Жас мамандар сынақ мерзімінсіз жұмысқа алынуы керек. Не дегенмен ол



жүктеу 280.57 Kb.

бет1/3
Дата31.12.2016
өлшемі280.57 Kb.
  1   2   3

Жас мамандар сынақ мерзімінсіз

жұмысқа алынуы керек. Не дегенмен ол

жоғарғы оқу орнын енді ғана бітіріп

келіп отырған, тәжірибесі жоқ жас маман.

Сондықтан оған, менің ойымша, қай

салада болмасын, оған бейімделіп

кеткенінше тәлімгер тағайындалса.

Яғни тәлімгер жас маман

жұмысын меңгергенше оның жұмыс

жасау барысын қадағалап отырып,

оның қателігін түзете отырып,

өзінің көмегін беруі керек деп

есептеймін. Қазіргі жас мамандардың

көпшілігі 70-75 пайызы десек те болады,

өздерінің алған теориялық білімдеріне

сенімсіз. Ол оның білімсіздігі дегеніміз

емес, оның тәжірибесі жоқтығынан

жұмысқа кірісіп кетуге жүрексінеді.

Менің айтарым, оқуды кеше ғана

тәмамдап келген жас маманға “осы сенің

жұмысың, соны сен алып кетуің керек”

деп жүз пайыз сенім артып қойған дұрыс

емес. Белгілі бір мерзімде ол тәжірибе

жүзінде тәрбиеленуі керек.

Бізге қазір шетелден келіп жатқан

дуальды оқыту түбінде заңмен бекітілсе.

Әсіресе, колледждерде, оның ішінде

кәсіптік лицейлерде нақты білім

жүйесіне қабылданғаны дұрыс деп

есептеймін. Себебі білім алушы 50 пайыз

теория жүзінде білім алса, 50 пайыз

тәжірибе арқылы өзінің қабілетін шыңдай

алатын болады. Дульды оқыту жүйесі

арқылы мейлі оқу орнында

лабораториясы жоқ болса да, ол теория

арқылы оқығанын, барған өндіріс

орнынан көріп, оны жетілдіре түседі.

Осылай білім алған жас маман, ертеңгі

күні еңбекке оңай араласып, тез сіңісіп

кете алады. Тіптен жақсы көзге түсіп

жатса, оны сол мекеме ешқандай

тәжірибелік сынақты талап етпей-ақ

бірден жұмысқа қабылдай алады. Қорыта

келгенде, жас мамандар тәжірибелік

сынақсыз жұмысқа алынуы керек,

дегенмен оған еңбек заңы бойынша

бекітілген тәлімгері тағайындалып, өзінің

ішінде сынағы болуы тиіс.

Түптің түбінде, тәлімгерсіз оқу

бітіріп барған жас маман ол жұмысты өз

бетінше игеріп кете алмайды. Яғни,

оқуын тәмамдаған кезде ол тек теория

жүзінде ғана барлығын біле алуы мүмкін.

Ал оны практикамен ұштастыра білу ол

мүлдем басқа. Осы жағынан алғанда

оның бағасы үштік деңгейде ғана. Жас

маманның мекемедегі үш ай, алты айлық

мерзімде, бір жыл ішінде

жұмысындағы ішкі сынақтың

нәтижесінде еңбек санаты көтеріледі. Бұл

кәсіпорынның ішкі құрылымының

нәтижесі. Жалпы оқу бітіріп келген жас

маман, толыққанды жұмыс істеп кетуіне

тәлімгердің көмегі зор болар еді. Жұмыс

жасап отырған орнының келешегі үшін,

жұмыстың сапалы атқарылуы үшін ол

бақылауда болуы керек. Мысалы, білім

саласын алатын болсақ, жас мұғалім

сабақ беруге келеді делік. Жоғарғы оқу

орнын жақсы

аяқтаған, білімді. Ол барлығын біледі,

бірақ оның бір кемшілігі сабақ беру

методикасын білмейді. Ал оған

бағыт беретін мен айтып отырған

тәлімгер. Тәлімгер оның жұмысын

бақыладым екен деп, оның әр

кемшілігіне сөгіс беріп, қатаң

қарауы емес. Бағыт-бағдар

беріп, дұрыс жолын нұсқаушы болу.

Осы талап меніңше жақсы

қайтарымын береді.

www.ustaz-martebesi.kz/ ustaz_martebesi@mail.ru                    №2 (93), 28 қаңтар, сәрсенбі 2015 жыл

- Жас мамандар сынақ

мерзімінсіз жұмысқа тұруы

өте құптарлық пікір деп

айтуға болады.  Себебі

қазіргі таңда жас мамандар

үшін жұмыс орнын табу

көптеген қиындықтарды

тудыруда. Жұмыс   берушілер

жұмысқа қабылданған

жастарға белгілі бір уақытқа

дейін сынақ мерзімін беріп,

оның жұмысқа деген

қабілетін тексеретін

болса, осы мерзімдегі

уақыт босқа өткен "уақыт"

болды деп айтуға тура келеді.

Жұмысқа уақытша

келген маман бірінші

күннен  бастап өзінің

функциялық міндетіне

толық  еніп кетуі керек.

Ал, егер оған жоғарыда

айтқандай сынақ мерзімі

бекітілсе, ол осы уақыттың

ішінде үнемі "жұмыста

ертең қала

аламын ба?" деген

қорқынышты сезімде

жүруі мүмкін.

Мұндай психологиялық

уайымда жүрген

жас маман ертеңгі күнге

деген сенімін

жоғалтып, оның жақсы

жұмыс істеуіне кері әсер

етеді. Сонымен бірге жұмыс

беруші жас маманға

осынша уақыт сынақ

мерзімін бермей-ақ оның

іскерлік қабілетін әңгімелесу

барысында да байқауға

болады. Қазіргі біздің қоғамда

жоғары немесе арнаулы орта

білімі бар жастар көптеп

кездеседі. Жалпы алғанда,

Сыр өңірі кадр мәселесі

толық шешілген

аймақтардың бірі. Осыны

пайдаланып көптеген жұмыс

берушілер оқу орнын бітірген

мамандардан еңбек өтілін

талап етіп, жұмысқа

қабылдау тәртібін

қиындатып отыр, бұл

мәселені де мемлекеттік

тұрғыдан реттеу қажет.

Жұмысқа тұру үшін

кемінде екі жылға дейін

келісім-шарт жасау мерзімін

ұзарту туралы соңғы

уақыттарда құнды пікірлер

айтылуда. Жас маман

бір жыл уақыттың ішінде

өзінің алдына қойған

мақсатын орындап үлгірмей

қалуы мүмкін. Сонымен

бірге жыл сайын егер маман

өзінің ісін толық меңгерген

іскер кадр болса, оның

жұмысқа қабылданатын

келісім-шартын мерзімсіз

уақытқа дейін созған дұрыс

болар еді. Жұмыс берушілер

жұмыс жасайтын

мамандардың жағдайын

бірінші кезекке, қоюы керек.

Әрбір мекемедегі жұмыстың

жақсы жолға қойылуы осы

мамандарға байланысты

екені даусыз.

Жұмабай ОМАРҰЛЫ,

"Ұлағат консалтинг"

оқу орталығының

директоры:

Сәкен

СЕРІКБАЕВ,

тарих

ғылымдарының

кандидаты:

ЖАС МАМАНДАРДЫ ЖҰМЫСҚА

СЫНАҚ МЕРЗІМІНСІЗ АЛУ

АРҚЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ

АЗАЙТА АЛАМЫЗ БА?

Жұмыссыздық. Қолына күректей дипло-

мын алған жастардың жұмыс таппай кезіп

жүргені күнделікті құбылысқа айналып бара-

ды. Иә, бұл әңгіме “айта айта Алтайды Жа-

мал апам қартайдының” керін келтіріп тұр.

Иә, шындығы сол. Қай заманда болмасын,

жастардың жұмысқа тұруы жыры бітпей тұр-

ған мәселелердің біріне айналды. Жыл са-

нап оқу орындарын бітірген мамандардың

саны көп, ал олардың жұмысқа тұру көрсет-

кіштерін айту қиынға соғады. Әрине, құрғақ

ақпаратты беріп жатқан оқу орындарының

есебі түгел. Қазіргі нарық "бір күн үйде оты-

руға болмайды" деген кредоға құрылған.

Себебі аумалы-төкпелі заман, бүгін бар ре-

форма, ертең жоқ немесе бүгін қабылдаған

заң, ертең күшін жояды. Түсіне алмайсың.

Қазақстанда кадрларды даярлау жағы жолға

қойылған деп мақтанамыз. Ал олардың іс-

жүзінде мамандығына сай жұмыс жасап

жатқандарына сараптама жасаудың өзі

қиын. Базарды жағалай орналасқан сауда

орындарында "апалап" тұрған жастардың

үйінде күректей қызыл дипломдары жатыр.

Тіптен оқудың қадірін білгендердің қос

дипломы бар. Шіркін, сол дипломдар іске

асса. Иә, мұнымен түңілуге болмас. Де-

генмен еліміздегі жұмысқа тұру көр-

сеткіштерімізді осыдан-ақ көруге болады.

Қаптаған экономистер мен юристерді даяр-

лап алдық. Қазір бір отбасында бір юрист,

керек десеңіз, экономист те табылады. Сту-

денттік кезеңнің қызығы мен шыжығы деп

жүрген 4 жылда студент біліктілік алып шы-

ғады, маман атанады. Ендігі жұмыс сол төрт

жыл ізін қуған дипломын үмітті ақтай ма,

әлде өзіңді жарға жығып кете ме? Міне, осы

сұраққа келгенде тосырқап қалатынымыз

рас. Қалтасы барлар жұмысқа сенімді кіреді,

ал  өзгелері таныс-тамыр іздеп әйтеуір басын

тығады. Ал, берер қаржысы, тіреу болар

туысы жоқ маман қолына түйіндемесін алып

жұмыс іздейді. Бұл әрекеттерді қоғам да,

билікте отырған атқамінерлер де біледі.

Бірақ амал не?

Хош!  Жауыр болған тақырыпты қайта-

қайта қозғай бергеннен не шығар дейсіз?

Жақында ҚР Білім және ғылым министрі

Аслан Сәрінжіпов жұмыссыз жастарды бір

қуантып тастады. Енді елімізде жас маман-

дарды жұмысқа сынақ мерзімінсіз алады.

Бұдан былай кез келген оқу орнын бітірген

түлек өз мамандығы бойынша бір жылдан

кешікпей жұмысқа тұрса, оған сынақ мер-

зімі бекітілмейді. Еңбек кодексіне енгізілген

бұл жаңа өзгерісті жақында ҚР Парламенті

Сенатының депутаттары талқыға салды.

Анығын айтқанда, ҚР Еңбек туралы

заңына екі бірдей өзгеріс енгізілді. Алдағы

уақытта 18 жасқа дейінгілер мен жас ма-

мандар сынақ мерзімінсіз жұмысқа алына-

тын болады. Бұл бір. Екіншісі жас маман-

мен еңбек шартын бекіту мерзіміне қатысты

болып отыр. Дәлірек айтқанда, Еңбек ко-

дексінде жас маманмен келісімшартты бе-

кітудің ең аз мерзімі екі жыл болады. Бұл

туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ас-

лан Сәрінжіпов мәлім етіп, жұртшылықты

бір қуантып тастады. Министрдің пікі-

рінше, осы мерзімді ұлғайту жастарға жұмыс

орнына бейімделіп, өзін көрсетуге және

қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермек.

Расында,  депутаттар талқысына түскен

бұл жаңалық көпшіліктің назарын аударып,

қоғамдық пікір қалыптастырғаны рас. Енді

барлығы жас мамандардың өз қолында

болады. Белгіленіп отырған екі жыл ішінде

оған бар әлеуетін жүзеге асырып, қарым-

қабілетін көрсетіп, жұмыс берушінің көңі-

лінен шығуға, сөйтіп, өз бетімен ары қарай

сол жұмыста қалудың қамын жасауға тура

келеді.

P.S. Көкейде  қалған бір сауал. Жас

мамандарды жұмысқа сынақ мерзімінсіз

алу арқылы жұмыссыздықтың санын

азайта аламыз ба? Иә, жаңа өзгерістің

нәтижесі уақыттың еншісіндегі дүние. Біз

әзірге "темірді қызған кезде соқ" деп, жаңа

өзгеріске жұртшылықтың, қоғамның

пікірін білуді жөн санаған едік. Біз алған

қос көзқарас жаңа өзгеріске қаншалықты

өзгеше сипат береді деп ойлайсыз? Оны

өздеріңіз бағамдай жатарсыздар.  Ой

қорыту өз еншіңізде.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН


28 қаңтар

2015 жыл

2

БІЛІМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАЛЫ САНДЫҚ

П.Буаст

Елдің ертеңі болатын,

келешектің тұтқасын ұс-

тайтын, ол - білімді жас ұр-

пақ. Ал, сол келешек тұл-

ғаны дайындау ұстаздардың

қолында. "Адамның адам-

шылдығы жақсы ұстаздан

болады" дейді хәкім Абай.

Күн сәулесі әлемге шуағын

шашқаны секілді, ұстаз да

шәкіртіне білім нәрін сеуіп,

рухани байлық сыйлайды.

Жақында қалалық білім

бөлімінің ұйымдастыруымен

"Дарын жұлдыздары" атты

қалалық пәндік олимпиада

жүлдегерлерін марапаттауға

арналған салтанатты іс-ша-

ра  өткізілді. Шараның мақ-

саты - жалпы білім беретін

пәндер бойынша респуб-

ликалық олимпиаданың ІІ

кезеңінде  жүлделі  орын

иеленген мектеп оқушы-

ларын марапаттау.

"Білім - кеме, ғылым -

теңіз". Осыны білетін әрбір

жас өз болашағына бей-жай

қарамайды. 2014 жылы 11-

Әлемнің 138 елдеріндегі білім беру

жүйесіне енгізілген 12 жылдық білім беру

моделінің артықшылығы мен кемшілігі

турасында газетіміздің өткен сандарында

жазып едік. Шындығында білім саласын-

дағы тың реформалардың бірі саналатын

аталмыш жүйе турасында түрлі пікірлер

айтылды. Біздегі білім реформасы сән қой

келіншек секілді. Себебі батыстан келген

түрлі реформаларды өзіміздің білім жүйемізге

енгізіп аламыз. Экономикасы мығым, білім

жүйесі жолға қойылған елдерден келген білім

жүйесінің бірі 12 жылдық білім беру жүйесі.

Мәнісін білген адамға бұл жаңа жүйенің

жаңалығы мол.

Өркениеті озық елдердің өзі де бұл

жүйенің тиімділігін сынап көріп, өздерінің

білім жүйесіне қосқан еді. Еліміздегі білім

беру саласындағы өзекті мәселеге айналған

12 жылдық білім беру бағдарламасын енгізу

кейінге шегерілмек. Мұндай ақпарды Білім

және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов

мәлімдеді. Неліктен білім жүйесін дамытудың

жаңа бағыты кейінге шегерілмек?

- "Еліміздің бірқатар мектептерінде

тәжірибе жүзінде 12 жылдық білім берудің

жаңа стандарттарына сынақ жасалған.

Ағымдағы жылдың мамырында бұл сынақ

аяқталады. Біз осы сынақтың нәтижелерін

қарастырып, сосын 12 жылдық білім беруге

көшуді шегеру туралы ұсыныс жасайтын

боламыз", - деген министр ресми ведомство-

ның ұстанымы осындай екенін алға тартты.

Жаңа бағдарлама бойынша 400-ге тарта

оқушы білім алып жатыр. Ал сынақ аясында

қолданылған барлық жұмыстар мен нәти-

желер 11 жылдық бағдарламаны жақсарту

үшін пайдаланылады. Дегенмен, ведомство

басшысы 12 жылдық білім беру жүйесінің

қанша уақытқа шегеріліп отырғанын нақ-

тылаған жоқ.

Министрдің айтуына қарағанда, жаңа

жүйені енгізуді шегеруге бірқатар факторлар

әсер етеді. Мұндай факторлардың ішінде

қаржылық мәселелер басты рөл атқарып

отыр. Осыған орай, Білім және ғылым

министрі Президенттің тапсырмасына

сәйкес, Үкімет экономикадағы жағдайға

қатысты түрлі сценарийлер бойынша

жұмыстар атқарып жатқанын жеткізді.

Иә, соңғы уақытта әлемдік дағдарыстың

салқыны бізге де жете бастаған секілді.

Себебі қаржылық үнемдеушілік, Елбасы

айтқандай аузын ашып келе жатқан әлемдік

дағдарысқа мейлінше дайын болуымыз қа-

жеттігін қарашада қарашаға қаратып айт-

қанын еске түсіретінін болсақ, министрліктің

мұндай қадамға баруының өзіндік себебі де

бар секілді.

А.ҚАРАКЕСЕК

Білім саласында үздік қызмет атқарып,

балаларды білім нәрімен сусындатып жүрген

ұстаздардың бірі - Жаңақорған ауданы, Тү-

гіскен ауылындағы №209 Ә.Әбутәліпов

атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әде-

биеті пәнінің мұғалімі Шапағат Мұқа-

байқызы Манабаева. Балаларды білімге

құштарлыққа, ізденімпаздыққа үйретуде ат-

қарып жатқан еңбегі зор. Соңғы жетістіктерін

айтар болсақ, "Инновациялық технология -

білім беру жүйесінің сапасын қамтамасыз ету

мүмкіндігі" атты білім беру саласы қыз-

меткерлері арасында республикалық ғы-

лыми-практикалық конференция жұ-

мысының ұйымдастырылуына және нәти-

желі жүргізілуіне зор үлес қосқаны үшін "Си-

нергия" ғылыми-әдістемелік орталығының

дипломымен және Алғыс қағазымен

марапатталды.

Қазақстан Республикасы педагог кадр-

ларының біліктілігін арттырудың деңгейлі

бағдарламалары аясында екінші деңгей

бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту

курсын аяқтағаны үшін "Өрлеу" БАҰО АҚ-

на қарасты республикалық институттың

арнайы сертификатын иемденді.

Біз де өз кезегінде редакция ұжымы

атынан Шапағат Мұқабайқызын жетіс-

тіктерімен құттықтап, алдағы уақытта да

толағай табыстарға жетіп, білімге құштар

шәкірттеріңіз көп болсын деп тілейміз.



М.БОЛАТОВА

Білім, ғылым, инновация-

сының дамыған замынында

оқушылардың білімін артты-

руда халықаралық байқау-

лардың маңызы зор. Жыл

сайынғы дәстүрлі ұйымдас-

тырылатын ХІ Халықаралық

Жәутіков олимпиадасы  өз

мәресіне жетті. Жеңімпаз-

дарды марапаттау рәсімі әл-

Фараби атындағы ҚазҰУ-

дың студенттер сарайында

өткізілді.

Байқау ұйымдастыру-

шыларының сөзіне сүйенсек,

халықаралық додаға Қазақ-

стан, Ресей, Украина, Бело-

руссия, Әзірбайжан, Арме-

ния, Грузия, Қырғызстан,

Тәжікстан, Түркіменстан,

Өзбекстан, Болгария, Румы-

ния, Сербия  және Монғолия

сияқты әлемнің 15 елінен 58

команда қатысқан.

Ең үздік мамандандырыл-

ған мектептер бойынша

олимпиада жеңімпаздары  деп

7 команда анықталды.

Додалы жарыстың қоры-

тындысында бас жүлдені

жеңіп алған Ресейден келген

СУНЦ командасын бір саты-

ға артқа тастап, командалық

есепте Бас жүлдені бірінші рет

Р М Ф М О М И - н ы ң

командасы жеңіп алды.

1-орынды Мәскеу мемле-

кеттік университеті СУНЦ

иеленсе, 2-орынды Ереван

мемлекеттік университетінің

физика-математика мектебі

мен София математика мек-

тебінің командалары өзара

бөлісті, ал 3-орынды Челя-

бинскінің №31 лицейі мен

№199 "Комаров" мектебі және

Белорусь мемлекеттік уни-

верситетінің лицейі коман-

далары иеленді.

Жеңімпаз командалардың

әрбір қатысушысы бағалы

сыйлықтармен марапаттал-

ды. Гран-приді жеңіп алған

команда қатысушылары

ультрабукқа ие болды.



А.ҰЛАНАҚ

 ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

БІЛІМ

БИІГІНЕН

КӨРІНГЕН

ҰСТАЗ

ТАЛҚЫҒА САЛЫНҒАН БІЛІМ

ЖҮЙЕСІ НЕЛІКТЕН КЕЙІНГЕ

ШЕГЕРІЛДІ?

ДАРЫН ЖҰЛДЫЗДАРЫ

МАРАПАТТАЛДЫ

12 желтоқсанда Қызылорда

қаласындағы №2 "Мұрагер"

мектеп базасында жалпы

білім беретін пәндер бойынша

республикалық олимпиа-

даның ІІ кезеңі өткізілген

болатын. Олимпиадаға қа-

лаға қарасты 52 білім оша-

ғының ұстаздары да, ұста-

нымдары да мықты 1075

оқушы қатысты.

Сонымен, айтулы күні

қалалық олимпиада да

жеңімпаз атанған 52 оқушы,

шәкірттерін баптап бәйгеге

қосқан 50 ұстаз қалалық

білім бөлімінің қос диплом-

мен мараппатталып, арнайы

сыйлықтарға ие болды.

Шәкірттерінің биіктерден

көрініп, білімінің артуы үшін

оған оңы мен солын таны-

татын, ақыл-ойының толы-

суына ықпал ететін, білім нә-

рімен сусындататын мұғалім-

дердің рөлі зор.

Бәйгеде бабы мен бағы

қатар шапқан 32 оқушы об-

лыстық олимпиадаға жол-

дама алса, оның 17-і орын

иеленген. Атап айтар болсақ

І орын - 6, ІІ орын - 3, ІІІ

орын - 8. Қатарластарынан

оқ бойы оза шапқан оқу-

шылар алдағы уақытта рес-

публикалық пәндік олим-

пиадаға қатысатын болады.

Республикалық пәндік

олимпиаданың 3 жылдық

мониторин-

гісіне көз жү-

гіртетін бол-

сақ, 2011-2012

оқу жылында

5 оқушы жол-

дама алып,

оның 3-орын

алып қайтқан.

Ал 2012-2013

оқу жылында

15 оқушы қа-

тысып, 7-і бі-

лімін жоғары

деңгейде көр-

сете білген.

2013-2014 оқу

жылында 8

шәкірт бақ сынап, 3-і ұстаз-

дарының үмітін ақтаған.

"Мұғалім - мектептің жа-

ны. Мұғалім қандай болса,

мектеп те сондай болады.

Яғни, мұғалім білімді болса,

ол мектептен балалар са-

палы білім алып шығады" -

дейді А.Байтұрсынов. Иә,

мектептің жүрегі саналатын

ұстаздардың берген білі-

мінен қабілетті, дарынды,

үздік шәкірттер, егемен ел-

дің ертеңін ойлайтын жастар

қанаттанып шығатынына

сеніміміз мол.



Майра

ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ

"Біздің бақытымыздың оннан тоғызы

денсаулыққа байланысты" дейді белгілі

философ Шопергауэр. Бірінші байлық

денсаулық екенін әуелден білетін қазақ

халқы "денсаулық қалай, мал-жан аман

ба?" деп жөн сұрасады.  Иә, өмірді мәнді-

мағыналы, ұзақ сүру үшін денсаулық ал-

ғашқы орында тұрады. Елбасымыз әр

жылғы халыққа жолдауында денсаулық

сақтау саласына ерекше тоқталып өтеді.

Дамудың даңғыл жолымен жүріп келе

жатқан Қазақстан үшін, халық денсау-

лығы - елдің басты байлығы.

2014 жылға облыстың денсаулық

сақтау саласын қаржыландыру құрылыс-

пен қоса алғанда 33401,0 млн. теңге қа-

ралып, игерілген. 12 медициналық ұйым-

дардың күрделі жөндеу жұмыстарын

жүргізуге облыстық бюджет есебінен

1218,3 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңда он

нысанның жөндеу жұмыстары толығы-

мен аяқталған, ал екі объектінің жұмыс-

тары 2015 жылы жалғасын табатын

болады. Бұл туралы облыстық коммуни-

кациялар орталығында кезекті есебін

берген облыстық денсаулық сақтау бас-

қармасының басшысы Сапар Құтты-

байұлы мәлімдеді.

Қазіргі таңда медицина саласы заман

талабына сай дамып келе жатқанымен,

мамандардың жетіспейтіндігі жасырын

емес. Халықты жұмыспен қамтуды ең

басты мәселе ретінде қарастырған Ел-

басымыздың "Жұмыспен қамту - 2020"

жол картасы бағдарламасы қарқынды

жүзеге асып келе жатқаны белгілі. Адам

денсаулығының жақсы болуы асқан жа-

уапкершілікті талап етеді десек, С.Рах-

меншеев 2012-2014 жылдары аудандық,

ауылдық емдеу - алдын алу ұйымдарына

жалпы 254 жас маман-дәрігер жұмысқа

қабылданғанын айтып өтті.

Денсаулыққа бей-жай, жүрдім-бар-

дым қарау кейде орны толмас олқы-

лықтарға әкеп соқтырып жатады. Бұл са-

лада Гиппократ антына берік, адам жа-

нының арашасы бола білетін, ақ халатты

абзал жандардың атқарып жатқан еңбегі

зор.


Сондай-ақ, баяндама барысында бас-

қарма басшысы 2014 жылды қорытын-

дылай келе, Елбасының "100 мектеп, 100

аурухана" бағдарламасы шеңберінде:

"Қызылорда қаласы 200 төсектік перина-

талдық орталығының құрылысы толығы-

мен аяқталып, пайдалануға берілді. Ша-

һарымызда 200 төсекке арналған көп-

бейінді балалар ауруханасының құ-

рылысын бастауға 300 млн. теңге бөлініп,

жұмыстар жүргізілуде, аяқталу мерзімі

2016 жылға жоспарланған" - дейді бас-

қарма басшысы.

Ұрпағы сау елдің ғана болашағы ке-

мел. Ал дені сау ұрпақты дүниеге алып

келу үшін тек анасы ғана емес, қоршаған

ортасы және отбасы жауапты. Дүниеге ке-

летін сәби мен ананың денсаулығына

жауапты ақ халатты абзал жандардың жа-

сап жатқан еңбектері аз емес. Соңғы

жылдары өңірімізде бала туу көрсеткіші

артып келеді. Басқарма басшысының

айтуынша, 2014 жылдың қорытындысы

бойынша 19991 нәресте дүниеге келіп,

өткен жылмен салыстырғанда бала саны

717-ге артқан.

Жиын соңында С.Құттыбайұлы бас-

тапқы медициналық-санитарлық көмек-

тің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту

мақсатында Арал ауданының Сексеуіл

кентінде 100 ауысымдағы ауылдық емха-

наның, Жаңақорған ауданындағы ем-

хананың, облыстық балалар ауруха-

насының құрылысын жалғастыру, облыс

көлемінде күндізгі станционар төсек-

терін көбейту, амбулаториялық деңгейде

науқастарды тегіс дәрі-дәрмектермен

қамтасыз ету сынды 2015 жылға қойыл-

ған міндеттерді атап кетті.

Адамның ұзақ та сапалы өмір сүруі

үшін оның әр ағзасының атқаратын қыз-

меті ерекше. Сүйекті сырқыратып, бал-

тырды сыздататын аурудан емделген

жақсы. Дегенмен, "сақтансаң, сақтай-

мын" демекші, әр адам өз денсаулығына

жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір

салтын ұстануы қажет.



  1   2   3


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал