Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет17/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85
2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Етті ірі қара мал шаруашылығында генетикалық ресурстарын сақтау мен жетілдірудің селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған
2 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Етті ірі қара мал шаруашылығында генетикалық ресурстарын сақтау мен жетілдірудің селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу және әдіснамасын жетілдіру.

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Жетілдірілген селекциялық-асылдандыру жұмысының бағдарламасын әзірлей және қажетті гендік қорды қалыптастыра отырып, ірі қара малдардың (қазақтың ақбас, әулиекөл, герефорд, ангус, қалмақ) тұқымдарын жетілдіру әдістеріне ғылыми және экономикалық негіздеме беру.
2.1.1.2. Кейіннен селекциялық – асылдандыру жұмысының ақпараттық қорын (САЖАҚ) интеграциялай және Grofe Safe жүйесін енгізе отырып, өз өнімділігі бойынша бағаланатын қазақтың ақбас, әулиекөл, герефорд, ангус, қалмақ тұқымдарының етті бұқашықтардың және ұрпақтарының сапасы бойынша бұқалардың асыл тұқымды құндылығын есептеу бойынша бағдарламалық өнімді әзірлеу.
2.1.1.3. Селекциялық – асылдандыру жұмысының ақпараттық қорының (САЖАҚ) есептеу функциясын іске асыра отырып және жүйеде тіркелген барлық жануарлардан референттік базаны қалыптастыра отырып, ірі қара малдың етті тұқымдарының асыл тұқымды құндылығын индексті бағалау әдістемесі жетілдірілуі тиіс.
2.1.1.4. Әкелінетін өнімділіктің етті бағыттағы ірі қара малдың ауруларын және оларды емдеу және эпизоотиялық бақылау бойынша ветеринариялық және зоотехникалық іс-шаралар мен ұсынымдарды әзірлей отырып, олардың бейімдеу қасиеттері зерделеу.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Селекциялық-асылдандыру жұмысының бағдарламасын әзірлей және қажетті гендік қорды қалыптастыра отырып, ірі қара малдардың (қазақтың ақбас, әулиекөл, герефорд, ангус, қалмақ) тұқымдарын жетілдіру әдістеріне ғылыми және экономикалық негіздеме берілуі тиіс.
4.1.1.2. Селекциялық – асылдандыру жұмысының ақпараттық қорының (САЖАҚ) интеграциялай және Grofe Safe жүйесін енгізе отырып, өз өнімділігі бойынша бағаланатын қазақтың ақбас, әулиекөл, герефорд, ангус, қалмақ тұқымдарының етті бұқашықтардың және ұрпақтарының сапасы бойынша бұқалардың асыл тұқымды құндылығын есептеу бойынша бағдарламалық өнімді әзірлеу тиіс.
4.1.1.3. Селекциялық – асылдандыру жұмысының ақпараттық қорының (САЖАҚ) оны есептеу функциясын іске асыра отырып және жүйеде тіркелген барлық жануарлардан референттік базаны қалыптастыра отырып, ірі қара малдың етті тұқымдарының асыл тұқымды құндылығын индексті бағалау әдістемесі жетілдірілуі тиіс.
4.1.1.4. Әкелінетін өнімділіктің етті бағыттағы ірі қара малдың ауруларын және оларды емдеу және эпизоотиялық бақылау бойынша ветеринариялық және зоотехникалық іс-шаралар мен ұсынымдарды әзірлей отырып, олардың бейімдеу қасиеттері зерделенуі тиіс.
4.1.1.5. Селекциялық жетістіктерге 4 патент алынуы тиіс.
Әзірленуі тиіс:
- 5 селекциялық бағдарлама;
- бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды жедел бағалау және бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық.
Жас мамандардың тартылуы тиіс, оның ішінде кем дегенде 3 PhD докторант және 5 магистрант.
Нөлдік емес импакт-фактормен шетелдік ғылыми басылымдарда рецензияланатын және Q3 төмен емес кемінде 4 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 8 жарияланым жариялануы тиіс.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік тиімділік.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін жақсартуға, жан басына шаққандағы азық-түлік тауарларына деген сұранысты және етті мал өсіруде генетикалық әлеуетті арттыру және генетикалық ресурстарды жақсарту арқылы экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері сиыр етін өндіру көлемін ұлғайтады, бұл өз кезегінде сиыр етін жан басына тұтынуды арттыру арқылы әлеуметтік әсерді арттырады.
Сонымен қатар, өндіріске жаңа әзірлемелерді енгізу өнімнің бірлігін өндіруге кететін еңбек шығындарын азайтуы тиіс, сол арқылы басқарудың әр түрлі формасындағы кәсіпорындар мамандарының жалақысын көбейтуге болады, бұл ауылдың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуі керек және мамандардардың кәсіби өсу деңгейін жоғарылатуы тиіс.
Генетикалық ресурстарды сақтау және жақсарту, ең алдымен, мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің экологиялық таза технологияларын қолдануға бағытталған. Сонымен қатар, жаңа генотиптерді құру биоәртүрлілікті сақтау және генетикалық ресурстарды одан әрі көбейту мәселелерін шешуге ықпал етеді.
Қоршаған ортаға әсер ету.
Ет бағытындағы ірі қара өсіруде генетикалық ресурстарды сақтау мен жетілдірудің тұқымдық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу нәтижелері ауылшаруашылық жануарларының гендік қорын және жалпы биоәртүрлілікті сақтауға және толықтыруға оң әсерін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет