Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


Жобаның ғылыми жаңашылдығы және маңыздылығы [1500 сөзден артық емес]



бет10/19
Дата15.10.2022
өлшемі118,27 Kb.
#43296
түріКонкурс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
566850c5ae7bd7f5402cab5710112e0e original.121106

3. Жобаның ғылыми жаңашылдығы және маңыздылығы [1500 сөзден артық емес]
Бөлімде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) жобаны әзірлеудің алғышарттары (бар болса, алдын ала нәтижелер және (немесе) жоба тақырыбына қатысты өтінім беруші бұрын алған нәтижелер көрсетіледі);
2) мұның алдында әлемде және Қазақстан Республикасында жүргізілген, зерттелетін тақырыпқа жататын ғылыми зерттеулерге, білімнің қазіргі жеткіліксіздігіне міндетті шолу жасай отырып, жобаның ғылыми жаңашылдығының негіздемесі және олардың осы жобамен өзара байланысы (мәнмәтінде шолуда пайдаланылған әдебиетке сілтемелер көрсетілуге тиіс, оның толық жазылуы «Библиография» деген 8-бөлімде ұсынылуға тиіс), жобаның күтілетін нәтижелерін белгілі қолда бар аналогтармен салыстыру;
3) жоба нәтижелерінің маңыздылығын негіздейтін ғылыми және технологиялық қажеттіліктер (бар болса, әлеуметтік сұранысты және (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделілікті, басқа да растайтын деректерді енгізу), жобаның ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңыздылығы, оның нәтижелерінің экономиканың, ғылымның және (немесе) қоғамдық қатынастардың тиісті саласын дамыту үшін қолданылуы;
4) жобаның ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми-техникалық әлеуеттің деңгейіне, ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының бәсекеге қабілеттілігіне әсері, жобаның нәтижелерінен күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер, күтілетін әсерге қол жеткізу үшін қажетті шарттар.
Осы бөлімді сипаттау кезінде мынадай позициялардың сипаттамасына назар аудару қажет:
1) жоба идеясының қазіргі аналогтардан қағидаттық сипаттағы айырмашылықтары. Егер зерттеу идеясы немесе нәтижесі әлемде және (немесе) Қазақстанда бар болса, онда жобаның артықшылығы неде және ол неге қаржыландырылуға тиіс екенін негіздеу қажет;
2) егер жобаның түпкілікті нәтижесі өнім болса, онда жоба шеңберінде ұсынылатын өніммен салыстыра отырып, жобаның пәндік саласындағы техниканың қазіргі уақытта қалыптасқан деңгейін сипаттау қажет;
3) жоба өтінім беруші бұрын жүргізген ғылыми зерттеулердің жалғасы болып табылатын жағдайда, онда жобаның бұрын жүргізілген ғылыми зерттеулермен өзара байланысын және оның олардан өзгешеліктерін қысқа әрі нақты баяндау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет