнің ішіндегі кез келген тірек сөздерді жазып, екі жақтағы сөздерді салыстырыңыз және ерекше ассоциация ойлап табыңыз.
Ойын шарты:
Екі баған сызады да, оған төрт сөзден жазады. Бағанға кез келген адам, жануар, заттардың атын жазады. Осы екі жақтағы сөзді байланыстырып, ерекше бір ассоциация ойлап табуы керек. Мысалы егер бірінші бағанға күн, екіншісіне сәуле деп жазылса, екі сөзді қосып «күн сәулесі түсті» т.б. ерекше ұқсастықтар табады. Орындауға 5 минут уақыт беріледі. Жазғандардың ішінен ең қызықты ассоциация таңдалады.
Нәтижесінде:
- оқушылар өтіліп отырған тақырыпқа қатысты ой түйіндей алды;
- әртүрлі мазмұндағы сөйлемдер құрау арқылы сөздік қорын байыта алды;
- автордың тілдік ерекшеліктерін түсіне отырып, практикада қолданды.
Қорыта келе айтарым, әр мұғалім - өз сабағының режиссеры. Ал әр сабақ – бір әлем. Оқушының асыл сөздің тұнығына мейірін қандыру мұғалім шеберлігіне байланысты. Менің ойымша, әр мұғалім ізденіп, әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, мақсатына сай қолдана білсе, халықтың рухани байлығы – әдебиетін жан-жақты игертуге зор мүмкіндік алады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Н.И.Болдыревтің «Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі» оқулығы
2.Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т.Даулетбекова, Р.С.Рахметова, А.Қ. Рауандина, Б.Қ.Мүкеева. Қазақ тілі мен әдебиеті. Тіл-байрақ. Оқулық.
http://emirsaba.org
Достарыңызбен бөлісу: |