Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет35/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85
2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Инновациялық аквакультура технологияларын әзірлеу және енгізу арқылы Қазақстанда балық өндірісінің әлеуетін арттыру» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған № 20 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Инновациялық аквакультура технологияларын әзірлеу және енгізу арқылы Қазақстанда балық өндірісінің әлеуетін арттыру.

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Қазақстанның түрлі аймақтарында тауарлы көлдер балық өсіру жағдайында бағалы балық түрлері тұқымдарын қалыптастыру мен ұстаудың тиімді биотехникалық әдістерін әзірлеу және енгізу.
2.1.1.2. Биоәртүрлігің және экологияны сақтай отыра көлді-тауарлы балық щаруашылықтарының оптимальды модельдерін құру және жүргізу үшін солтүстік және орталық Қазақстан жағдайларында аналық табындардың тиімді биотехникалық әдістерін зерттеу.
2.1.1.3. Қазақстандағы балық өсіру кәсіпорындары жағдайында перспективалы бағалы балық түрлерін (бекіре будандары, түсті форелі) өнеркәсіптік өсірудің тиімді технологияларын әзірлеу және енгізу.
2.1.1.4. Дәруменді-микроэлементті кешенді қосқанда балық өсіруге пробиотикалық жем қоспасын енгізуді ғылыми негіздеу және оның өсуіне, дамуы мен өнімділігіне әсерін зерделеу.
2.1.1.5. Солтүстік және Орталық Қазақстан жағдайларында аналық табындарды қалыптастыру мен ұстаудың тиімді биотехнологиялық тәсілдерін зерделеу.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Қазақстанның түрлі аймақтарында тауарлы көлдер балық өсіру жағдайында бағалы балық түрлері тұқымдарын қалыптастыру мен ұстаудың тиімді биотехникалық әдістерін әзірлеу және енгізу керек.
4.1.1.2. Биоәртүрлігің және экологияны сақтай отыра көлді-тауарлы балық щаруашылықтарының оптимальды модельдерін құру және жүргізу үшін солтүстік және орталық Қазақстан жағдайларында аналық табындардың тиімді биотехникалық әдістерін зерттеу.
4.1.1.3. Қазақстандағы балық өсіру кәсіпорындары жағдайында перспективалы бағалы балық түрлерін (бекіре будандары, түсті форелі) өнеркәсіптік өсірудің тиімді технологияларын әзірлеу және енгізу керек.
4.1.1.4. Дәруменді-микроэлементті кешенді қосқанда балық өсіруге пробиотикалық жем қоспасын енгізуді ғылыми негіздеу және оның өсуіне, дамуы мен өнімділігіне әсерін зерделеу керек.
4.1.1.5. Солтүстік және Орталық Қазақстан жағдайларында аналық табындарды қалыптастырудың және күтіп-ұстаудың тиімді биотехнологиялық тәсілдері зерделенуі тиіс.
2 патент алу керек, оның ішінде
- Қазақстанның балық өсіру кәсіпорындары жағдайында балықтардың бағалы перспективті түрлерін (бекіре будандары, құбылмалы бахтах (форель),) индустриялық өсірудің тиімді технологиялары бойынша Евразиялық патенттік мекемесінің 1 патенті;
- көлдегі тауарлы балық өсіру шаруашылықтарында (КТБШ) құнды балық түрлерінің (тұқы және сиг тәрізділер) аналық табындарын қалыптастырудың және күтіп-ұстаудың биотехникалық тәсілдері бойынша 1 патент.
Әзірлеу және жариялау керек:
- Қазақстанның әр түрлі өнірлерінде көлдегі тауарлы балық өсiру шаруашылықтарында (КТБШ) құнды балық түрлерінің (тұқы және сиг тәрізділер) аналық табындарын қалыптастыру мен ұстаудың тиімді биотехникалық тәсілдері бойынша әдістемелік ұсыным.
- дәруменді-микроэлементтік кешенді қоса отырып, пробиотикалық азықтық қоспаларды пайдалану және оның өсуге, дамуға және өнімділікке әсерін зерттеу бойынша әдістемелік ұсынымдар;
- Биоәртүрлігің және экологияны сақтай отыра көлді-тауарлы балық щаруашылықтарының солтүстік және орталық Қазақстан жағдайларында тиімді биотехникалық балық өсіру әдістемелік ұсынымдар.
Жас мамандарды тарту керек, оның ішінде кем дегенде 4 PhD докторант және 8 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар  шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда кем дегенде Q3 дәрежедегі 2 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарында кемінде 9 мақала жариялау керек.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік тиімділік.
Индустриялық жағдайларда және көлдік-тауарлы балық шаруашылығы (КТБШ)-да отандық бәсекеге қабілетті балық өнімдерін өсіру ішкі нарықты балықтың бағалы түрлерімен (албырт, бекіре, тұқы балықтары) молықтыруға ықпал ететін болады, бұл импортты алмастыру көлемін арттырады, жаңа өндірістер құрады, Қазақстан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырады. Балық өнімдері бойынша республиканың экспорттық әлеуетін едәуір ұлғайту мүмкіндігі пайда болады (қазіргі 30,0 мың тоннадан шамамен 60 млн. 6 кг-нан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДСҰ) ұсынған 16 кг нормаға дейін халықтың жан басына шаққандағы сапалы балық пен балық өнімдерін тұтыну, бұл адамдардың өмір сүру ұзақтығын арттыруға ықпал етеді. Акваөсіру жобаларының ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін енгізу тауарлық балық өсіру тиімділігін 12% - ға дейін, балық отырғызу материалын өндіру тиімділігін 25% - ға дейін арттырады; өндірілетін балық өнімі сапасының көрсеткіштері жақсарады, перспективті балық түрлерін (бекіре тұқымдас будандар, құбылмалы бахтах) индустриялық балық өсірудің жоғары технологиялық тәсілдерінің үлесі артады.
Бағалы балық түрлерін өсірудің экономикалық тиімді технологияларын әзірлеу басқа елдердің ұқсас балық өнімдерімен бәсекелесуге мүмкіндік береді.
Экологиялық әсері.
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына сәйкес, балық өнімдерін өндіру акваөсіру экологиялық таза технологияларын пайдалануға бағытталған. КТБШ-да бағалы балық түрлерінің аналық ауыстыруды құру бағалы балық түрлерінің биологиялық әртүрлілігін сақтаудың маңызды проблемаларын шешуге, акваөсіру жағдайында өсірілген балық өнімдерінің тұтыну нарығының көлемін ұлғайту кезінде олардың табиғи су қоймаларынан кәсіпшілігін азайтуға ықпал ететін болады. Көл-тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының технологиясы бойынша алынатын органикалық таза балық өнімдерін өндіру жоғары сапалы, экологиялық таза тамақ өнімі болып табылады және экспорт нысанасы бола алады. Органикалық балық өсіру қарқынды аквакультурамен байланысты адам денсаулығына қауіпті азайтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет