Конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата02.03.2017
өлшемі94,56 Kb.
#5121
түріКонкурс
  1   2   3

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы

білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар

конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік

конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 Бұйрығы.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7547 тіркелді

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 29)

 сәйкес 

тармақшасына



БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру

және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 

 сәйкес;

1-қосымшаға

      2) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу

қағидалары осы бұйрыққа 

 сәйкес;

2-қосымшаға

      3) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын

ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 

 сәйкес;

3-қосымшаға

      4) Орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы

бұйрыққа 

 сәйкес;

4-қосымшаға

      5) Кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы

бұйрыққа 

 сәйкес.

5-қосымшаға

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):

      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде

мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында

жарияласын.

      3. «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар,

орындаушылар мен кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын өткізу ережеcін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 28

желтоқсандағы № 668 

 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №

бұйрығының

5100-мен тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 182 (1408) санында жарияланған)

күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н.Сарыбековке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

енгізіледі.



      Министр                                     Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы    

Білім және ғылым министрінің 

2012 жылғы 13 наурыздағы  

№ 99 бұйрығына 1-қосымша 

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік

олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы (бұдан әрі –

Президенттік олимпиада) ұйымдастыру және өткізу қағидалары Президенттік олимпиаданың ұйымдастыру

және өткізу, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етілуін, Президенттік олимпиадаға қатысу

тәртібін айқындайды.


      2. Президенттік олимпиаданы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі

- Министрлік) жыл сайын өткізеді.

      3. Президенттік олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

      1) дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі интеллектуалдық дамуы мен кәсіптік бағыт

алуы үшін қолайлы жағдай жасау;

      2) отандық жетекші жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру үшін дарынды оқушыларды

дайындау арқылы үздіксіз білім беру идеясын іске асыру;

      3) оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығын

арттыру, олардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын дамыту.

      4. Президенттік олимпиада екі бағытта өтеді: математика-физика және химия-биология,

11-сынып бағдарламасы бойынша тиісті білім деңгейі бар жалпы орта білім беретін ұйымдардың

оқушылары үшін.



2. Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      5. Президенттік олимпиада үш кезеңде өткізіледі:

      1) бірінші кезең – өңірлік, облыстарда Астана және Алматы қалаларында, республикалық білім

беру ұйымдарында (бұдан әрі – РБҰ) және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру

ұйымдарында (бұдан әрі – «НЗМ» ДБҰ) – жыл сайын 1 қарашаға дейін;

      2) екінші кезең – іріктеу кезеңі 2 турда өткізіледі:

      1 тур – қашықтық – жыл сайын 15 қарашаға дейін;

      2 тур – шығармашылық, қашықтық тур өткізілген күні эссе жазу;

      3) үшінші кезең – республикалық, 3 турда:

      1 тур – теориялық;

      2 тур – эксперименттік;

      3 тур – ағылшын тілінен тестілеу өткізу.

      6. Президенттік олимпиаданың барлық кезеңдерін тапсырмалармен қамтамасыз етуді дарынды

балалармен жұмыс жүргізу саласындағы уәкілетті орган - «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық

орталығы жүзеге асырады.

      7. Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңін облыстық, Астана және Алматы қалаларының

білім басқармалары, «НЗМ» ДБҰ, РБҰ өткізеді.

      8. Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі Министрліктің Интерактивті студиясы желісі

арқылы республиканың барлық өңірлерінде ұйымдастыру комитеті белгілеген бір уақытта уәкілетті

органмен өткізіледі.

      9. Іріктеу кезеңіне әр облыс, Астана және Алматы қалалары құрамына өңірлік кезеңнің

жеңімпаздары енгізілген, Президенттік олимпиаданың бағыты бойынша: математика-физикадан – 15,

химия-биологиядан – 15, құрамы 30 адамнан тұратын командалар ұсынады.

      РБҰ 20 қатысушыдан тұратын бір-бір құрама команда ұсынады, «НЗМ» ДБҰ құрамында 10

қатысушысы бар құрама команда ұсынады.

      10. Іріктеу кезеңіне тіркеу және қатысу облыстық, Астана және Алматы қалалары білім

басқармаларынан және «НЗМ» ДБҰ, РБҰ-ның Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің (бұдан

әрі – ұйымдастыру комитеті) атына жіберілген жазбаша өтінімі негізінде жүзеге асырылады.

      11. Ұйымдастыру комитетінің қызметі:

      1) Президенттік олимпиаданы дайындауға және өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асыру;

      2) Президенттік олимпиаданың қазылар алқасын және академиялық тобының құрамын бекіту;

      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министріне Президенттік олимпиаданың

қорытындылары бойынша ақпарат беру.

      12. Өтінімде оқушының тегі, аты, әкесінің аты, мектебінің мекенжайы, қатысушының

жетістіктері, сондай-ақ қатысушыны дайындаған мұғалімнің аты-жөні, байланыс телефондары

көрсетілуі керек.

      13. Ұйымдастыру комитетінің құрамын Министрлік бекітеді. Ұйымдастыру комитетінің құрамына

Министрлік, Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың, білім беруді басқару органдарының,

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының өкілдері кіреді.


      14. Президенттік олимпиаданың қазылар алқасы төрағадан, мүшелерінен және хатшыдан тұрады.

Қазылар алқасының құрамына алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының

ғалымдары, Қазақстан Республикасы командаларының ғылыми жетекшілері, бұрынғы халықаралық

олимпиадалардың жеңімпаздары енеді.

      15. Президенттік олимпиаданың қазылар алқасы:

      1) Президенттік олимпиадаға қатысушының жазбаша жұмыстарын тексереді, олардың нәтижелерін

бағалайды;

      2) ұйымдастыру комитетіне жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау жөнінде ұсыныстар

жасайды;

      3) Президенттік олимпиада қатысушыларының орындаған жұмыстарына талдау жүргізеді.



3. Қорытынды ереже

      16. Президенттік олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар тапсырылады.

      17. Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады:

I дәрежелі – 2 қатысушы, II дәрежелі – 4 қатысушы және III дәрежелі - 6 қатысушы.

Қазақстан Республикасы    

Білім және ғылым министрінің

2012 жылғы 13 наурыздағы   

№ 99 бұйрығына 2-қосымша 



Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды

ұйымдастыру және өткiзу

ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткiзу

қағидалары (бұдан әрі – Олимпиада) республикалық олимпиаданың жалпы білім беретін пәндер бойынша

жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын барлық білім беру ұйымдарының оқушыларын,

оны ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн анықтайды.

      2. Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: шығармашылық қабілеттерін дамыту,

теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал

ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын

оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.

      3. Министрлiктің бұйрығы негізінде Олимпиаданы дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру

жұмыстарын үйлестiру және жүзеге асыру үшiн Республикалық ұйымдастыру комитетi (бұдан әрі -

Республикалық ұйымдастыру комитетi) құрылады. Республикалық ұйымдастыру комитетiнiң құрамына

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым вице-министрi, төраға және тиісті құрылымдық бөлімшелер

мен ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының жетекшілері енеді.

      4. Олимпиаданың республикалық ұйымдастыру комитетi:

      1) осы қағидамен белгіленген Олимпиаданың өткiзілуін бақылайды;

      2) Олимпиадаға басшылық жасауды жүзеге асырады;

      3) Олимпиаданы өткiзудің қажеттi ғылыми-әдiстемелiк деңгейін қамтамасыз ету үшiн пәндер

бойынша әдiстемелiк комиссияларды қалыптастырады;

      4) Білім және ғылым министрiне немесе оның міндетін атқарушыға Олимпиаданың қазылар алқасы

мүшелерiнiң құрамы және саны жөнiнде ұсыныс бередi;

      5) Олимпиаданың қорытындысын талдайды;

      6) Олимпиада материалдарын жариялайды.

      5. Олимпиаданың бірінші-үшінші кезеңдерiне басшылық жасауды жүзеге асыру үшiн



мектепішілік, аудандық, облыстық (қалалық) ұйымдастыру комитеттерi құрылады. Олардың құрамын

тиiстi бiлiм беруді басқару органдары бекiтедi.

      6. Құрамына пәндер бойынша қазылар алқасының төрағалары енетін уәкілетті органмен

бекітілген Әдiстемелiк кеңес:

      1) Олимпиаданың екiншi, үшiншi және төртінші кезеңдерiнiң теориялық және эксперименттiк

тапсырмалары мәтiнiнің қазақ және орыс тілдеріндегі соңғы нұсқасын әзірлейді;

      2) Олимпиаданың барлық кезеңдерiн өткiзу жөнiнде әдiстемелiк ұсыныс әзiрлейдi;

      3) әр пән бойынша Олимпиаданы өткізу кезеңдерінің түрін, тапсырмалардың үлгiсiн және

бағалау өлшемдерiн анықтайды.

      7. Олимпиаданың республикалық кезеңінің пәндер бойынша қазылар алқасының құрамына төраға

және мүшелер кіреді. Қазылар алқасының саны пәнге байланысты тақ саннан құралады (5 адамнан кем

емес).


      Олимпиаданың республикалық кезеңінің қазылар алқасының төрағасы мен құрамын Республикалық

ұйымдастыру комитетiнiң ұсынысы бойынша Министрлiк бекiтедi. Олимпиаданың республикалық

кезеңінің қазылар алқасының төрағасы мен мүшелерi Олимпиаданың алдыңғы өткен кезеңдердегi

қазылар алқасының құрамына ене алмайды.

      Қазылар алқасы құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдiскерлер, тәжiрибелi

мұғалiмдер және жоғары білікті бiлiм беруді басқару органдарының өкiлдерi, сондай-ақ

республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары енедi. Қазылар алқасының құрамына

оқушылары Олимпиаданың облыстық және республикалық кезеңiне қатысатын мұғалiмдер енгізілмейді.

      8. Олимпиаданың республикалық кезеңінің қазылар алқасының төрағалары:

      1) Әдiстемелiк кеңеспен бiрлесе отырып, Олимпиаданың екiншi, үшiншi және төртінші

кезеңдерiнiң теориялық және эксперименттiк тапсырмалары мәтiнiнің соңғы нұсқасын әзірлейді және

құрады;


      2) орыс тiлiндегi тапсырмалардың қазақ тiлiне дәлме-дәл аудармасына, берiлген

тапсырмалардың ғылыми-әдiстемелiк деңгейiне, мiндеттердiң нақтылығына және олардың олимпиаданың

тиiстi кезеңi талабына сәйкестiгiне жауап бередi;

      3) тиiстi кезеңдерi өткенге дейiн тапсырмалардың құпиялығына жауап бередi;

      4) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдері бойынша ұсыныс және пәндік олимпиадалардың

регламенттерін (турлардың саны мен бағытын, әрбір турдың ұзақтығын, қажетті құралдардың

тізбесін) әзірлеу жөніндегі қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады.

      9. Олимпиаданың қазылар алқасы:

      1) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдерін бекітеді, жұмыстарды тексереді және

бағалайды, қатысушыларды үшiншi және төртінші кезең тапсырмаларының авторлық шешімімен және

жұмыстарды тексеру нәтижесімен таныстырады;

      2) қатысушылардың жұмысын бағалаудағы келiспеушiлiктi талқылайды және қажет болған

жағдайда тиiстi түзетулер енгiзедi;

      3) жеңiмпаздарды анықтайды және олардың тізімін бекіту үшін Министрлікке ұсынады;

      4) Олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылауды және үйлестіруді

жүргізеді;

      5) Республикалық ұйымдастыру комитетiмен бiрлесе отырып, оқу-жаттықтыру жиынына

қатысушылар құрамын және халықаралық олимпиадаларға қатысушы кандидаттарды анықтайды.



2. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      10. Олимпиаданы орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларына сәйкес әрбір пән мен

сынып бойынша тиісті білім беруді басқару органдары оқу жылы барысында төрт кезеңде өткізеді:

      1) бірінші кезең – білім беру ұйымдарында. Өтетін уақыты – ағымдағы оқу жылының қараша

айынан кешіктірілмей білім беру ұйымдарының дайындаған тапсырмалары бойынша өтеді.

      2) екiншi кезең – аудандық (қалалық). Аудандық кезеңді аудандық және қалалық білім беруді

басқару органдары өткізеді.

      3) үшінші кезең – облыстық. Облыстық кезеңді облыстық, Астана және Алматы қалаларының

білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары және «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


дербес білім беру ұйымдары өткізеді.

      4) төртінші кезең – республикалық. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша

және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республиканың әртүрлі өңірлерінде

өткізіледі.

      11. Ұйғыр тілі және өзбек тілі бойынша Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:

      1) I кезең – мектепішілік, 8-11 сынып оқушылары қатысады;

      2) II кезең – аудандық (қалалық), 9-11 сынып оқушылары қатысады;

      3) III кезең – өңірлік, республикалық олимпиадаға теңеседі, қатысушылары – 10-11 сынып

оқушылары.

      Білім беру ұйымдарында ұйымдастыру комитеттері (бұдан әрі – ұйымдастыру комитеті)

құрылады: аудандық (қалалық), облыстық (Астана және Алматы қалалары, РБҰ және «НЗМ» ДБҰ),

республикалық.

      12. Олимпиаданың екінші, үшінші және төртінші кезеңдерін өткізу уақыты және Олимпиаданы

өткізу тізбесі жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі -

Министр) бұйрығымен белгiленеді.

      Олимпиаданың екінші, үшінші және төртінші кезеңдерінің тапсырмаларын жалпы орта білім беру

бағдарламалары бойынша республикалық әдістемелік кеңес (бұдан әрі – олимпиаданың әдістемелік

кеңесі) дайындайды және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын»

РҒПО) бекітеді.

      13. Әр кезеңдi өткiзуден бiр ай бұрын облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм

басқармалары, «НЗМ» ДБҰ және РБҰ әр қатысушыға Олимпиада материалдарын дайындау үшiн оқыту

тiлдерiне сәйкес әрбiр пән және сынып бойынша қатысушылар саны көрсетiлген өтінімді «Дарын»

РҒПО-ға жiбередi.

      14. Барлық төрт кезеңнің тапсырмалары «Дарын» РҒПО бекіткен әдістемелік ұсынымдамаларға

сәйкес өлшемдер мен параметрлер бойынша бағаланады.

      15. Олимпиаданың бiрiншi және екiншi кезеңдерiне орта және жалпы орта білім беру

ұйымдарының оқушылары қатысады.

      16. Орыс тiлiнде оқытатын мектептердегi «Қазақ тiлi» пәнi бойынша ұлты қазақ емес оқушылар

қатыса алады.

      17. Олимпиаданың үшiншi кезеңiне екiншi кезеңнен iрiктелiп алынған жалпы орта білім беру

ұйымдарының ең үздiк үш оқушысы, Астана және Алматы қалалары, «НЗМ» ДБҰ және РБҰ үшiн – алты

оқушы қатысады.

      18. Олимпиадаға қатысу үшін тиiстi деңгейдегi бiлiмi бар қатысушылар жоғары сыныптардың

бағдарламалары бойынша жіберіледі.

      19. Олимпиаданың төртінші кезеңiне үшінші кезеңнің жеңімпаздары (нәтижелеріне сәйкес әр

сынып және пән бойынша екі қатысушыдан артық емес) жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерi

бойынша 9-11 сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 10-11 сынып

оқушылары, сондай-ақ олимпиадалық резервтің оқу-жаттықтыру жиынына қатысушылар қатысады.

      20. Үшінші кезеңді ұйымдастыру комитеті Олимпиаданың республикалық кезеңiне тиісті

командаларды қатыстыру үшін өтінімді «Дарын» РҒПО-ға ағымдағы оқу жылының 25 ақпанына дейін

жіберуі қажет.

      21. Олимпиаданың төртінші кезеңіне қатысатын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының,

«НЗМ» ДБҰ және РБҰ-ның командалары мамандармен, әдiскерлермен, сондай-ақ үздiк пән мұғалiмдері

алып жүреді. Олар олимпиада барысында жалпы бiлiм беретiн пәндердi оқыту проблемалары жөнінде

өткiзiлетін семинарларға, пікірталастарға қатысады, олимпиадаға даярлау бойынша тәжiрибе

алмасады.

      22. Команда жетекшiсі Олимпиадаға қатысушылардың Олимпиада өтетiн жерге әкелу және тұратын

жерiне қайту жолындағы, Олимпиада барысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      23. Жұмыстарды бағалауда барынша әдiлдiктi қамтамасыз ету үшiн әрбір турдан соң

Олимпиадаға қатысушылардың барлығымен тапсырмалар талқыланады. Тапсырмаларды талқылаудан кейiн

қатысушылардың тiлегi бойынша жұмыстарды үйлестiру жүргiзiледi. Үйлестiрудiң мақсаты -

жұмыстарды бағалауда Олимпиадаға қатысушылар мен қазылар алқасы мүшелерi арасында толық өзара

түсiнiстiкке қол жеткiзу.

      24. Үйлестiруді қазылар алқасының төрағасы және тапсырманы бағалаған қазылар алқасының



мүшелері тiкелей Олимпиадаға қатысушымен өткiзедi.

      25. Олимпиадаға қатысушы қазылар алқасының бағасымен келiспеген жағдайда, үйлестiруге

бөлінген мерзiмде ұйымдастыру комитетiнiң төрағасына өтініш білдіреді, төраға осы мәселенi шешу

жөнінде мамандар қатарынан тиiстi комиссия құрады.

      26. Екінші және үшінші кезеңдердің жұмыстарын үйлестiру Олимпиаданың тиісті кезеңі

аяқталған соң 1 күн iшiнде, республикалық кезеңі аяқталған соң - Олимпиаданың қорытындысы

жарияланғаннан кейін 3 сағат ішінде өткiзіледi.

3. Қорытынды ереже

      27. Мектепішілік, аудандық және облыстық (қалалық) олимпиадалардың жүлдегерлерi бiлiм беру

саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың дипломдарымен, грамоталарымен және

жүлделерімен марапатталады.

      28. Олимпиаданың төртінші кезеңінің жеңiмпаздар саны әр пән және сынып бойынша

Олимпиаданың төртінші кезеңіне қатысушылар санының 45%-ын құрайды.

      Олимпиаданың әр кезеңінің жеңімпаздары I, II және III дәрежелi дипломдармен марапатталады.

Олимпиаданың республикалық кезеңінің I, II және III дәрежелi дипломдар саны мына үйлесімдікпен

анықталады: III дәрежелi дипломдармен жеңімпаздардың 50 %-ы, II дәрежелi дипломдармен 30 %-ы, I

дәрежелi дипломдармен 20 %-ы марапатталады.

      29. Егер бірнеше қатысушы жүлделі орындарды анықтау үшін қажетті төмен деңгейге сәйкес

бірдей балл санын жинаған жағдайда, жүлдегерлер саны қазылар алқасының шешімімен көбеюі мүмкін.

Қазақстан Республикасы   

Бiлiм және ғылым министрiнің

2012 жылғы 13 наурыздағы 

№ 99 бұйрығына 3-қосымша



Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар

конкурстарын ұйымдастыру және өткізу

ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын

ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Ғылыми конкурс) Ғылыми конкурстардың ұйымдастыру

және өткізу тәртібін анықтайды.

      2. Ғылым мен техника бойынша Халықаралық жарыстардың (Intel International Science and

Engineering Fair (бұдан әрі – Іntel ISEF)) Ғылыми конкурсы жыл сайын Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өткiзедi.

      3. Ғылыми конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi:

      1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;

      2) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;

      3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету.

      4. Әр секцияның сараптау комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) құрамына ғылымның осы бағыты

бойынша кемінде бес ғалым (маман) кiредi. Комиссияның құрамы Ғылыми конкурстың тиiстi кезеңiн

ұйымдастырушы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекiтiледi. Ғылыми конкурстың төртінші

кезеңінің қазылар алқасын Министрлік бекітеді.

      5. Iрiктеу кезеңінiң комиссиясы осы Қағидаға 

 көрсетілген бағалау өлшемдерi

1-қосымшада

бойынша зерттеу жұмыстарын қарап, әрбiр жобаны рецензиялайды және республикалық кезеңге

қатысушыларды анықтайды.

      6. Ғылыми конкурсқа:


      1) ғылымның осы саласындағы фактiлерді, оқиғаларды, құбылыстарды және бұрын танылмаған

жекелеген қырларын жария ететін;

      2) мектеп тәжірибелерін жетiлдiруге, өндiрiстiк процестердiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал

ететiн практикалық міндеттерді шешуге жаңалықтар әкелетiн аппараттардың, модельдердің,

құралдардың конструкциялары ұсынылған;

      3) әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған экономикалық-заңды негiзделген

компьютерлiк модельдер және жобалар ұсынылуы мүмкін;

      4) жарысқа кәмелетке толмағандар үшiн рұқсат етiлмейтiн аспаптар пайдаланылған жағдайда,

жануарларға қатігездік көрсетiлетiн, адам денсаулығы мен жануарлар үшiн зиян келтiретiн заттарды

(улы, радиоактивтiк, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық белсендi

қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар, микроағзалар,

вирустар, iшiмдiк, никотин) пайдалануға байланысты тәжірибелері бар жұмыстар жiберiлмейдi;

      5) республикалық жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар Ғылыми конкурсқа

қатысуға жіберілмейді.

      7. Зерттеу жұмыстарын ресiмдеуге қойылатын талаптар:

      1) жұмыс мәтiнi компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:

      титул парағы;

      мазмұны;

      абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының қай тiлде

дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшын тiлiнде жазылады;

      кiрiспе;

      зерттеу бөлiмi;

      қорытынды;

      пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;

      2) титул парағында мыналар көрсетiледi:

      жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;

      автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы;

      жұмыстың атауы;

      жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;

      жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;

      қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;

      3) абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын

көрсетуі тиіс:

      зерттеудің мақсаты;

      гипотезасы;

      кезеңдерi, зерттеудiң реті;

      тәжірибенің әдiстемесi;

      зерттеудiң жаңалығы және дербестiк дәрежесi;

      жұмыстың нәтижесi және қорытындысы;

      нәтижелерді практикада қолдану салалары;

      4) кiрiспеде (екi беттен артық емес) мыналар келтiрiледi:

      таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi);

      қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;

      5) жұмыстың зерттеу бөлiмi (20 беттен артық емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұруы

және мыналарды қамтуы мүмкін:

      осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзуге және оның мақсатын (мiндетiн)

құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;

      қойылған мiндеттердi шешу әдiстерiн сипаттау;

      жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;

      суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер);

      6) пайдаланылған әдебиеттерге сiлтеменi төртбұрышты жақшада беру керек. Мәтiнде кездесетiн

сiлтемелерде нөмiрлеу жүйесі болуы керек;

      7) қорытынды (бiр беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде

жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану



жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды;

      8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай тәртiпте берiледi:

      автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi;

      мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшiн);

      журналдың, кiтаптың аты;

      басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);

      басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;

      9) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi,

жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары көрсетілген

жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек;

      10) төртiншi кезеңге (баяндамаға) 135х125 шаршы сантиметр көлемдегi стендке орналастыру

үшін демонстрациялық материалдарды жасау ұсынылады.

      8. Стендтi рәсiмдеуге қойылатын талаптар:

      стендтiң жоғарғы жағына көлденеңiнен абстрактың, қатысушының атын, жасын, мектебiнiң,

қаласының, облысының атын орналастыру қажет;

      стендтегi материалда нөмірленген кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар енгізіліп,

жұмыстың мазмұны, қорытындылары көрсетіліп, талғаммен ресiмделуі тиіс;

      мазмұнды дайындау кезiнде негiзiнен назарды жоба авторының алған нәтижелерiн көрсетуге

аудару қажет.

      9. Ғылыми жетекшi алынған нәтижелердің нақтылығы мен дұрыстығын, жұмыстың диплом

жұмыстарынан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерiнен

көшiрiлген нәтижелерден тұрмайтындығын қамтамасыз етеді. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу

қызметінің дағдыларын ала отырып, өз қолынан келетін жұмысты орындауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет