Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет55/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   85
2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Арнайы дәрілік тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайдалы микроағзалардың, ферменттердің, нутриенттердің және басқа да жиынтықтардың жаңа штаммдарын пайдалана отырып технологияларды әзірлеу» ғылыми-зерттеу жұмысына арналған № 1 Техникалық тапсырма

1. Жалпы ақпарат:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Ауыл шаруашылығы өнімі мен шикізатын қайта өңдеу және сақтау.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен сақтаудың инновациялық технологияларын жасау.
2.1.1. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндетерді шешу қажет:
2.1.1.1. Қой және ешкі сүтінен функционалдық мақсаттағы тамақ өнімдерінің технологиясын әзірлеу.
2.1.1.2. Функционалдық мақсаттағы тез дайындалатын өнімдер технологиясын әзірлеу.
2.1.1.3. Ұзақ уақыт сақталатын құрама ашытылған сүтқышқылды ақуыз өнімдерінің технологиясын жасау.
2.1.1.4. Лактозасыз сүзбе шикізаты мен бифидойогуртын өндіру технологиясын жасау.
2.1.1.5. Тағамдық құндылығы жоғары және нутриенттер мен нанокарбоксилаттарды (микроэлементтерді) пайдалана отырып, ұзақ сақтау мерзімі бар тамақ өнімдерін өндіру технологиясын әзірлеу.
2.1.1.6. Профилактикалық мақсаттағы сусындар технологиясын жасау.
2.1.1.7. Сарысудан (Сарысу ірімшігі,сергітетін және сергітетін сусындар) эконом класқа арналған сүт өнімдері үшін ресурстарды үнемдеу технологиясын жасау.
2.1.1.8. Мал және өсімдік сипатындағы шикізат негізінде транс майлардың құрамы төмендетілген жаңа тамақ өнімдерін әзірлеу.
2.1.1.9. Екінші ет шикізатынан биологиялық белсенді ингредиенттермен байытылған геродиетикалық ет өнімдерінің технологиясын жасау.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтарын шешеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер:
4.1.1.1. Қой және ешкі сүтінен функционалдық мақсаттағы тамақ өнімдерінің технологиясын әзірлеу.
Қой сүтінен бифидобактериялары бар пробиотикалық өнімді алу технологиясын жасау керек.
Ешкі сүтінен бифидобактериялары бар пробиотикалық өнімді алу технологиясын жасау керек.
Ешкі сүтінен жұмсақ ірімшік алу технологиясын жасау керек.
Пісу мерзімі әртүрлі қазақстандық қой тұқымдарының сүтінен жартылай қатты ірімшік алу технологиясын әзірлеу керек.
Қой мен ешкі сүтінен табиғи және экологиялық таза сүт, ашыған сүт өнімдері мен ірімшіктерді қайта өңдеу және өндіру жөніндегі модульді шағын зауыт құру керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде 1 PhD докторанты және 2 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда 3 мақала және БҒССҚК ұсынған отандық басылымдарда 3 мақала жариялау керек.
Қазақстан Республикасының патентіне 1 өтінім беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет