Конрад Аденауэр атындағы Қор


Ауыл шаруашылығы секторының экономикалық және саяси маңызы



Pdf көрінісі
бет111/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   178
Ауыл шаруашылығы секторының экономикалық және саяси маңызы
Ішкі жалпы өнімдегі үлесі 6%-дан аз (1-суретті қараңыз) құрағанына қара-
мастан, ауыл шаруашылығы өндіру өнеркәсібі саласынан кейінгі Қазақстан 
экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады, өйткені ауыл 
шаруашылығында экономикалық белсенді халықтың 15%-дан астамы 
жұмыс істейді және елдің жалпы халық санының 40%-дан астамы ауыл-
дық жерлерде тұрады. Бұл елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси 
тұрақтылықта аграрлық сектордың маңызды рөлін көрсетеді.
Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы күрт континентальды, осыған 
орай аграрлық сектордың өндірістік процестері тосын және бақыланбайтын 


196
Қазақстан экономикасының трансформациясы
табиғи тәуекелдермен, яғни құрғақшылық, жел эрозиясы, көктемгі және 
күзгі үсiк шалулармен байланысты болуы мүмкін. Бұл ретте, агротехни-
калық әдістердің көпшілігі ескірген, бұл өсімдік шаруашылығы және мал 
шаруашылығы өнімдері өнімділігінің төмендеуі мен өндіріс көлемінің 
айтарлықтай ауытқуына алып келеді. Мысалы, қолайлы ауа райына және 
астық дақылдарының жоғары өнімділігіне байланысты 2011 жылы ауыл 
шаруашылығының жалпы өнімінің өсімі 27%-ды құрады. Бұл соңғы бірнеше 
онжылдықтағы көрсеткіштермен салыстырғанда ең жоғары өсім болды, 
дегенмен 2012 жылы осы көрсеткіш 18%-ға дейін төмендеді. Кейінгі жыл-
дары жалпы өндіріс көлемінің өсуі 7–10%-дан аспайтын деңгейде қалды, 
ал 2017 жылы 2016 жылға қарағанда өсу 3% жоғары деңгейін құрады. 
Қазақстанда еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тиімділігін арт-
тыру мақсатында «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін 
дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 
қабылданды. Бастапқы агроөнеркәсіптік өнімдер мен өңдеу өнеркәсібін 
қарқынды дамыта отырып, Үкімет ел экономикасын әртараптандыруды 
және оның өндіруші секторға тәуелділігін төмендетуді мақсат етіп қоюда. 
Сонымен бірге бұрынғыдай астықты ғана өндіруге бағытталмай, аграрлық 
секторды әртараптандыру бойынша күш-жігер жұмсалуда. Экономикада 
бұл азық-түлік өнімдерін өндіру мен экспорттауды ұлғайтуды білдіреді. 
Әлеуметтік саясатта ауылдық өңірлерді дамыту және ауыл халқының өмір 
сүру деңгейін жақсарту басты назарда болады.


197
Қазақстанның аграрлық секторы: проблемалары және даму перспективалары
1‑сурет. Ауыл шаруашылығы өндірісі және оның Қазақстанның жалпы 
ішкі өніміндегі үлесі
26,8
20,4
14,4 15,5 14,8
11,9
8,1
8,7
6,6 6,2 6,2 6,7 5,6 5,2
0
5
10
15
20
25
30
0
1 000
2 000
3 000
4 000
5 000
6 000
7 000
8 000
9 000
10 000
1994 1996 1998 2000 2002 2004 2006 2008 2010 2012 2014 2015 2016 2017
Ауыл шаруашылығы өрімдерінің жалпы шығарылымы, млн $
ЖІӨ ауыл шаруашылығының үлесі, % (оң жақ ось)
Дереккөз: ҚР ҰЭМ‑нің Статистика комитеті, 2018 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет