Конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік


Орындаушылар конкурсының мамандану бағыттарының кезектесуі



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата02.03.2017
өлшемі94,56 Kb.
#5121
түріКонкурс
1   2   3

Орындаушылар конкурсының мамандану бағыттарының кезектесуі

конкурсты өткізудің 1-ші жылы

конкурсты өткізудің 2-ші жылы

«Аспапта орындаушылық»:

1) үрлемелі ағаш аспаптар (флейта, гобой,

кларнет, фагот, саксофон-альт, саксофон-тенор);

«Аспапта орындаушылық»:

1) фортепиано;

2) үрлемелі мыс аспаптар (валторна, труба,

тромбон, туба), урмалы аспаптар;

2) скрипка, альт, виолончель, контрабас.

3) қазақ халық аспаптары (домбыра, шертер,

қобыз, қыл-қобыз);

«Ән салу» дауыс бойынша:

1) сопрано;

4) орыс халық аспаптары (баян, аккордеон,

гитара, домра-прима, домра-бас).

2) меццо сопрано;

3) тенор;

4) баритон;

5) бас.

«Теориялық музыка» кезекпен ауысып:



1) музыкалық әдебиет (бірінші жылы);

2) гармония және сольфеджио (екінші жылы).

Орындаушылардың республикалық

конкурстарын ұйымдастыру және

өткізу қағидаларына 2-қосымша

Нысан


ӨТІНІШ

Мамандық ____________________________________________________________

Мамандану ___________________________________________________________

Қатысушының аты-жөні ________________________________________________

_____________________________________________________________________

Жынысы ______________________________________________________________



Туған жері мен күні _________________________________________________

_____________________________________________________________________

Оқу орнының аты, курс _______________________________________________

Мұғалімнің аты-жөні _________________________________________________

_____________________________________________________________________

Концертмейстердің аты-жөні __________________________________________

_____________________________________________________________________

Алып жүретін адамның аты-жөні _______________________________________

_____________________________________________________________________

Мекен-жайы __________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Телефон нөмірі, факс ________________________________________________

Код _________________________________________________________________

Өтінішті толтырған күні _____________________________________________

Қолы ________________________________________________________________

Оқу орны басшысының аты-жөні  _______________________________________

_____________________________________________________________________

МО Қолы


Қазақстан Республикасы   

Білім және ғылым министрінің

2012 жылғы 13 наурыздағы  

№ 99 бұйрығына 5-қосымша



Кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын

ұйымдастыру және өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының

білім алушылары арасында техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері мен мамандықтары

бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізуді ұйымдастырудың

тәртібін анықтайды.

      2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері кадрларды кәсіби даярлау сапасын,

техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтарының (кәсіптерінің) беделін арттыру,

республикадағы кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау жүйесін насихаттау, дарынды білім

алушыларды анықтау және қолдау көрсету болып табылады.

      3. Республикалық конкурсқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру

ұйымдарының бітіруші курстарының білім алушылары қатысады.

      Конкурстың қорытынды турына облыстық, Астана және Алматы қалалық кәсіби шеберлік

конкурстарының жеңімпаздары қатысады.

2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      4. Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін

ұйымдастыру комитеті құрылады.

      Бірінші турды ұйымдастыру комитетінің құрамын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының

басшысы, екінші турды ұйымдастыру комитетінің құрамын облыстық, Астана және Алматы қалалық білім

басқармаларының бастықтары бекітеді, үшінші турды ұйымдастыру комитетінің құрамы Қазақстан



Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен бекітіледі.

      5. Ұйымдастыру комитеті:

      1) конкурсты дайындауды және өткізуді;

      2) конкурстық тапсырмаларды әзірлеуді және дайындауды;

      3) конкурсты өткізуге арналған үй-жайды және жұмыс орындарын дайындауды;

      4) конкурс барысында анықталған еңбектің алдыңғы қатарлы әдістері мен әдістемелерін

бағалауды, таңдауды, жалпылауды қамтамасыз етеді.

      6. Конкурс мынадай турлардан тұрады:

      1) конкурстың бірінші турын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары өткізеді;

      2) конкурстың екінші туры облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары осы

Қағидаға сәйкес өткізеді;

      3) конкурстың қорытынды үшінші турын Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік)

өткізеді.

      7. Конкурсты өткізу уақыты мен орнын конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.

      8. Республикалық конкурс өткізілетін кәсіптерді (мамандықтар) немесе кәсіптердің тобын

Министрлік айқындайды.

      9. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары облыстық, Астана және Алматы

қалалары білім басқармаларына конкурстың 1-тур жеңімпаздарының мынадай құжаттарын ұсынады:

      1) қазылар алқасының шешімінен үзінді;

      2) мінездеме - ұсынымдама;

      3) 3х4 см. көлеміндегі және 24х30 см. көлеміндегі 3 түрлі-түсті фотосурет.

      10. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары Министрлікке конкурстың

облыстық 2-тур жеңімпаздарының мынадай құжаттарын ұсынады:

      1) қазылар алқасының шешімінен үзінді;

      2) мінездеме - ұсынымдама;

      3) 3х4 см. көлеміндегі және 24х30 см. көлеміндегі 3 түрлі-түсті фотосурет.

      11. Конкурстың бағдарламасы 6 конкурстық тапсырманы қамтиды:

      1) «Таныстыру» конкурсқа қатысушының өзін-өзі таныстыруы (5 минут) 5 балдық жүйе бойынша

бағаланады;

      2) «Тестілеу» - жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша білімі - (45 минут). 20 балдық

жүйе бойынша бағаланады;

      3) «Кәсіби шеберлік» - тапсырманы орындау барысында жоғары кәсіби шеберлігін көрсете білуі

(40 минут). 30 балдық жүйе бойынша бағаланады;

      4) «Спорттық шеберлік» - спорттық жарыстар (30 минут) 15 балдық жүйе бойынша бағаланады;

      5) «Қалыпты емес жағдай» - конкурсқа қатысушының жұмыс іздеу, жұмысқа орналасу және

кәсіптік тапсырмаларды шешіп, өз бетінше шешім қабылдай білуін анықтауға мүмкіндік беретін

психологиялық ойын жағдайы (7 минут) 10 балдық жүйе бойынша бағаланады;

      6) «Он саусағынан өнер тамған» - конкурсқа қатысушының авторлық шығармашылығы,

шығармашылық шешімінің бірегейлігі, орындау мәдениеті (7 минут) 10 балдық жүйе бойынша

бағаланады.



3. Конкурстың қазылар алқасы және жеңімпаздарды марапаттау

      12. Жыл сайын бірінші турдың қазылар алқасының құрамы техникалық және кәсіптік білім

ұйымының басшысымен, екінші турдың қазылар алқасының құрамы облыстық, Астана және Алматы қалалық

басқармалары бастықтарымен, үшінші турдың қазылар алқасының құрамы Министрліктің бұйрығымен

бекітіледі.

      13. Қазылар алқасы конкурстың әр қатысушының жұмысын мынадай өлшемдер бойынша бағалайды:

      1) нақты кәсіп пен мамандық бойынша кәсіптік және оқыту бағдарламалары шеңберінде жалпы

техникалық және арнайы пәндердің мазмұнын білуі;

      2) кәсіптік даярлау дағдылары мен шеберлігін практикада қолдануы;

      3) біліктілік, шығармашылық бастамашылық және ойлауының бірегейлігі;

      4) шығармашылық қабілеттілігі;


      5) спортпен шұғылдануы.

      14. Қазылар алқасы конкурстың номинацияларын белгілейді, Конкурс жеңімпаздарын анықтайды,

"Бас жүлдені" бірінші, екінші және үшінші орындарды береді және оларды дипломдармен, бағалы

сыйлықтармен марапаттайды.

Осы құжат ресми жариялау дереккөзі болып табылмайды.

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" РМК




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет