Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер



бет38/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85
Экономикалық және әлеуметтік тиімділік.
Күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділік.
Қойылған міндеттерді шешу ҚР аумағында аурулардың пайда болу және таралу тәуекелдерін төмендетуге, эпизоотиялық және эпидемиологиялық салауаттылықты сақтауға ықпал етеді, адамдардың зооантропоноздық аурулармен сырқаттануын төмендетуге мүмкіндік береді. "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында" атап өтілгендей, ҚР-да 2017 жылы жіті инфекциялық аурулардың 143 ошағы тіркелді, соның нәтижесінде Қазақстанның бірқатар облыстары үшін мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға тыйым салынды. Осыған байланысты, эпизоотиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізу, жануарлар ауруларының пайда болуы және инфекциялардың одан әрі таралу қаупін бағалау, оларға қарсы күрестің неғұрлым тиімді құралдары мен әдістерін әзірлеу, жекелеген аса қауіпті инфекциялар бойынша елдің қолайлылығы мәртебесін алу үшін Халықаралық Эпизоотиалық Бюро (ХЭБ) ғылыми комиссиясының қарауына құжат әзірлеп ұсынуға және бұл республиканың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Деректемені беру және жеке декларациялау кезінде Халықаралық Эпизоотиалық Бюро ХЭБ-тің міндетті талабы (1.6-тарау, 1.6.1-бап) деректемені беретін елдің ғылыми ұйымы мониторингінің нәтижелерін пайдалана отырып, күрестің ғылыми негізделген ұлттық бағдарламасын әзірлеу болып табылатынын атап өткен жөн. Сондықтан, бағдарламаның міндеттерін айқындаған кезінде жекелеген инфекциялар бойынша зерттеулер нәтижелері Қазақстан Республикасының аумағының қолайлылығы мәртебесін алу үшін өтінім жасау, аумақтың эпизоотологиялық жағдайын айқындау және эпизоотияға қарсы іс-шараларды әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.
Күтілетін экологиялық тиімділік.
Аса қауіпті инфекциялық аурулар кезінде эпизоотияға қарсы іс-шараларды енгізу жер үсті жануарларының кодексіне сәйкес ХЭБ тізіміне енгізілген жануарлардың жекелеген аурулары бойынша Қазақстан Республикасы аумағының қолайлылығы мәртебесін алуға мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік азық-түлік ұйымының (ФАО) болжамдары бойынша 2050 жылға қарай антибиотиктерге төзімділік проблемасына байланысты жиынтық шығындар әлемдік Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) 8% құрайды, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) адам ағзасына бактерияға қарсы препараттардың қалдық мөлшерінің түсуі проблемасын жаһандық қауіп ретінде қарастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет