Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер



бет73/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85
Күтілетін экологиялық әсер
Жобалардың тиімділігіне жалпы бағалауды қалыптастыру кезінде оларды тікелей есепке ала отырып, қаржылық көрсеткіштерде экологиялық әсерлерді көрсету ауыл шаруашылығының теңгерімді, тұрақты дамуына бағытталған жобаларды таңдауға ықпал етеді.



2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын сақтауды және молықтыруды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету» ғылыми-зерттеу жұмысына
1 Техникалық тапсырма
1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Ауыл шаруашылығындағы (жер, жайылым, су) табиғи ресурстарды тиімді орнықты басқару.
2. Бағдарлама мақсатты мен міндеттері.
2.1. Бағдарлама мақсаты: Ауыл шаруашылығында табиғи ресурстарды сақтау мен молықтыруды қамтамасыз ету.
2.1.1. Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орындалуы тиіс:
2.1.1.1. Ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарлылығын сақтау мен арттыру, тозған жерлерді мелиорациялау және жерді ұтымды пайдалану тәсілдерін әзірлеу.
2.1.1.2. Қазақстанның жеміс аймақтарының бақшаға жарамды жерлерінің картасын әзірлеу.
2.1.1.3. Қазақстанның батпақты және тұзды жерлерінің дерекқорын құру.
2.1.1.4. Қазақстанның егістік жерлерінің батпақтану проблемасын шешу жөнінде ғылыми-әдістемелік ұсыным әзірлеу.
2.1.1.5. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жайылымдық жерлерді оңтайлы пайдалану.
3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтарын шешеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.
4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер:
4.1.1.1. Өңірлердегі топырақ құнарлылығының әлеуетін және өңделетін дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты агроландшафттық егіншілік жүйесінде негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының берілген түсімдерін қалыптастыру модельдері құрылуы тиіс.
4.1.1.2. Қазақстанның жеміс аймақтарының бақшаға жарамды жерлерінің картасы әзірленуі тиіс.
4.1.1.3. Батпақты және сортаңданған жерлердің қазіргі ахуалына талдау жасалуы, батпақты және сортаңданған жерлердің деректер базасын жасауы тиіс. Сулы-батпақты жерлерді құрғату мелиорациясын жүргізу және оларды одан әрі пайдалану үшін тұзды жерлерді жуу жөнінде ұсынымдар әзірленуі тиіс.
4.1.1.4. Қазақстанның солтүстік өңірлерінде егістік жерлердің батпақтану проблемасын шешу жөнінде ғылыми-әдістемелік ұсыным әзірленуге тиіс.
4.1.1.5. Жайылымдық алқаптардың топырақ-ақпараттық жүйесі (Талдықорған, Орал, Қызылорда, Павлодар, Түркістан қалаларының азық-түлік белдеуі) құрылуы, 1:200000 масштабтағы 5 топырақ картасы, жайылымдық алқаптардың топырақ деректерінің базасы жасалуы тиіс. Жемшөп алқаптарына кешенді зерттеу, жайылымдардың оты-суының молдығын есептеу жүргізілуі тиіс, зерттелетін өңірлердің жайылымдық алқаптарын қалпына келтіру тәсілдері мен ұсынымдар әзірленуі тиіс.
Кемінде 3 ұсыныс әзірленуі, 3 өндірістік сынақ актісі алынуы керек.
Жас мамандар, оның ішінде кемінде 2 магистрант және 1 докторант тартылуы тиіс.
1 (бірінші) немесе 2 (екінші) немесе 3 (үшінші) Web of Science квартильіне кіретін және (немесе) Scopus базасында Cite Score бойынша процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 мақала және БҒССҚК ұсынған отандық басылымдарда кемінде 4 мақала жариялануы тиіс.


2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде «Суарудың жаңа жерлерін енгізу, қолданыстағы суару жүйелерін реконструкциялау және жаңғырту кезіндегі суарудың технологиялары мен техникалық құралдары» ғылыми-зерттеу жұмысына арналған № 2 Техникалық тапсырма

1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Ауыл шаруашылығындағы табиғи ресурстарды (жер, жайылым, су) тиімді тұрақты басқару.

2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Суару және мелиорацияның қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын қолдану кезінде ирригациялық жүйелердегі су ресурстарын тиімді пайдалану және басқару.

2.1.1. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
- суарудың суды үнемдеу технологияларын ендіру барысында су ресурстарын пайдалануды оңтайландырудың ғылыми-технологиялық негіздемесі;
- ҚР оңтүстік өңірінің суармалы егіншілігін дамыту үшін перспективалы сумен қамтамасыз етілген аумақтардың ғарыштық және жерүсті мониторингі жүйесін құру;
- өзендер бассейндерінде су ресурстарының қалыптастыруды ескере отырып, гидрологиялық ақпарат негізінде суару жүйелерінде су таратуды теңгерімді басқарудың қағидалары мен әдістерін әзірлеу;
- шалғайдағы жайылымдардың су ресурстарын тиімді пайдалану үшін ұтқыр тұщыландыру қондырғысын әзірлеу және енгізу;
- Қазақстан Республикасының суармалы агроландшафтарының топырақ әлеуетін басқару бойынша энергиялық тиімді мелиоративтік технологияларды әзірлеу және оңтайландыру;
- еріген және тасқын суларды резервтеудің және ұтымды пайдаланудың технологиялық процесін пысықтау;
- Қазақстанның солтүстігінің суармалы жерлерінде жем-шөп дақылдарының жоғарғы өнімді агрофитоценоздарын қалыптастыру;
- Қазақстанның солтүстігінің суармалы жерлерінде астық дақылдарды өсіру технологиясын игеру.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтарын шешеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер:
Суаруға қол жетімді су ресурстары көлемдерінің өзгеру тенденцияларын болжамын беру керек.
Суарудың суды үнемдеу технологияларын пайдалануды дамыту болжамын беру керек.
Шаруашылық жүргізу қызметін күшейту және климаттың өзгеруі жағдайларында су ресурстарын басқару және тиімді пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеу керек.
Суармалы егіншілік үшін болашағы зор болатын суармалы аумақтар мен жерлердің мәліметтер базасын құру керек.
Суармалы аумақтардың алқаптарын және суаруға болашағы зор болатын алқаптарын тиімді пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Суару үшін болашағы зор болатын суармалы аумақтар мен алқаптардың интерактивті картасын құру керек.
Гидрологиялық ақпарат негізінде су ресурстарын басқару басқару бойынша АЖ бағдарламалық өнімін жасау керек.
Суды пайдаланудың бекітілген жоспарларын, ережелерін, нормаларын және режимдерін ескеріп, су тепе-теңдігі есептеулерін құрастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу керек.
Каналдар мен суару жүйелеріндегі судың сүзілуге және булануға кететін шығындарын қысқарту, олардағы тиімсіз қашыртқы сулары бойынша ұсынымдар жасау керек.
Тұзды суларды пайдағасыру технологиясын жасау керек.
Жасалған мобильді тұшыландыру қондырғысының конструкторлық құжаттамасын дайындау керек.
Жасалған мобильді тұшыландыру қондырғысын пайдаланудың технологиялық регламенті және мобильді қондырғының тәжірибелік үлгісін әзірлеу керек.
Жасалған мобильді тұшыландыру қондырғысын пайдалану және пайдаға асырылған тұзды суларды қолдану бойынша ұсынымдар жасау керек.
Алқабы 50 мың га болатын отарлы жайылымдарда мобильді тұшыландыру қондырғысын ендіру керек.
Суармалы агроландшафтардың топырақтық әлеуетін басқару бойынша мелиоративтік шараларының энергетикалық бағалаудың әдістемесін жасау керек.
Суармалы жерлердің химиялық мелиорациясын жүргізудің энергиялық тиімді болатын технологиясын жасау, суармалы жерлердің су мелиорациясын жүргізудің энергиялық тиімді болатын технологиясын жасау, суармалы жерлердің агротехникалық мелиорациясын жүргізудің энергиялық тиімді болатын технологиясын жасау керек.
Суармалы жерлерде энергиялық тиімді болатын технологияларын пайдаланып, химиялық мелиорацияны жүргізу бойынша ұсыныстар жасау, суармалы жерлерде энергиялық тиімді болатын технологияларын пайдаланып, су мелиорациясын жүргізу бойынша ұсыныстар жасау, суармалы жерлерде энергиялық тиімді болатын технологияларын пайдаланып, агротехникалық мелиорацияны жүргізу бойынша ұсынымдар жасау керек.
Еріген және тасқын суларының резервтеу аймақтарын анықтау үшін мәліметтер базасын (дерекқор) құру керек. 
Еріген және тасқын суларын резервтеу үшін шағын су қоймаларының орналасатын жерін және конструктивтік ерекшеліктерін игеру керек.
Еріген және тасқын суларын резервтеу үшін шағын су қоймаларының тиімді орналасуының интерактивтік картасын жасау керек.
Күздік қара бидайдың, күздік тритикаленің, күздік сиыржоңышқасымен, жаздық рапспен және сұлымен бірге өнімділік процесін қалыптастыру заңдылықтарын жасау керек.
Шабындыққа себу үшін мал азықтық дақылдарды таңдау және суды үнемдеп суару жағдайларында оларды өсіру агротехникасын жасау керек.
Солтүстік Қазақстанның суармалы жерлерінде аралық дақылдарды өсіру технологиясын ендіру бойынша ұсынымдар әзірлеу керек.
Солтүстік Қазақстанда суармалы жерлерінде астық дақылдарды суару технологиясын жасау керек.
Астық дақылдарды таңдау және суды үнемдеп суару жағдайларында оларды өсіру агротехникасын жасау керек.
Солтүстік Қазақстанның суармалы жерлерінде астық дақылдарды өсіру технологиясы бойынша ұсынымдар жасау керек.
33 мақала жариялау керек, оның ішінде 20 мақала квартилге (Q1, Q2, Q3, Q4) кіретін және/немесе 30 (отыз) кем кем болмайтын процентилі болатын ғылыми басылымдарында жариялау керек.

4.2. Түпкілікті нәтижелер:
Бағдарламаның әлеуметтік әсері ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету, еңбек жағдайларын жеңілдету, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және ауыл тұрғындарының қалаларға қоныс аударуын азайту, қосымша жұмыс орындарын құру мүмкіндігі, жергілікті тұрғындар арасында сырқаттанушылық деңгейін төмендету болып табылады.
Бағдарламаның экономикалық тиімділігі, бағдарламаны орындау: суармалы судың өнімділігін; еңбек өнімділігін; қазіргі заманғы технологияларды қолдану кезінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі мен сапасының өсуін; су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін; тұрақты суарылатын жерлердің сумен қамтамасыз етілетін ауданын; суландырылған жайылымдар аймағының таралу ареалын 36%-ке; шалғайдағы мал шаруашылығының азықтық базасын 1,65 есеге; суармалы агроландшафттардың әлеуетін және суармалы жерлердің құнарлылығын 20-25%-ке арттыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламадан күтілетін экологиялық тиімділіктер, суармалы егіншілік аймағына су үнемдеу технологияларын енгізу кезінде экологиялық жағдайды тұрақтандыру мен жақсарту, су бұру мөлшерлерін және су ресурстарының ластану қарқынын төмендету; су алуды қысқарту есебінен су ресурстарының сарқылу қарқындылығын азайту, суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін арттыру.


2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде «Өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша органикалық ауыл шаруашылығын жүргізу технологияларын әзірлеу, цифрландыру және экспорт» ғылыми-зерттеу жұмысына арналған
1 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама үшін мамандандырылған бағыттың атауы (бұдан әрі – бағдарлама): Органикалық ауыл шаруашылығы.

2. Бағдарлама мақсаты мен міндеттері:
2.1. Бағдарлама мақсаты: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің органикалық өндірісін технологиялық дамытуды ғылыми қамтамасыз ету.

2.1.1. Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орындалуы тиіс:
2.1.1.1. Органикалық өнімге сұраныс бар елдердің нарықтарындағы баға жағдайы туралы сенімді ақпараты бар өткізу нарықтарын талдау;
2.1.1.2. Жеміс-жидек ауысымды биологиялық ауыспалы егіс айналымында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларын әзірлеу;

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтарын шешеді:
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы.
«Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» 2030 жылға қарай суармалы жер көлемін 3 млн.гектарға дейін ұлғайту және ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің 4,5 есе өсуін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы біз елімізде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін айтарлықтай әлеуетке иеміз.
Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»атты Қазақстан халқына Жолдауы.
Мемлекет Басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Стратегия» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Жолдауы (экономиканы «көгалдандыру», қоршаған ортаны қорғау).
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы».
ҚР АӨК дамытудың 2017– 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен қағидаттары: органикалық өнім өндірісін дамытуды қамтамасыз ету.
2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы. Суармалы егіншілікті дамытудың 2028 жылға дейінгі жоспары.
«Органикалық өнім өндіру туралы» ҚР Заңы (2015 жылғы 27 қарашадағы №423-V ҚРЗ).

4. Күтілетін нәтижелер
4.1. Тікелей нәтижелер:
4.1.1.1. Өткізу нарықтарына органикалық өнімге сұраныс бойынша, осы елдердің нарықтарындағы баға жағдайы бойынша нақты ақпаратпен талдау жүргізілуі тиіс;
4.1.1.2. Жеміс-жидекті биологиялық ауыспалы егіс айналымдарында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу технологиялары әзірленіп енгізілуі тиіс; Биологияландырудың әртүрлі құралдарын (биоайтқыштар, биостимуляторлар, органикалық тыңайтқыштар, топырақ жақсартқыштар, биологиялық қорғау құралдары) әзірлеу тиіс.

Елдердің әртүрлі агроэкологиялық аймақтарындағы базалық (модельдік) шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің рентабельді топырақ, ресурс үнемдейтін технологияларын бейімдеу зерделенуі тиіс.


4 көрсетілім алаңы (дәнді, майлы, көкөніс және жеміс-жидек дақылдары бойынша) құрылуы тиіс.
6 республикалық семинар-кеңес өткізілуі тиіс.
Ресей Федерациясының, швейцариялық органикалық егіншілік институтының (FIBL), «Bio Energy LT» ЖАҚ (Жабық Акционерлік Қоғамы) (Литва) тәжірибесі талданып, зерделенуі тиіс.
Антропогенді фактор әсерінен ауыл шаруашылығы алқаптарының Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарының агроэкологиялық жай-күйіне баға берілуі және әртүрлі деңгейлер бойынша топырақ пен ауыл шаруашылығы алқаптарының ластану дәрежесі айқындалуы тиіс.
БҒССҚК ұсынған журналдарда 4 мақала және 2 Scopus (Q3) пәнаралық журналдарында нөлдік емес импакт-фактормен жарыққа шығады.
Жас мамандар, оның ішінде 1 PhD докторант, 2 магистрант және 3 бакалавр тартылуы тиіс.

4.2. Соңғы нәтиже:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет