Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


Зерттеу ортасы [750 сөзден артық емес]



бет12/19
Дата15.10.2022
өлшемі118,27 Kb.
#43296
түріКонкурс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
566850c5ae7bd7f5402cab5710112e0e original.121106

6. Зерттеу ортасы [750 сөзден артық емес]
Бөлімде мынадай ақпарат қамтылады:
1) жобаны іске асыру үшін тікелей пайдаланылатын өтінім берушінің қолында бар материалдық-техникалық базаны (жабдықтар, аспаптар, мүкәммал, көлік, ғимараттар, құрылыстар және т. б.), оны пайдалану бағытын және ғылыми-зерттеу жабдығымен жұмыс істеу дағдысы бар зерттеу тобының мүшелерін көрсете отырып сипаттау;
2) жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын негізгі отандық және халықаралық байланыстар (коллабораторлар мен жекеше әріптестер), олардың пайдаланылу сипаты мен негіздемесі көрсетіледі. Негіздей отырып, басқа да отандық және шетелдік ұйымдардың (зертханалардың) инфрақұрылымын пайдалану;
3) әрбір ұйымды тарту қажеттілігін негіздеп, оның жобадағы рөлін, орындалатын жұмыстың сипатын, мақсатқа және күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге қосқан үлесін сипаттай отырып, жобаны іске асыруға бөгде ұйымдарды тарту;
4) ұтқырлықты негіздеу: ғылыми іссапарлар және олардың жобаны іске асыруға әсері, әріптес ұйымдар базасындағы жұмыс кезеңдері және олардың жобаны іске асыруға әсері. Әрбір шетелдік іссапар үшін іссапардың мақсаты, күтілетін нәтижесі және орындаушының жобаның мақсатына қол жеткізуге қосқан үлесі қысқаша көрсетіледі.
7. Сұратылатын қаржыландырудың негіздемесі (1500 сөзден артық емес).
Бөлімде мынадай ақпарат қамтылады:
1. 2-кестеге сәйкес жоба (бюджет) бойынша жиынтық есеп. Жобаның бюджетін жобаның ғылыми жетекшісі жұмыс жоспарына сәйкес бөледі және оны осы жобаға байланысты емес шығыстардың өзге баптарына бағыттауға болмайды.
«Еңбекке ақы төлеу (салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда)» деген бапта 3-кестеге сәйкес постдокторанттарды, сондай-ақ қаржылық-экономикалық және заңдық сүйемелдеуді жүзеге асыратын адамдарды қоса алғанда, жобаның зерттеу тобының мүшелеріне еңбегі үшін сыйақы ретінде төлеуге жататын шығыстар жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарнасы ескеріле отырып көрсетіледі. Есеп-қисапта өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерден басқа, демалысақылар да ескеріледі. Бапта әлеуметтік салықты, әлеуметтік сақтандыруды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге жұмсалған шығыстар да көрсетіледі.
«Қызметтік іссапарлар» деген бапта 4-кестеге сәйкес конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысуды, басқа ұйымдардың инфрақұрылымын пайдалану үшін баруды қоса алғанда, зерттеулер жүргізумен тікелей байланысты Қазақстан Республикасының шегінде және оның шегінен тысқары жерге іссапарлардың барлық шығыстары көрсетіледі (билеттер бойынша (авто, теміржол, әуе билеттері) қызмет көрсететін компаниялардың сайттарынан баға ұсыныстарын, іссапарлар жоспарын қоса беру керек). Аталған кестені толтыру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені және «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысын басшылыққа алу қажет.
«Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу, басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар» деген бапта 5-кестеге сәйкес орындаушының кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алатын, нәтижесі жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде (1) ұжымдық ғылыми зертханалар мен басқа да зертханалардың көрсетілетін қызметтеріне, (2) бірлесіп орындаушы ұйымдардың көрсетілетін қызметтеріне, (3) конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға және басқаларға қатысу үшін ұйымдастырушылық жарналарға, (4) жобаның нәтижесінде алынған ғылыми нәтижелерді патенттеуге, (5) зерттеу нәтижелерін жариялауға, (6) талдамалық материалдарды сатып алуға арналған шығыстар көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысын және (немесе) прайс-парақты қоса беру керек). Жобаны іске асыруға қатысатын шетелдік ғалымдар зерттеу тобының мүшелері болып табылатын жағдайда, олардың қатысуға арналған шығыстары «Еңбекке ақы төлеу» деген бөлімде көрсетіледі.
«Материалдар сатып алу (жеке және заңды тұлғалар үшін), жабдықтарды және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу» деген бапта 6-кестеге сәйкес жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті жабдықтар мен материалдарға арналған барлық шығындар мен бағдарламалық қамтылымды сатып алуға арналған шығыстар көрсетіледі, оның ішінде химиялық реактивтер, еріткіштер, стандартты үлгілер, зертханалық шығыс материалдар, ғылыми-зерттеу жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары және басқалар (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысын және (немесе) прайс-парақты қоса беру керек).
«Жалға алу шығыстары, жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары» деген бапта 7-кестеге сәйкес өтінім берушінің тиісті үй-жайы болмаған кезде жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алуға, сондай-ақ жобаны іске асыруға байланысты коммуналдық көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстар, сондай-ақ зерттеу жүргізуге тікелей жұмылдырылған үй-жайларға, жабдықтар мен техникаларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысын және (немесе) прайс-парақты қоса беру керек).
2. 3-7-кестелерге сәйкес шығыстардың әрбір бабына есеп-қисаптар
3. Әрбір шығыстар бабының мазмұны мен көлемінің есебіне олардың жобаның мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажеттілігін міндетті түрде негіздеп, сондай-ақ тиісті шығыстар баптарын есептеуге негіз болған бағалар туралы ақпарат көздерін көрсете отырып, қысқаша түсіндірмелер.
Барлық шығыстар баптарының жалпы сомасы қаржыландыруға сұратылатын соманы білдіреді және «Жалпы ақпарат» деген бөлімнің 1.5-тармағында көрсетілген сомаға барабар болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет