Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет18/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85
Байланысты:
кд каз сайт (1)

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Қой және ешкі шаруашылығында генетикалық ресурстарын сақтау мен жетілдірудің селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған № 3 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Қой және ешкі шаруашылығында генетикалық ресурстарын сақтау мен жетілдірудің селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу және әдіснамасын жетілдіру.

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Өнімділігі мен биологиялық ерекшелігі зерделенуі және отандық селекциялық қойлардың барлық типтері мен тұқымдарын өсірудің перспективасын өзектендіре отырып, қойлардың биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, етті-майлы және елтірілі тұқымдарының жоғары өнімді табыны (ішкі тұқымды типтер, желілер) құрылуы және селекциялық асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру және гендік қорды сақтау бойынша ұсынымдар әзірлеу.
2.1.1.2. Отандық аккредиттелген зертханаларда SNP-генотиптеу арқылы геномды толық қамти отырып, 3 отандық қой тұқымдарына молекулалық-генетикалық талдау жүргізілуі және бағаланатын генотиптерді басқа отандық және шетелдік тұқымдармен генетикалық салыстыруын жүргізу.
2.1.1.3. Селекциялық бағдарламаларды және өнімділік бағыты бойынша ақпараттық базаны әзірлей отырып, отандық және шетелдік гендік қорлар негізінде етті және сүтті ешкі тұқымдарының жаңа популяцияларын құру бойынша селекциялық табынның қалыптастырылуы.
2.1.1.4. Селекциялық – асылдандыру жұмысының ақпараттық қорының (САЖАҚ) есептеу функциясын іске асыра отырып, генетикалық құндылығын есептеу бойынша бағдарламалық өнімді бірмезгілде құра отырып, BLUP рәсімі арқылы өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойлардың асыл тұқымды құндылығын индексті бағалау әдістемесін әзірлеу.
2.1.1.5. Шөл және шөлейтті жағдайларда ұян ақ жүнді қойдың жаңа генотиптерін шығару.
2.1.1.6. Әкелінген шетелдік селекциялы тұқымдардың әлеуетін қолдана отырып, өнімділіктің жүнді-етті және етті-жүнді бағытындағы қойлардың жаңа типтері қалыптастырылуы тиіс.
2.1.1.7. Қой шаруашылығы: биязы жүнді; жартылай биязы жүнді; ұян жүнді; ірі қылшықты; елтірілі бойынша селекциялық-асылдандыру жұмысының бағдарламарын әзірлеу және қорғау құжаттарын алу.
2.1.1.8. Үздік отандық және шетелдік гендік қорды пайдалану негізінде алынған биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, ұян жүнді және қылшық жүнді; елтірілі қой тұқымдарының жоғары өнімді табындары бойынша ақпараттық дерекқорын жасау.
2.1.1.9. Қазақстанда өсірілетін ешкі тұқымдарының жоғары өнімді табындары бойынша ақпараттық дерекқорын жасау.
2.1.1.10. Отандық қой тұқымдарының генетикалық бейіні бойынша ақпараттық дерекқорын жасау.
2.1.1.11. Қазақстанда өсірілетін ешкі тұқымдарының генетикалық бейіні бойынша ақпараттық дерекқорын жасау.
2.1.1.12. Өнімділіктің биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, етті-майлы бағытындағы тұқымдардың, сондай-ақ ешкі тұқымдарының асыл тұқымды құндылығын бағалау әдістемесін жасау.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Өнімділігі мен биологиялық ерекшелігі зерделенуі және отандық селекциялық қойлардың барлық типтері мен тұқымдарын өсірудің перспективасын өзектендіре отырып, қойлардың биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, етті-майлы және елтірілі тұқымдарының жоғары өнімді табыны (ішкі тұқымды типтер, желілер) құрылуы және селекциялық асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру және гендік қорды сақтау бойынша ұсынымдар әзірленуі тиіс.
4.1.1.2. Отандық аккредиттелген зертханаларда SNP-генотиптеу арқылы геномды толық қамти отырып, 3 отандық қой тұқымдарына молекулалық-генетикалық талдау жүргізілуі және бағаланатын генотиптерді басқа отандық және шетелдік тұқымдармен генетикалық салыстыру жүргізілуі тиіс.
4.1.1.3. Селекциялық бағдарламаларды және өнімділік бағыты бойынша ақпараттық базаны әзірлей отырып, отандық және шетелдік гендік қорлар негізінде етті және сүтті ешкі тұқымдарының жаңа популяцияларын құру бойынша селекциялық табын қалыптастырылуы тиіс.
4.1.1.4. Селекциялық және асылдандыру жұмысының ақпараттық қорында (САЖАҚ) оны есептеу функциясын іске асыра отырып, генетикалық құндылығын есептеу бойынша бағдарламалық өнімді бірмезгілде құра отырып, BLUP рәсімі арқылы өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойлардың асыл тұқымды құндылығын индексті бағалау әдістемесі әзірленуі тиіс
4.1.1.5. Шөл және шөлейтті жағдайларда ұян ақ жүнді қойдың жаңа генотиптерің шығару аяқталуы тиіс.
4.1.1.6. Әкелінетін шетелдік селекциялы тұқымдардың әлеуетін қолдана отырып, өнімділіктің жүнді-етті және етті-жүнді бағытындағы қойлардың жаңа типтері қалыптастырылуы тиіс.
4.1.1.7. Қой шаруашылығы: биязы жүнді; жартылай биязы жүнді; ұян жүнді; ірі қылшықты; елтірілі бойынша селекциялық-асылдандыру жұмысының 5 бағдарламаларын әзірлеу және 5 қорғау құжаттары алынуы тиіс.
Әзірленуі және құрылуы тиіс:
4.1.1.8. үздік отандық және шетелдік гендік қорды пайдалану негізінде алынған биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, ұян жүнді және қылшық жүнді; елтірілі қой тұқымдарының жоғары өнімді табындары бойынша ақпараттық дерекқоры;
4.1.1.9. Қазақстанда өсірілетін ешкі тұқымдарының жоғары өнімді табындары бойынша ақпараттық дерекқоры;
4.1.1.10. отандық қой тұқымдарының генетикалық бейіні бойынша ақпараттық дерекқоры;
4.1.1.11. Қазақстанда өсірілетін ешкі тұқымдарының генетикалық бейіні бойынша ақпараттық дерекқоры;
4.1.1.12. өнімділіктің биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, етті-майлы бағытындағы тұқымдардың, сондай-ақ ешкі тұқымдарының асыл тұқымды құндылығын бағалау әдістемесі.
6 қорғау құжаты алынуы тиіс, оның ішінде:
- мал шаруашылығындағы селекциялық жетістіктерге Қазақстан Республикасының 4 патенті және Еуразиялық патенттік мекемесінің 1 патенті;
- өнімділіктің биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, етті-майлы бағытындағы тұқымдардың асыл тұқымды құндылығын бағалау әдістемесіне 1 авторлық куәлік.
Жас мамандардың тартылуы тиіс, оның ішінде кем дегенде 2 PhD докторант және 5 магистрант.
Нөлдік емес импакт-фактормен шетелдік ғылыми басылымдарда рецензияланатын және Q3 төмен емес кемінде 3 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 12 жарияланым жариялануы тиіс.

4.2. Соңғы нәтижелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет